Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Қазақстанның экспорттық кредиттік агенттігі: биыл қанша кәсіпорын экспортқа тауар шығарды?

Қазақстанның экспорттық кредиттік агенттігі: биыл қанша кәсіпорын экспортқа тауар шығарды?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Биыл 100-ден астам отандық өндіруші тауарлары мен өнімдерін сырт елдерге экспорттағаны үшін мемлекет қолдауына ие болды. Олардың 18-і жаңа өндіріс орындары екенін де айта кету керек. Ал мемлекеттік қолдаудың 70 пайызы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі. «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы)  хабарлауынша, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және отандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде күшейіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы жылы қанша келісім жасалды?

Агенттік экспортты сақтандыру, қаржы табуға жәрдемдесу және кепілдік беру құралдары арқылы өңделген өнім экспортының өсіміне ықпал етіп, шикізаттық емес сектордың дамуына жаңа серпін беріп жатыр.

2025 жылдан бері 371 экспорттық келісімшарт жасалып, одан түскен жиынтық экономикалық тиімділік 1,5 триллион теңгеден асты. Бұл өз кезегінде отандық өндіріс көлемін арттыруға, аймақтарда жаңа жұмыс орнын ашуға және мемлекеттік қазынаны қосымша салықпен толықтыруға мүмкіндік сыйлайды.

Кәсіпорындарды қолдау қалай жүзеге асады?

Айта кету керек, агенттік экспортқа бағытталған жобаларға тікелей қаржы құймайды. Олар өзінің қаржы-сақтандыру тетіктері арқылы экспорттаушыларға коммерциялық ұйымдардан тиімді шартпен несие тартуға жағдай жасайды.

Ұлттық институт ұсынатын қолдау шаралы мұнымен шектелмейді. Агенттік өз қызметі шеңберінде экспорттаушыларға төлемді кейінге қалдыру шартын пайдалана отырып келісімшарт жасасуға, олардың өнімдерін сатып алушы импорттаушыларға қаражат табуға көмектеседі. Сонымен қатар ЭКА отандық өндірушілерге қауіпсіз жағдайда жаңа нарыққа шығуға жол ашып, шетелдегі қазақстандық инвестицияларды коммерциялық және саяси сын-қатерден сақтандырады.  

Агенттік Мемлекет басшысы тапсырмасына сай экспорт құрылымын әртараптандыруды және қосылған құны жоғары тауарлар үлесін арттыруды стратегиялық басымдық ретінде айқындап отыр. Биыл экспорттың жаңа позициялары қатарына күріш, тоқыма бұйымдары және алюмосиликатты микросалалар кірді. 

Бүгінде ЭКА сақтандыруы арқылы отандық өнімдер:

Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Беларусь, Армения, Грузия, Қытай, Моңғолия, БАӘ нарығына шығып жатыр.

Экспорт географиясы кеңейді: Еуропадан Солтүстік Америкаға дейін

Бұл мемлекеттер «Қазақстанда жасалған» маркасы бар тауарларды негізгі сатып алушылар қатарына кіреді. Оның өзіндік себептері де белгілі:

Логистика тиімділігі; Сертификаттау рәсімі мен тұтынушылар талғамының біркелкілігі; «Жібек жолы», «Еуразиялық экономикалық одақ» сынды сауда «дәліздерінің» жұмысы.

Жалпы экспорт географиясына келетін болсақ, олардың саны 40-тан асады – Еуропадан бастап Солтүстік Америка елдеріне дейін. 2025 жылы бұл тізімге Хорватия қосылды.

Экспорттаушылардың үлесі басым салалар

Кейінгі онжылдықта «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» 300-ден аса экспорттаушыға 1,6 триллион теңгеден астам сомаға қолдау көрсетіп үлгерген. Агенттік қызметіне экспорт жасап отырған кез келген отандық кәсіпорын жүгіне алады. Ең маңыздысы, ұлттық компания қолдау көрсету аясында ешкімге басымдық бермейді, барлығына тең мүмкіндік қарастырылған.

ЭКА портфеліндегі экспорттаушылар:

азық-түлік, ауыл шаруашылығы, металлургия, машина жасау, құрылыс материалдары, қағаз және пластик өндірісі, мұнай-химия, ақпараттық технологиялар, химия өнеркәсібі, тоқыма және жиһаз өндірісі секілді салаларда жұмыс істейді.

«ALA Sintez»-дің аяқ алысы

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан қолдау тапқан кәсіпорындардың бірі –  «ALA Sintez» ЖШС. Компания жиырма жыл бойы әлемдік нарыққа сусын өндірісіне арналған тығындар мен қақпақтар шығарып келе жатыр. Өнімнің 75 пайызы экспортқа шығады. Кәсіпорынның еңбек өнімділігі жыл сайын 15-20 пайызға өсіп отыр.

Кәсіпорын басшысы Юрий Дюпиннің айтуынша, кәсіп мемлекеттік қолдаудан қуат алып тұр.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» ұсынған сақтандыру бағдарламасы бізге қажетті ресурстарды тартуға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде экспорт көлемін бірнеше есе арттырдық. ЭКА банктер алдындағы қарыздың 90 пайызына дейін сақтандырды, осылайша кепілмен қамту мәселесі тиімді шешілді», деді ол.

Агенттіктің Алматыдағы өкілдігінің директоры Алмас Қалқаев «ALA Sintez» компаниясымен алғашқы келісімшарт 2023 жылы жасалғанын атап өтті.

«Кәсіпорын биыл модернизацияның жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. «ALA Sintez» заманауи төрт түсті баспа желісін іске қосу арқылы өндіріс қуатын арттырды. Соның арқасында экспорттық үлес өсті, дайын өнімге сұраныс жоғары. Алдағы уақытта біз кәсіпорынның қысқамерзімді дебиторлық берешегін сақтандырып, терең өңделген өнім үлесін арттыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ импорттаушы тараптың міндеттемелерін орындауына қатысты тәуекелдерді Агенттік өз жауапкершілігіне алады», дейді ол.

Биылғы қаңтар-қараша аралығында ЭКА қолдау көлемі 600 миллиард теңгеге жетті, оның ішінде алдын ала қаржыландыру және сауда үшін қаржы тарту құралдары бойынша 72 миллиард теңге жұмсалды. Бұл былтырғы кезеңдегі көрсеткіштен екі есе көп. Агенттік Үкімет қабылдаған Халықтың әл-ауқатын тұрақтандыру және арттыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы аясында тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инфляцияны және импортқа тәуелділікті төмендету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында өзінің сақтандыру портфелін үлғайта бермек.

Онлайн платформа – оңтайлы мүмкіндік

Агенттік экспорттаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып және нарықты талдай отырып, қолданыстағы өнімдер тізбесін үнемі жетілдіріп отырады. 2024 жылы ұлттық компания ЭКА мәртебесін алғаннан кейін жаңа қаржы өнімі – экспорттық операцияларға кепілдік беру тетігін іске қосқан еді. Ал жыл басында жаңа өнім аясында алғашқы келісімшарт жасалып, Агенттік қолдауын тапқан ZTOWN Development Өзбекстан нарығына шықты.   

Еске салайық, ЭКА отандық экспорттаушыларға арналған цифрлық өтінімдер және шарт талаптарын келісімдеу үшін онлайн-платформаны іске қосқан. Жоба Президенттің мемлекеттік басқаруды цифрландыру жөніндегі тапсырмасы бойынша іске асырылды. Онлайн-платформа бірыңғай терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді және «Бәйтерек» холдингінің «Bgov» бизнесті қолдау порталымен және байланыс орталығымен интеграцияланған.

Жеке кабинет арқылы өтінімді https://online.kazakhexport.kz сайты арқылы беруге болады. 

АЛМАТЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 06:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see150

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see148

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see146

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see144

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see131

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see128

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see128

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see128

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see127

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see126

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see126

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see122

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see120

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see120

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see119

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see118

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see117

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see117

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see117

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары