Қоқыстан табылған нәресте: Орал полициясы тергеуді тоқтатты
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Орал қаласында қоқыс жәшігінен табылған нәрестеге қатысты полиция тергеуді тоқтатты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Шетінеген баланың анасына 2,5 ай бойы іздеу жарияланған. Алайда ол табылмады. Полицияның мәліметінше, бала өлі туған.
"Анасының орналасқан жері әлі белгісіз. Осы қылмыстық іс бойынша Қылмыстық кодекстің 35-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешім қадағалау органымен келісілді", - дейді Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Еске сала кетейік, биыл 14 тамызда Зачаганск кентіндегі Бірлік көшесінде қоқыс жәшігінен шала туған нәрестенің мәйіті табылған болатын. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қажетті сот-медициналық сараптамалар жасалған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:97
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 12:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















