Қостанай облысында тауарлардың бағасын өсірген 135 дүкен жазаланды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қостанай облысында әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын өсірген 135 дүкен анықталды. Кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына енгізілген жаңа ережелерге сәйкес айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2025 жылғы 13 наурыздан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті үстеме бағаны асырып қойғандарға жауапкершілік күшейтілді.
Енді бірден айыппұл салынады.
Айыппұл мөлшері кәсіптің санатына байланысты:
Жеке тұлғалар мен шағын бизнес – 5 АЕК (19 660 тг);
Орта бизнес – 35 АЕК (137 620 тг);
Ірі бизнес – 150 АЕК (589 800 тг).
Заңбұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл сомасы екі есе немесе одан да көп мөлшерге ұлғаяды.
Қостанайдағы кәсіпкерлік бөлімі мәлімдегендей, шараларды күшейту азаматтардың мүдделерін қорғауға, бағаның негізсіз өсуін болдырмауға және тұтыну нарығының ашықтығын арттыруға бағытталған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 20:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















