Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі: Экономикалық логика және жеке капиталдың рөлі

Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі: Экономикалық логика және жеке капиталдың рөлі

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жаһандық экономикалық өсім баяулап, дамушы нарықтарға бағытталған капитал ағынының төмендеуі жағдайында тұрақты экономикалық даму мемлекеттік шығындардың көлемімен емес, инвестициялық модель сапасымен айқындалады. Қазақстан жаңа инвестициялық циклдің басталғанын жариялай отырып, іс жүзінде бюджетке тәуелді өсім моделінен анағұрлым теңгерімді, инвестиция мен нарықтық тетіктерге негізделген экономикалық құрылымға көшу ниетін білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Бұл бағыт нақты макроэкономикалық қажеттілікті көрсетіп отыр: дамуды тікелей қаржыландыруға мемлекеттің мүмкіндіктері шектеулі, ал инфрақұрылымдық, индустриалдық және әлеуметтік міндеттердің көлемі барған сайын ұлғайып келеді.

Бюджеттік инвестициялық модельдің шектеулері

Макроэкономика мен мемлекеттік қаржы тұрғысынан алғанда, инвестициялық процесс бюджетке тәуелді болса, ол бірқатар құрылымдық шығындарға әкеліп соқтырады. Атап айтқанда, квазибюджеттік және жасырын міндеттемелердің артуы, активтердің іске асу құнын ескермей, тек күрделі шығындарға (капиталдық салымдарға) басымдық беру, инфляция мен пайыздық мөлшерлемелерге қысымның болуы, жобаларды экономикалық тиімділігіне қарай іріктеу тәртібінің төмендеуі секілді мәселелер алға шығады.

Тіпті ІЖӨ өсімі байқалғанына қарамастан, мұндай модель тиімді ұзақмерзімді дамуға орнықты негіз қалыптастырмайды. Осы тұрғыдан алғанда тікелей бюджеттік инвестицияларды кеңейтуден бас тартып, жеке капиталды тарту көлемін ұлғайту – идеологиялық емес, прагматикалық экономикалық шешім.

Жеке  капитал – өсімнің негізгі көзі

Жаңа инвестициялық цикл аясында экономикадағы рөлдерді бөлу қарастырылған. Мәселен, мемлекет стратегиялық басымдықтарды, экономиканы реттеу мен тәуекелдерді басқару қызметтерін басты назарға алады. Жекеменшік сектор инвестициялардың, технологиялар мен басқарушылық құзіреттердің қайнар көзіне айналады. Ал қаржы жүйесі ұзақ мерзімді қаржыландыру арнасы болмақ.

Инвесторлар үшін бұл өзгеріс – жобалардың табысты болуы бюджет трансферттері есебінен емес, сұранысқа, тиімділік пен келісімшарттық міндеттемелерге негізделген кіріс арқылы қалыптасатын модельге көшу дегенді білдіреді.

МЖӘ – қаржылық оңтайландыру құралы

Бұл модельде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) ең алдымен «бірлескен басқару» формасы емес, қаржылық-экономикалық құрал ретінде қарастырылады.

Капитал нарығы тұрғысынан алғанда дұрыс құрылған МЖӘ-нің тиімділігі мол. Атап айтқанда, ол іске асырылатын жобалардың тәуекелдерін тараптар, яғни мемлекет пен жекеменшік сектор/оператор арасында, олардың басқару мүмкіндіктеріне сәйкес бөлуге, инвестицияларды тараптардың бірінің-бірі алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері форматына көшіруге, инвестициялық кезеңде бюджетке түсетін жүктемені азайтуға, жобалардың толық өмірлік циклін ескеру арқылы олардың Value for Money деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

МЖӘ жеткіліксіз деңгейде қолданылса, инфрақұрылымдық жобалардың бюджетке жоғары тәуелділігі мен банктік әрі интитуционалдық қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулілігі сақталып қалады.

Осы орайда, Value for Money (VfM, «Баға мен сапаның аракатынасы») дегеніміз жобаның ең аз шығынмен барынша жоғары нәтиже беруін білдіретін қағидат екенін айта кетейік. Мұнда нысанның құрылысынан бастап, пайдалану, қызмет көрсету және істен шығару кезеңдеріне дейінгі бүкіл өмірлік циклі ескеріледі.

Инвестициялық тартымдылық шарттары

Инфрақұрылымдық жобалардың инвестициялық тартымдылығын айқындайтын бірқатар фактор бар. Атап айтқанда, экономикалық және қаржылық өлшемдер, реттеудің болжамдылығы, мемлекеттің бейтараптылығы мен сапалы жобалық активтердің болуы. Осы факторлардың бәрі іске қосылған жағдайда халықаралық инвесторлар мен банктер ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық жобаларға қаржы құюға әзір.

Іс жүзінде, халықаралық инвесторлар мен банктер нарықты шектеулі факторлар жиынтығы арқылы бағалайды. Оның біріншісі – жоба экономикасы. Ақылға сыйымды нақты табысы, ашық төлем тетіктері бар және коммерциялық емес тәуекелдері барынша аз модельдерге басымдық беріледі.

Екіншісі – қуқықтық реттеу болжамдылығы. Шешім қабылдайтын орталықтардың шектеулісаны, ережелердің тұрақтылығы мен келісімшарттардың орындалуы капитал құнына тікелей әсер етеді.

Үшінші фактор – мемлекеттің бейтараптылығы, яғни мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар жеке инвесторлармен активтер, қаржы мен нарық үшін бәсекелеспеуі керек.

Осындай аспектілер тұрғысынан алғанда, нақты тәжірибе формалды стратегиялардан маңыздырақ.

Қаржы секторы және ұзақ мерзімді қаржыландыру

Қаржы жүйесінің рөлі арнайы назар аударуға тұрарлық. Нақты секторды ұзақ мерзімді несиелендірудің үлесі төмен бола тұра, банк секторында активтердің көп шоғырлануы өтімділік пен инвестициялар арасындағы құрылымдық алшақтыққа алып келеді.

Капитал тарту мен мәміле жасаумен айналысатын кәсіби мамандардың көзқарасы бойынша, бұл алшақтықты тұрақты түрде жоюға тек үш шартты бір мезгілде орындаған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Бұлар, біріншіден, инфляцияны және пайыздық мөлшерлемелердің құбылмалылығын төмендету; екіншіден, инвестициялық сападағы жобалық-дайындау активтердің болуы; үшіншіден, ұзақ мерзімді қаржыландыру құралдарын дамыту (жобалық қаржыландыру, облигациялар, институционалдық капитал).

Дұрыс құрастырылған МЖӘ-жобалар аталған алшақтықты жабуға толыққанды қауқарлы.

Нарықтық тетіктер – тұрақтылық тірегі

Экономикалық ахуал құбылып тұрған заманда дәл осы нарықтық тетіктер инвестициялық процестердің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізін қалыптастырады. Бағаларды тікелей реттеу, әкімшілік шектеулер мен мемлекеттік бюджет арқылы шығыстарды қаржыландыру сияқты нарықтық емес уақытша шаралар қысқа мерзімде оң әсер бере алады, алайда олар инвестициялық ынталандыруды әлсіретіп, капитал құнын арттырады.

Экономикалық тұрғыдан алғанда, нарықтық тетіктерге мойын бұру – философиялық мәселе емес, бұл – инвесторлар үшін ел ішіндегі тәуекелді төмендетудің негізгі шарты.

Қорытындылай айтқанда, Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі тиімді модельдерге көшудің алғышарты. Мұнда экономикалық өсімге бюджет шығыстарын кеңейту емес, жеке капиталға сүйену, тәуекелдерді мемлекеттің мойнына артпай, оларды тиімді бөлу, қысқа мерзімді сұранысқа емес, ұзақ мерзімді инвестицияларға басымдық беру басты назарға алынады.

Институционалдық инвесторлар тұрғысынан алғанда, бұл жерде шешуші фактор – жарияланған мақсат-міндеттердің ауқымы емес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) пен нарықтық қаржыландыру тетіктерінің сапалы түрде іске асуында. Инвестициялар үшін жаһандық бәсеке қызып тұрған шақта, бұл Қазақстанның тұрақты әрі ұзақ мерзімді капиталды тарта алу қабілетін айқындайды.

Рауан СЕЙФУЛЛИНА,

IFC инвестициялары жөніндегі сарапшы

Соңғы жаңалықтар

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?

Қоғам • Бүгін, 09:57

Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Теннис • Бүгін, 09:37

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:30

Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:16

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды

Теннис • Кеше

Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі

Ауа райы • Кеше

Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады

Президент • Кеше

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Президент • Кеше

Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

Әлем • Кеше

Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды

Әлем • Кеше

Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған

Қоғам • Кеше

Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді

Елорда • Кеше

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды

Оқиға • Кеше

Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?

Оқиға • Кеше

Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды

Мектеп • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Мамыр 2026 10:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары