Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қазақстанда кімдер амнистияға ілігуі мүмкін екені айтылды

Қазақстанда кімдер амнистияға ілігуі мүмкін екені айтылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңі әділеттілік, гуманизм және адамның қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарын бекітіп, бұл елдің құқықтық жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды негізі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Амнистия қылмысқа жұмсақтық таныту емес, мемлекеттік саясаттың гуманистік және жасампаздық бағытын көрсететін ерекше құқықтық акт. Оның негізгі мақсаты – құқық бұзушылық жасаған, бірақ қоғамға айтарлықтай қауіп төндірмейтін адамдардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау. Мемлекет мұндай азаматтардың қоғамдық, еңбек және экономикалық өмірге толыққанды оралуына кедергі келтіретін құқықтық және қаржылық кедергілерді азайтуды көздейді.

Президенттің осы тапсырмасын іске асыру үшін Мәжіліс депутаттары жекелеген санаттағы құқық бұзушылықтар бойынша амнистия туралы заң жобасын әзірледі. ІІМ басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, құжат жобасын талқылау жөніндегі жұмыс топтарына белсенді қатысуда.

Амнистия қылмыстық та, әкімшілік те құқық бұзушылықтарға қатысты. Айта кету керек, тәуелсіз Қазақстан тарихында әкімшілік амнистия алғаш рет өткізілгелі отыр.

ІІМ желісі бойынша қылмыстық амнистия қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарға қолданылады. Сондай-ақ ол ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталған, залал келтірілмеген немесе толық өтелген жағдайда қолданылуы мүмкін. Адамдардың жекелеген санаттары үшін қылмыстың ауырлығына және сотталғанның тәртібіне байланысты жаза мерзімін қысқарту көзделген.

– Қылмыстық амнистия шаралары 15 мыңнан астам адамға, соның ішінде түзеу мекемелеріндегі 1,5 мың сотталғанға қатысты болуы мүмкін. Заң жобасы белгіленген нормаларды сақтауға және заңға бағынатын өмір салтын ұстануға дайын екенін дәлелдеген азаматтарды қоғамға қайтаруға жағдай жасауға бағытталған.

Сонымен қатар амнистия өткізу қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірмейді, себебі заң жобасында нақты шектеулер мен ерекшеліктер көзделген. Амнистияның күші террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық қылмыстар, ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамында жасалған әрекеттер, азаптау, сондай-ақ жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды.

Бұдан бөлек, амнистия рецидив жағдайларында қолданылмайды. Осылайша құжат ауыр және қоғамға қауіпті әрекеттер үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын сақтайды: құқық бұзушылық қайта жасалған жағдайда жауапкершілік шаралары жалпы негіздерде қолданылады, – деді ІІМ заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаменті бастығының орынбасары Ермек Шүлден.

Өз кезегінде кең ауқымды әкімшілік амнистия 15 мемлекеттік органның құзыретіне жататын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 263 бабын қамтиды.

Әкімшілік амнистия аясында азаматтарды, жеке кәсіпкерлерді, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдарды (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушыларды) 2026 жылғы 17 наурыз сағат 24:00-ге дейін жасалған құқық бұзушылықтар үшін орындалмаған әкімшілік айыппұлдардан босату көзделеді.

Бұл шара халық пен кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жүктемесін азайтуға, сондай-ақ олардың одан әрі экономикалық белсенділігін ынталандыруға бағытталған. Тек ІІМ желісі бойынша бұл шара 17 млрд теңгеден астам сомаға шамамен 1 млн әкімшілік айыппұлды қамтиды.

– Бұл ретте әкімшілік амнистия теңгерімді сипатқа ие және адамдардың өмірі мен қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарға қолданылмайды. Олардың қатарында қару мен есірткінің заңсыз айналымы, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу (мас күйде көлік жүргізу, қарсы жолаққа шығу және жүргізуші куәлігінен айыруға әкеп соққан басқа да бұзушылықтар), сондай-ақ қайталанған құқық бұзушылықтар мен соттар қарайтын істер бар.

Осылайша әкімшілік амнистия жүргізу қолданыстағы бақылау тетіктеріне және қоғамдық қауіпсіздік деңгейіне теріс әсер етпейді. Жолдарда және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауды бақылау толық көлемде сақталады, – деді спикер.

Ұсынылып отырған заң жобасы гуманизм қағидаттарын және заң мен тәртіп идеологиясын ұштастыра отырып, мемлекеттік саясаттың жүйелілігін көрсетеді. Қазіргі уақытта құжат ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Маусым 2026 20:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see104

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see100

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары