Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2028 жылға қарай екі есеге өсуі мүмкін депутат

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2028 жылға қарай екі есеге өсуі мүмкін депутат

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстанның мемлекеттік қарызы екі есеге өсіп, 2028 жылға қарай 57 триллион теңгеге жетуі мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Мемлекет ескі қарыздарды өтеу үшін жаңа қарыздар алуды жиілетті. Алдағы үш жылда тағы 24 триллион теңге қарыз алу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2028 жылға қарай мемлекеттік қарыз екі есеге өсіп, 57 триллион теңгеге жетуі мүмкін. Бұл жақын уақытта осы қарызды өтеуге жұмсалатын шығындар білім беру, қорғаныс және инфрақұрылымға кететін шығындардың жиынтығынан асып түсуі ықтимал деген сөз. Жоғары аудиторлық палата бірнеше рет ескерткен: ескі міндеттемелерді жаңа қарыздар есебінен жабу – өте қауіпті тәсіл. Ол қаржы жүйесінің тұрақтылығына сенімді әлсіретіп, бюджетті қарызға тәуелді етеді. Біз қашан өз шамамызға сай өмір сүруді үйренеміз?» – деді депутат 2026 жылғы бюджетті талқылау кезінде.

Нұралдинов Қаржы министрлігінен үкіметтің не себепті жаңа қарыздарды көбейтіп жатқанын және елді қарыз тұзағына түсірмеу, сондай-ақ қарыздар, кірістер мен бюджет мүмкіндіктері арасындағы теңгерімді қалпына келтіру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндіруді сұрады.

Қаржы министрі Мәди Такиев бұл сынға жауап беріп, қазіргі таңда елдің мемлекеттік қарызы 33,5 триллион теңгені, яғни ЖІӨ-нің 22,2%-ын құрайтынын айтты. Белгіленген шек – 32%.

«Мемлекеттік қарыздың 76%-ы – ішкі нарықтағы қарыздар. Біз оларды бюджет тапшылығын жабу үшін аламыз. 24%-ы – сыртқы нарықтан алынып, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Қарызды азайту үшін келесі жылы бюджет тапшылығын 2,5%-ға дейін, кейін 0,9%-ға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Дефицит азайған сайын, қарыз алу көлемі де төмендейді. Сол арқылы мемлекеттік қарыз да азаяды», – деді министр.

Оның айтуынша, жаңа Салық кодексі іске қосылғаннан кейін бюджеттің кіріс бөлігі айтарлықтай ұлғайып, бұл да қарыз ауыртпалығын азайтуға көмектеседі.

«Жаңа кодекс аясында қосымша түсімдер күтіледі. Бұл әсерді теңестіруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жүйелі шаралар қабылданып жатыр», – деп сендірді Мәди Такиев.
 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 13:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары