Қазақстанның арнайы жасағы әлем елдеріндегі қарсыластарына ешқандай мүмкіндік бермеді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстан командалары бес күн бойы Дубай қаласында (БАӘ) әлем елдерінің арнайы жасағынан құралған командалар арасында өткен UAE SWAT Challenge сайысына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Kazakhstan C” құрамасы UAE SWAT Challenge - 2026 сайысының жеңімпазы атанды. Қуанышты “Kazakhstan А” командасы еселеді. Команда айтулы әлемдік турнирде екінші орынды жеңіп алды.
Сайыстың соңғы кезеңінде “Kazakhstan В” командасы элиталық турнирдегі құрамаларымыздың жарқын жолымен жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Осылайша, сайыстың барлық кезеңінде құрамаларымыз ең мықты деген қарсыластарына да мүмкіндік берген жоқ.
Бес команданың әрқайсысы теңдессіз дене дайындығын, мүлтіксіз командалық ынтымақ үлгісін көрсетіп, жеңіс жолында жанын аяған жоқ.
Құрама командалар сапында бір ту астына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен еді.
Соның бірі “Tomiris” қыздар құрамасы әлем жанкүйерлерінің ерекше назарын аударды. Турнирдің әрбір кезеңінде әйелдер командалары арасында озық шықты әрі жалпы есепте ондаған ерлер құрамасын артта қалдырды.
UAE SWAT Challenge сайыскерлері тактикалық операциялар, ғимарат пен мұнараны басып алу, кепілге алынғандарды және офицерлерді құтқару, сондай-ақ кешенді кедергілер жолағынан өту секілді бес арнаулы тапсырманы орындады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 00:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















