Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Мен баламды азапқа салдым... Бекер айтқан екенмін Асанәлі Әшімов (ВИДЕО)

Мен баламды азапқа салдым... Бекер айтқан екенмін Асанәлі Әшімов (ВИДЕО)

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Кинодағы ең алғашқы қадамын Сағи Әшімов «Өз дәніңді өсір» фильміндегі Қалам бейнесімен бастаған. Одан кейін «Мазасыз балаларда» – әкім, «Ойлануға бір айда» – Арыстан, «Қаралы сұлуда» – қызметші, «Айсұлу жайлы аңызда» – Тәуекел хан, төрт сериялы «Шоқан Уәлиханов» телефильмінде – Шоқан, ал қазақтың тұңғыш көпсериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильмінде Темір Сабыров рөлдерін сомдап, көрерменге кеңінен таныла түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тоғызыншы сыныптан бастап киноға түскен Сағи шамамен 30-ға жуық фильмде түрлі мінезді, әрқилы образдарды экранға шығарған. Дегенмен оның шығармашылық тағдырындағы ең биік белес – Шоқан бейнесі болды. Бұл рөлді небәрі 22 жасында сомдап, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Аталған фильмнің режиссері – әкесі, Асанәлі Әшімов еді. Алайда Асағаң бастапқыда: «Сағиды бұл рөлге алмаймын», – деп қасарысқан.

Түсіру тобының өзге мүшелері бұған үзілді-кесілді қарсы болып, «Сағидан басқа актер түспесе, біз де жұмыс істемейміз» деген талап қойған. Осылайша режиссер амалсыздан ұлымен бірге жұмыс істеуге келіседі.

Әкесі режиссер болған фильмде ойнау Сағи үшін оңайға соқпаған. Ол күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып, тәулігіне бар болғаны 4-5 сағат қана көз іліп, түсірілім кезінде 8 келі салмақ тастаған.

Бұл тұста Асағаның анасы Тәжіхан да алаңдаушылық білдіріп: «Сағиды неге осы рөлге саласың? Әлдеқашан сүйегі қураған әруаққа тимесеңдерші, жаман ырым ғой», – деп шыр-пыр болған екен. Сол сәтте анасының сөзін елемеген Әшімов кейін бұл жайтқа өкінішпен қарайтынын да жасырмаған.

"Мен баламды азапқа салдым. Бірде оған қалжыңдап: "Ендігі межең – Абылай", – дедім. Сағи болса: "Шоқаннан ауыр бола қоймас", – деді. Осы сөзді бекер айтқан екенмін. Менің өмірімде болжап айтқан сөзім ылғи кері орындалатын. Балаларым мені ешқашан "папа" деген емес, "аға" дейтін. "Папа" дегізуге шешемнен батпадым. Сағи: "Аға, сізбен бірге үлкен бір рөлде ойнасам арманым жоқ", – дейтін. Бізге арналған киносценарий де дайын еді, тек үлгермеді. Сценарий желісі бойынша мен – суы тартылып қалған Арал теңізіндегі кеменің капитаны, ол ғарышкердің рөлін ойнайтын. Біріміз – туған топырағынан табан тайдырмайтын әкені, біріміз – арманы асқақ баланы сомдайтын болғанбыз. Ол да кері кетті", – дейді Асаға.

«Сағи Шоқанды сомдап, Шоқан тағдырын құшқан актер» деген досы Әмір Смайыловтың сөзін еріксіз тілге тиек етуге тура келеді. Шоқан Уәлиханов – 30, оның экрандағы бейнесін сомдаған Сағи – 38 жыл ғұмыр кешіпті…

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қаңтар 2026 22:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары