Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қазақстанда жер телімдері бойынша электронды сауда саттық өткізу қағидалары өзгерді

Қазақстанда жер телімдері бойынша электронды сауда саттық өткізу қағидалары өзгерді

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Құжатта бірқатар ұғымдар жаңартылған:

цифрлық жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жүйесі (ЦЖБМКЖ) – жер және құқықтық кадастрлар туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе. Оны жүргізу тәртібі Жер кодексімен және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" заңмен айқындалады;"Цифрлық үкімет" веб-порталы (портал) – нормативтік-құқықтық базаны қоса алғанда, барлық жинақталған мемлекеттік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру қызметтеріне, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық форматта көрсетілетін қызметтеріне бірыңғай қолжетімділік терезесі болып табылатын цифрлық жүйе;"Цифрлық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық қызметтер көрсету мәселелері бойынша, өтініштерді қараушы органдарға жүгіну және дербес деректерді пайдалану жөніндегі ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған веб-порталдың құрамдас бөлігі.

Жер учаскесі сауда-саттыққа (аукционға) шығарылғанға дейін уәкілетті орган қызметкері әрбір объект бойынша келесі жұмыстарды қамтамасыз етеді:

бос жер учаскелері туралы мәліметтерді орналастыру;келесі құжаттардың электрондық көшірмелерін енгізу:сауда-саттық объектісінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі;жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу шартының жобасы.

Бос жер учаскелері туралы мәліметтерді орналастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

уәкілетті орган қызметкері бос жер учаскелері туралы мәліметтерді өңірлік геоақпараттық жүйелерге (ӨГАЖ) енгізеді, ал ӨГАЖ бұл мәліметтерді цифрлық жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жүйесіне (ЦЖБМКЖ) жібереді;ЦЖБМКЖ жер учаскесіне шартты сәйкестендіру нөмірін береді және оны ӨГАЖ-ге қайта жолдайды. Бұл нөмір сауда-саттықты (аукционды) портал арқылы ұйымдастыру үшін пайдаланылады;ЦЖБМКЖ ӨГАЖ-тен алынған бос жер учаскелері туралы мәліметтерді Мемлекеттік жер кадастрының геопорталына (МЖКГ) жібереді.

Сондай-ақ веб-порталда сауда-саттықты (аукционды) құру тәртібі өзгертілді:

сатушы ұйымның қызметкері ЦЖБМКЖ-дан алынған жер учаскесінің шартты сәйкестендіру нөмірін, жер телімінің фотосуреттерін және құжаттардың электрондық көшірмелерін енгізеді;сауда-саттық (аукцион) объектісі құрылғаннан кейін веб-портал ЦЖБМКЖ-ға автоматты түрде аукционның өткізілу күні мен уақытын және "Сауда-саттыққа (аукционға) өтінімдерді қабылдау" деген мәртебені жолдайды;ЦЖБМКЖ алынған мәліметтерді сақтап, оларды Мемлекеттік жер кадастрының геопорталына (МЖКГ) қайта жібереді;МЖКГ-да жер учаскесінің шекара сызбасында "Сауда-саттыққа (аукционға) өтінімдерді қабылдау" мәртебесі және аукционның өткізілу күні мен уақыты көрсетіледі.

Егер өтінімде көрсетілген деректер мемлекеттік деректер базалары мен цифрлық жүйелерден автоматты түрде алынбаса, қатысушы оларды өзі енгізіп, растайтын құжаттарды қоса тіркеуге міндетті екені көрсетілген.

ЦЖБМКЖ сауда-саттық нәтижелері бойынша порталға келесі құжаттарды жолдайды:

жеңімпаз үшін: сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама, жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу шарты, сатып алу сомасы туралы мәлімет және төлем деректемелері;басқа қатысушылар үшін: сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама.

Егер сауда-саттық (аукцион) өтпей қалса, уәкілетті орган қызметкері ӨГАЖ-де жаңа лот құрады (жаңа лот нөмірі бұрын өтпеген лоттың нөмірімен сәйкес келмеуі тиіс). Кейін ӨГАЖ қайтадан саудаға шығарылатын жер учаскесі туралы мәліметтерді ЦЖБМКЖ-ға жолдайды.

Сондай-ақ веб-порталда уәкілетті орган қызметкері осы объект бойынша бұрын берілген жер учаскесінің шартты сәйкестендіру нөмірі негізінде жаңа сауда-саттықты (аукционды) құрады.

Сонымен қатар, сауда-саттық (аукцион) барысында техникалық ақау туындаған жағдайда ұйымдастырушы оның болғанын тіркеп, ақау бар екені туралы ақпаратты веб-порталда жариялау арқылы барлық қатысушыларды хабардар етеді.

Егер қатысушы тараптың компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығында техникалық ақау орын алса, сауда-саттық жалғастырыла береді.

Ал егер веб-порталдың өзінде сауда-саттық өткізуге кедергі келтіретін техникалық ақау тіркелсе, ұйымдастырушы бұл туралы дереу Ұлттық киберқауіпсіздікті үйлестіру орталығын, сатушыны хабардар етеді және ақау жойылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде сауда-саттықты жалғастыруды ұйымдастырады. Бұл ретте қатысушыларға сауда-саттықтың жалғасатын күні мен уақыты туралы алдын ала хабар беріледі: ақпарат веб-порталда жарияланады және олардың порталдағы электрондық поштасына хабарлама жіберіледі.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама – сауда қорытындыларын және жеңімпаз бен сатушы арасында жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу шартын жасасу талаптарын бекітетін құжат болып табылады.

Сауда-саттықтың жеңімпазы веб-порталда автоматты түрде қалыптастырылатын хаттама негізінде анықталады. Осыдан кейін портал ЦЖБМКЖ жүйесіне сауда-саттықтың өткені туралы мәртебені және нәтижелер туралы электрондық хаттаманы жолдайды.

ЦЖБМКЖ алынған мәліметтерді сақтап, оларды МЖКГ-ға қайта жібереді, бұл жер учаскесінің мәртебесін жаңартуға мүмкіндік береді.

Жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу шарты электрондық форматта веб-порталда жасалып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сатушы мен сатып алушы тарапынан электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы бекітіледі.

Веб-портал ЦЖБМКЖ жүйесіне "Сатып алу шартына қол қойылды" деген мәртебені және жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу шартын электрондық түрде жолдайды.

ЦЖБМКЖ бұл мәртебені МЖКГ-ға жіберіп, жер учаскесінің мәртебесін жаңартады, сондай-ақ шартты жеңімпаздың жеке кабинетінде сақталуын қамтамасыз етеді.

Жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында тікелей жүзеге асырылады.

Сонымен бірге сатып алушы төлемдерді ұйымдастырушыға келесі тәртіппен аударады:

кепілдік жарна (аванстық төлем) жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, сату бағасының 50% мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиісті аванстық төлем есебіне есептеледі;қалған сома шартқа қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленеді.

Сатып алушы 10 000 АЕК-ке дейінгі (2026 жылы 43 250 000 теңге) төлемдерді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ұйымдастырушыға аударады. Ал төлем сомасы 10 000 АЕК-тен асқан жағдайда, жеңімпаз төлем жүргізілгені туралы электрондық түбіртектің көшірмесін қоса тіркеуге міндетті.

Бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қазақстанда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобасын жасау қағидалары өзгергені туралы хабарланған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 10:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see105

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары