Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қоржынымызды толтырған қысқы жарыстар

Қоржынымызды толтырған қысқы жарыстар

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Тарихты тасаласақ, қысқы Олимпиада ойындарында жұлдызымыз­дың жарқыраған сәті де, қор­жынымыз бос қайтқан кез­­дер де аз емес. Осыған орай ақ Олимпиада төріндегі еліміздің Туын көкке көтерген спортшыларымыздың есімін бір шолып өтуді жөн санадық.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін алғаш рет 1994 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында сынға түсті. Сол уақытта дүбірлі дода Лиллехаммерде (Норвегия) өткен болатын. Аталған дүбірлі додаға Қазақстаннан 8 спорт түрінен 29 спортшы бақ сынап еді. Дәл осы жылы мерейімізді көкке көтеріп,  Владимир Смирнов ел қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Ол шаңғы жары­сынан 50 шақырым қашықтықты жүріп өтіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Дәл сол Олимпиадада шаңғышымыз 10 және 15 шақырым қашықтықта екінші болып, тағы екі күміс медальға ие болған еді. 

Араға төрт жыл салып, 1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өткен ақ Олимпиадада 60 қазақстандық 8 спорт түрінде ел намысын қорғады. Атап айтқанда, тау шаңғы спорты, шайбалы хоккей, биат­лон, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, фристайл, конькимен жүгіру спорты, шаңғымен тұғырдан секіру. Бұл жылы да қоржынымыз бос қайтпады. Жарыс нә­тижесі бойынша қазақстандықтар екі қола жүлдеге қол жеткізді. Оның бірі конькимен жүгіруші Людмила Прокашева 5000 метр қашықтықта қола медальды иеленсе, бірі шаңғы жарысынан із кесу сайысында Владимир Смирнов үшінші орынға ие болды. Осылайша, екі қола медальмен Қазақстан жалпы­командалық есепте 20-орынды иеленіп қошеметке бөленді. Айта кетерлігі, бұрымды спортшымыз Людмила 1997-1998 жылдары әлемдегі ең үздік алты конькишінің қатарында болды. 

2000 жылдардың басы Қазақ­станның қысқы Олимпиада тари­хында ең сәтсіз кезеңдердің бірі ретінде есте қалды. 2002 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қала­сында өткен қысқы Олимпиада ойындарына елімізден 50 спортшы қатысып, 7 спорт түрі бойынша сынға түсті. Алайда дүбірлі додада қазақстандықтар үшін жеңіс тұғырына көтерілу бұйырмай, ұлттық құрама жүлдесіз қалды.

Осы сәтсіздік арада төрт жыл өткен соң да қайталанды. 2006 жылы Италияның Турин қаласында өткен Ақ Олимпиадаға Қазақстан атынан 55 спортшы аттанып, 7 спорт түрінде бақ сынады. Олардың қатарында биатлон, тау шаңғысы, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, фристайл және шайбалы хоккей болды. Дегенмен бұл жолы да отандастарымыз Олимпиада жүлдесін олжалай алмай, елге медальсыз оралды.

2010 жылы Ванкуверде өткен Олимпиада ойындары Қазақстан үшін маңызды кезең болды. 12 жыл үзілістен кейін жерлес­теріміз қайта қысқы Олимпиада ойын­дарының тұғырына көтерілді. Биат­лоншы Елена Хрусталева 2010 жылы Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ол 15 шақырымдық жеке­лей жарыста медальға ие болды. Аталған сайыста Хрусталева бар болғаны 20,7 секунд айырма­шылықпен қарсыласына есе жіберіп, мәреге екінші болып жетті. Сол Олимпиадада 37  қазақстандық 8 спорт түрінде (биатлон, тау шаңғы спорты, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек) бақ сынады. Нәтижесінде, ұлттық құрама жалпыкоманда­лық есепте 25-орынға ие болды. 

2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарына 51 қазақстандық спортшы  Қазақстан 10 спорт түрінде өнер көрсетті. Қысқы Олимпиаданың қорытындысы бойынша мәнерлеп сырғанаудан қола медаль жеңіп алдық. Қазақстан десе, мәнерлеп сырғанауда ең алдымен Денис Теннің есімі ойға оралатынын бәріміз білеміз. Ол мұз айдынына шыққанда, жарыс басталмай жатып-ақ тыныштық орнайтын. Сочидегі ақ Олимпиадада дәл сол Денис ел үмітін арқа­лап, тарихта қалды. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша алғашқы ондықтан тыс қалған спортшы шешуші кезеңде бар шеберлігін көрсетіп, еркін бағдарламада қарсыластарынан басым түсті.

Денис Тен сол кеште мұз үстінде жай ғана сырғанаған жоқ. Ол сөйледі. Қозғалыспен, үнсіздікпен, көзге көрінбейтін эмоциямен сөйледі. Әрбір қадамы, әрбір бұрылысы ішкі оймен, сезіммен байланысып жатты. Кейде әуен тоқтағандай көрінетін сәттердің өзі көрерменді баурап алатын. Сол үнсіздікте оның мінезі, табандылығы, спортқа деген шынайы махаббаты сезілетін.

Қазақстанның қысқы Олимпиада тари­хында есте қаларлық сәттердің тағы бірі – фристайл-могул шебері Юлия Галышеваның жеңісі. 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Олимпиада ойындарында ол қола жүлдеге қол жеткізіп, ел мерейін асқақтатты. Юлия жарыс бары­сында ширақ қимылымен, батылдығымен және ішкі сенімімен көзге түсті. Оның могулдағы мәнері тәуекелге толы әсер қуалаудан гөрі әр элементті дәл әрі таза орындауға құрылған. Сол сабыр мен есептің арқасында ол қиын жолдан сүрінбей өтіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Осылайша, Қазақстан жалпыкомандалық есепте 28-орын­ға жайғасқанына тарих куә.

Соңғы қысқы Олимпиада ойындары  2022 жылы Бейжіңде (Қытай) өтті. Додаға 34 қазақстандық аттанғанымен, өкінішке қарай ешкім медальға қол жеткізе алған жоқ.

Жалпы, Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада ойындары тарихында барлығы сегіз медаль еншіледі. Әр жүлденің артында тағдыр, төзім және табандылық жатыр. Сол себепті бұл көрсеткіштер құр статистика емес, ел спортының шынайы шежіресі деуге болады.

Алда Италияның Милан-Кортина қала­ларында өтетін 2026 жылғы ақ Олимпиада ойындары тұр. Бұл дода Қазақстан құрамасы үшін жаңа үміт, жаңа белес болмақ. Соңғы жылдары отандас спортшылар халықаралық ареналарда өз әлеуетін дәлелдеп, әлем чемпионаттарында жүлдеге ілініп жүр. 

Ұлттық құраманың бірқатар өкілі бүгінде әлемнің мықтыларымен иық тірестіре өнер көрсетіп, үздіктер қатарына нық орнықты. Сондықтан Милан-Кортинадағы Олим­пиада­да Қазақстан спортшыларының жеңіс тұғырына көтерілуіне нақты мүмкіндік бар. 

Әсет ҚАЛИ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 07:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see165

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see157

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see150

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see148

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see147

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see146

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see144

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see142

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see140

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see139

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see138

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see135

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see120

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see119

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see117

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see116

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see116

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see114

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары