Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қазақстандағы білім сапасы: сенаторлар Президент тапсырмасының орындалу барысымен танысты

Қазақстандағы білім сапасы: сенаторлар Президент тапсырмасының орындалу барысымен танысты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Парламент Сенатының Төрағасы және Палата депутаттары Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізу аясында елордадағы бірқатар мектептің қызметімен және инфрақұрылымымен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сенаторлар бастауыш мектептің мамандандырылған кабинеттерінде, IT зертханаларда, кітапханалар мен спортзалдарында болып, педагогтермен білім және ғылым саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Мәулен Әшімбаев соңғы жылдары елімізде білім және ғылым жүйесін жетілдіруге арналған кешенді реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Нақты айтқанда, талантты оқушыларды қолдау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру, адам капиталын дамыту, кедергісіз орта қалыптастыру, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін арттыру бағытында жүйелі шаралар қабылданды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт  Тоқаевтың тапсырмасымен 2019 жылдан бері білім саласының бюджеті үш есе артты. Осы уақытта 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1 200 мектеп ашылды. Оның ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордалары да бар. Сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы белгіленді. Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында да нақты шаралар қабылданып, соңғы төрт жыл  ішінде ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті», – деп Палата Спикері Мемлекет басшысы Тамыз конференциясында белгілеп берген маңызды міндеттерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев білім беру тәрбиемен қатар жүретін үдеріс екеніне назар аударды. Ол қазіргі таңда озық технологиялардың қарқынды дамуын тілге тиек етіп, бұл жағдайда жас ұрпақтың бойына дұрыс құндылықтарды сіңірудің маңызды екенін айтты. Осы істе мұғалімдердің рөлі мен жауапкершілігі ерекше екені анық. Сенат Төрағасы аталған бағытта Абайдың «Толық адам» философиясы мен Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасына негізделген және ұлттық бірегейлікке табан тіреген білім берудің жаңа моделі қажет екенін атап өтті.

«Мектептерге білім беріп қана қоймай, жас буынды рухани дамытатын, жаңа әлемге бейімдейтін, бәсекеге қабілетті ұрпақ етіп қалыптастыратын бағдарлама қажет. Осы орайда еліміздегі мектептер Отанымызды одан әрі өркендететін патриот, білімді, білікті азаматтардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз», – деп  Мәулен Әшімбаев кездесуге қатысушыларды осы жолда белсенділік танытуға шақырды.

Жалпы, сенаторлар бүгін Астана қаласындағы №107 жайлы мектепке барып, ұстаздар қауымымен кездесті, сондай-ақ білім беру тәсілдерімен және стандарттарымен танысты. Бұдан басқа, Қазақстандық халықаралық мектептің (KIS) және Республикалық физика-математика мектебінің басшылығымен және педагогтерімен жүздесті. Депутаттарға оқушылардың IT-HUB, робототехника, ЖИ саласындағы жұмыстары және STEM зертханалары мен Apple сыныбы таныстырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары