Қос қолдап амандаспай ма? : Асанәлі Әшімов өз шәкіртін ұрды (ВИДЕО)
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақ КСР халық әртісі, театр және киноның аңызы Асанәлі Әшімовтің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Кадрларда өнер майталманы өзінің шәкірті, актер Жұмағали Махановты әзіл-шыны аралас түрде кітаппен "ұрғаны" бейнеленген. Бұл сәт көрермендер арасында күлкі туғызып, желі қолданушылары ұстаз бен шәкірт арасындағы жылы әзіл мен құрметті ерекше бағалады.
Видеода Жұмағали Маханов та бұл сәтті әзіл ретінде қабылдап, ұстазының әрекетіне күлімсірей жауап береді.
Айта кетейік, Жұмағали Маханов бұған дейінгі бір сұхбатында өз ұстаздары туралы былай деген еді:
«Театрға алғаш келген күнім әлі есімде. Ол кезде біз үшін Шахан Мусин, Нұрмұхан Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Жұмабай Медетбаев сияқты аға буын актерлер мен Сәбира Майқанова, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Қадиша Бөкеева секілді апаларымыз үлгі болды. Қазіргі ақсақалдарымыз — Сәбит Оразбаев пен Асанәлі Әшімов ағаларымыз да сол биік тұлғалардың жалғасы. Мені театрда 40 жыл ұстап тұрған — осындай алыптардың қамқорлығы деп білемін», — деген болатын.
Аталған видеоны осы сілтеме арқылы көруге болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 18:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















