Қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Елімізде мал азығын дайындау науқаны аяқталды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, өңірлер 25 млн тонна шөп (жоспардың 103,1%), 1,9 млн тонна сенаж (113,3%), 5,4 млн тонна құрамажем (98,4%), 2,1 млн тонна силос (107,3%), 4,9 млн тонна сабан (106,6%) жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жалпы ел бойынша барлық түрлерін қоса есептегенде әзірленген 39,8 млн тонна мал азығы – малдарды қыс мезгілінде ұстау тұрғысында жеткілікті.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бірқатар облыстар науқанды жоғары деңгейде өткізіп, жоспарды айтарлықтай артығымен орындаған: Солтүстік Қазақстан (147,1%), Шығыс Қазақстан (116,0%), Алматы (105,6%), Жетісу (104,5%), Ақтөбе (103,2%), Қызылорда (102,3%), Ұлытау (102,4%) облыстары бар.
Сенаж дайындау бойынша Солтүстік Қазақстан (163,5%), Жамбыл (114,6%), Қостанай (108,0%), Алматы (107,5%), Павлодар (105,0%), Түркістан (106,2%), Жетісу (105,1%) облыстары жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Мал азығы қазіргі деңгейде еліміздің мал шаруашылығы секторының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Яғни, 2025-2026 жылдарға қысқы маусымда малды қыстатуды оңтайлы өткеруге, жемшөп тапшылығы тәуекелдерін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 19:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















