Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қазақстанның бейбіт бастамалары

Қазақстанның бейбіт бастамалары

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері БҰҰ мінберінде бейбітшілік пен тұрақтылықты жақтаушы ел ретінде танылды. Әлемнің 193 мемлекеті қатарында Қазақстан ядролық қаруды таратпау мен қарусыздануды басты ұстаным етіп келеді. Семей полигонының жабылуы мен 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялау – осының жарқын дәлелі. 

Ауғанстандағы тұрақтылық, терроризммен күрес және өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелерін де жиі көтереді. Ал биыл Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты Даму Мақсаттары бойынша Өңірлік орталықтың ашылуы еліміздің әлемдік қауымдастық алдында зор беделге ие екенін айқындайды. 

Риат Шони, тілші:
- Соңғы жылдарда Қазақстан БҰҰ-ы алаңында өзін аймақтық байланыстар мен тұрақтылықты нығайтатын орта держава ретінде ұсынып келеді. Көздеген басты мақсат - өңірдің экономикалық және тұрақты дамуын ілгерілету.

Негізі Қазақстан әлемнің 193 мемлекеті мүшелік ететін ұйымға 1992 жылы енген. Содан бері жоғары мінберден ядролық қарудан азат әлемді қолдаушы ел ретінде танылды. Мәселен, 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен 29 тамызды – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады. «АТОМ жобасы» аясында ядролық сынақтарға тыйым салу, Семей полигонының жабылуы – Қазақстанның ең ірі бастамаларының бірі.

Аймақтық қауіпсіздік пен әріптестік тұрғысынан айтар болсақ, биыл Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты Даму Мақсаттары бойынша Өңірлік орталықтың ашылуын ерекше атауға болады. Тиісті қарар наурыз айында бірауыздан мақұлданған. Бұл құжатты БҰҰ-ның 152 мүше мемлекеті қолдады.

Қазақстан үнемі Ауғанстандағы тұрақтылық, терроризммен күрес, өңірлік экономикалық интеграция тақырыптарын көтеріп келеді. Себебі Ауғанстандағы тұрақтылық — бүкіл Орталық Азия қауіпсіздігінің кілті.

Бейбітшілік пен диалог мәдениеті. Еліміз Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін 20 жылдан бері өткізу тәжірибесімен танылған. Қазақстан бұл ерекше бастаманы БҰҰ-ы алаңында жиі таныстырып, оны жаһандық диалог құралы ретінде насихаттап жүр.

Адам құқықтары мен гуманитарлық бастамалар да назардан тыс қалған жоқ. Қазақстан БҰҰ-ның мінберінде адам құқықтарын қорғау, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтары, қақтығыс аймағынан бейбіт тұрғындарды қайтару сынды өткір сұрақтарды жиі көтереді.

Ал «Жусан» операциясы – Қазақстанның гуманитарлық бастамаларының ең жарқын үлгілерінің бірі. Бұл арнайы операция барысында Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан жүздеген қазақстандық әйелдер мен балалар елге қайтарылды. Олардың басым бөлігі террористік ұйымдардың ықпалымен соғыс аймақтарына кеткендер еді. Бұл бастама халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, БҰҰ мінберінде Қазақстанның бейбітшілікті, адам құқықтарын қорғауды, әсіресе әйелдер мен балалардың тағдырына бейжай қарамайтын ел екенін айқын көрсетті. Бұдан бөлек климаттың өзгеруі, су ресурстары мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері Қазақстан баяндамаларында тұрақты түрде жоғары мінберден айтылып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-  
Каспий теңізі күннен күнге тартылып барады. Бұл бір өңірдің ғана проблемасы емес, жаһандық деңгейде дабыл қағатын мәселеге айналды. Сондықтан аймақтағы серіктестерімізді және барша халықаралық қоғамдастықты Каспийдің су қорын сақтау үшін жедел шараларды бірлесе қабылдауға шақырамыз.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80 жылдығында Нью-Йорк төрінде сөз алған Президент Қауіпсіздік Кеңесі құрамын өзгерту керектігін де мәлімдеді. Себебі қазір әлемде қару сермеу қалыпты жағдайға айналған. Ал бұл проблемаларды шешуде ұлы державалардың басы бірікпей отыр. Қазірден өзгеріс боламаса мұндай қасіреттің зардабын келесі ұрпақ тартары сөзсіз.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына Азия, Африка және Латын Америкасындағы ірі елдердің өкілдері ротация тәртібімен ұсынылуы керек. Сонымен қатар Қазақстан жауапкершілігі бар орта державалардың үні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде барынша анық естілуі қажет деп санайды. Ұлы державалардың бастары бірікпегенде мұндай елдер БҰҰ аясында дәнекерге айналады.

Еліміз даудан гөрі дипломатияға жүгінуді жөн көреді. Сондықтан бұл бастамалар Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, елді бейбітшілікті жақтаушы және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуші мемлекет ретінде танытып отыр.

Авторы: Риат Шони

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 14:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see124

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see121

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see119

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see118

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see116

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see116

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see116

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see116

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see116

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see115

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see115

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see113

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see113

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see113

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see113

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары