Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3% ды құрады
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында Мемлекет басшысының экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ы құрағанын атап өтті. Соның ішінде, нақты сектордағы өсім 8,1%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті.
Салалар арасында көлік қызметтері (өсім 21,2%-ға), құрылыс (14,9%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,3%-ға) ең жоғары өсім көрсетті.
«Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етті», — деді Азамат Амрин
Министр сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгені құрағанын айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:118
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 11:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















