Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Құрманғазы қай жылы туған?

Құрманғазы қай жылы туған?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгінгі күні Құрманғазы Сағырбайұлының туған жылы төңірегінде әрқилы пікірлер айтылып келеді. Бір деректерде ол 1806 жылы туған деп көрсетілсе, енді бірінде 1818 жыл деп жазылады, ал соңғы зерттеулерде 1823 жылды негізгі туған жыл ретінде айғақтайтын еңбектер басым. Қазақ баспасөзінде де, ғаламтор кеңістігінде де бұл тақырып төңірегінде көптеген қайшы мәліметтер мен болжамдар кездеседі. Мұндай жағдайдың қалыптасуына әр дәуірде жазылған деректердің толық зерттелмей, кейде ауызша аңыздарға сүйеніп берілуі себеп болған.

Сондықтан Құрманғазының нақты туған жылын анықтау - тек жеке бір ғалымның ізденісіне емес, тұтас ғылыми орта мен архивтік дәлелдерге сүйенетін маңызды мәселе. Себебі ұлы күйші шығармашылығы мен өмір жолын дәлірек зерделеу оның қазақ музыка мәдениетіндегі орнын айқындап қана қоймай, ұлттық тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтардың орны толуына да септігін тигізеді. Бүгін біз осы мәселенің ақ-қарасын ажыратып, әр кезеңдегі деректер мен зерттеулерді саралай отырып, Құрманғазы Сағырбайұлының туған жылы жайлы ғылыми негізделген тоқтамға келуге тырысамыз.

Әуелі бұл жайлы Ахмет Жұбанов не деп жазылғанын қарайық. Ахмет Жұбановтың (1806-1968) көзі тірісінде жарияланған кітаптардың барлығында Құрманғазының туған жылы 1818 деп көрсеткен. Атап айтқанда:

“Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы” (1942 ж) - 18-бетінде Құрманғазы 1818 жылы туған деп жазылған;

“Струны столетий” 1958 жылы орыс тілінде жарық көрген. Сол еңбектің 28- бетінде күйшінің туған жылы 1818 деп көрсетілген. Сонымен қатар, моласындағы құлпысатында көрсетілген 1806 жыл қате және “бұл қателікті Дина бастаған бірнеше шәкірттері де растап отыр” деп жазады;

1960 жылы жарық көрген “Құрманғазы Сағырбаев  (өмірі мен творчествосы)” кітабында Жұбанов 1818 жылы туған (50-бет) деп көрсетілген;

Көріп отырғанымыздай, Жұбанов Құрманғазының туған жылы деп 1818 алды. Көзі тірісінде жарыққа шыққан үш кітабында да солай берді. (Қазақ тіліндегі “Ғасырлар пернесі” Жұбанов қайтыс болғаннан кейін баспадан шықты). 

Енді Ахмет Қуанұлының неге осы датаға тоқталғаны жайлы іздеп көрейік. “Құрманғазы Сағырбаев” (1960 ж. жарық көрген) еңбегі “Құрманғазы жайлы деректердің жиналуы жайлы” атты бөлімінің 36-37 беттерінде түсіндіріп кетеді.

Ғалымның айтуынша, Қазақстан Ғылым академиясына Құрманғазының өміріне қатысты көптеген хаттар келіп түскен. Солардың ішінде Зейнеш Макуов пен Үмбет Ыбыраев атты азаматтар күйшінің құлпытасындағы “1806 жылы туған” деген жазудың шындыққа жанаспайтынын атап көрсетеді. Әрқайсысы өз қолындағы деректерге сүйеніп, бұл жылды дұрыс емес деп дәлелдеуге тырысқан. Сонымен қатар Құрманғазының шәкірттері - Д. Нұрпейісова, М. Сүлейменов, О. Қабиғожин және Ы. Досалиев те ұстазының туған жылы 1818 болуы тиіс деген пікір білдірген.

Сонымен қатар, Жұбанов Құрманғазының туған жылын есептеуде орыс жиһангезі Савичевпен кездескен естелікті дәлел ретінде алады. Толық цитата келтірейік: “Ал 1868 жылы Құрманғазыны кездестірген Н. Савичевтің жазғанында: “Құрманғазы менімен кездескенде орта жаста еді” дейді. Орта жасты ең үлкені елу деп алғанның өзінде де 1818 жылы туғаны дәлелденеді (1806 емес)” - деп жазып кетеді Жұбанов. 

Қарсы пікір. Кейін бұл пікірді жоққа шығарып, Құрманғазының туған жылы басқа деп зерттеп жазғандар болды. 

Мақсот Жолжанов (1932-1999) дерегі. 1998 жылы “Құрманғазы” атты жинақ жарыққа шығады. Жинақта күйшінің өмірі мен шығармашылығына қатысты ғылыми және деректі, танымды мақалалар берілген. Осы жинақта М. Жолжановтың мақаласы бар (274-278 беттер). Зерттеуші Құрманғазы 1823 жылы дүниеге келді деп бірнеше дәлел ұсынады:

Астрахань архивіндегі ресми құжаттар. Астрахань облыстық архивінде сақталған 1882 жылғы сот құжаттарында Құрманғазының жасы анық көрсетілген. Онда 1882 жылы ұсталған кезде екі рет тізім жасалған, екеуінде де Құрманғазының 59 жаста екені жазылған. Осы дерекке сүйенсек, 1882 - 59 = 1823 болып шығады. Яғни ресми құжат та оның туған жылын айқындайды.

Мақашқа келген кезі. Мақаш Бекмұхамбетов сол уақыттың беделді тұлғасы еді.  1884-1885 жылдары Құрманғазы Мақашқа барып, пана сұрайды екен. Сол уақыттан Құрманғазының өзі шығарған, арнау-өлең жолдары сақталыпты. Сол өлеңнің мына бір жолдары бар екен:
«Алпыстан асқан жасым кетті,
Төрімнен жуық көрім бе»
М. Жолжанов осыны негізге алып, 1884 - 61 = 1823 жыл болып шығады дейді.

Құрманғазының қабіріндегі құлпытаста ол 73 жасында қайтыс болды деп көрсетілген. Қайтыс болған жылы деп 1879 саны қашалған. Мақсот Жолжановтың пайымдауынша, бұл арабша цифрларды жазу барысында кеткен қателік - бір санның орны ауысып кеткен. Демек, құлпытастағы 1879 дұрысында 1897 жыл болуы тиіс. Бұл жөнінде құлпытасты шапқан татар шеберден Құрманғазының ұлы Құбаш «неге қателестің?» деп сұрағанда, шебер: «Өлген адамға бәрібір емес пе» деп жауап бергенін Ахмет Жұбанов бірнеше адамнан естіген екен. 

Осы дерекке сүйеніп есептегенде: 1897 - 73 = 1824 шығады. Бірақ қазақ дәстүрінде адамның жасын «толған» деп есептеп, айы-күні жетпеген күндері мен айларын қоса айтатын әдет болған. Сондықтан құлпытастағы “73 жас” деген жазуды дәстүрлі түсінікпен қабылдағанда, Құрманғазының нақты туған жылы 1823 деп шығады. М. Жолжанов мұны архивтік құжатқа емес, өзінің логикалық пайымына сүйеніп жазғанымен, жанама дәлел ретінде қарастыруға әбден негіз бар, әрі ол басқа деректермен сәйкес келеді.

Келесі өз дерегін ұсынушы Қуанғали Жұмалиев (1936-1998) та күйшінің туған жылы жайлы зерттеу жасаған. Жалпы алғанда Қ.Жұмалиев М. Жолжанов сияқты архив деректеріне және құлпытастағы қате жазуға сүйенеді. Жалпы мақаласы да Жолжановтың ойларымен ұқсас. Сонымен бірге ол Жұбанов келтірген хаттар мен жазбаларды да өзінше талдап, салыстырады. Әсіресе, А. Жұбановтың Савичев дерегі негізінде жазған пікіріне күмәнмен қарайды.

Атап айтқанда, Ахмет Жұбанов Савичевтің «1868 жылы Құрманғазы орта жаста еді» деген сөзіне сүйеніп, адамның ғұмырын жүз жас деп алып, оның ортасы елу жас болады деп есептеген. Ал Жұмалиев қазақ ұғымында адам ғұмыры жүз жасқа жетпейді, көбіне 80-90 жаспен шектеледі дейді. Сондықтан орта жас елу емес, 40-45 жас аралығы болып шығады. Осы өлшемді негізге алғанда, Савичев көрген кездегі Құрманғазының туған жылы 1823-1828 жылдар шамасына сәйкес келеді екен.

Қорытынды. Зерттеушілер әртүрлі деректер келтіргенімен, олардың ғылыми дәлелге айналуы үшін сол деректер сараланып, талданып, ресми түрде бекітілуі қажет. Сондықтан сол жылдары ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына қарасты М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында арнайы комиссиясы құрылып, келесідей шешім шығарыпты. 

«ҚР ҰҒА М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туған-өлген жылына қатысты сарапшылық комиссияның қорытындысын хабарлайды.

Архив деректері мен зерттеушілер М.Жолжановтың, Қ.Жұмалиевтің, И.Кенжалиевтің, Ү.Рахматуллиннің пікірлерін мұқият сараптай отырып, сарапшылық комиссия халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы туып, 1896 жылы дүние салған деген қорытындыға келді. Мұндай тоқтамға келуге, әсіресе, Астрахань облыстық архивінен табылған құжаттар бұлтартпас дәлел бола алады».

Сарапшылар комиссиясының мүшелері:

Ерзакович Б.Г. — Өнертану ғылымының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі.
Қасқабасов С.А — Филология ғылымының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі.
Қарақұлов Б.И. — Өнертану ғылымының докторы.
Сейдімбек А.С. — Филология ғылымының кандидаты.

Бұл қорытынды 1996 жылы 20 қыркүйек күнгі “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған екен.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see166

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see158

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see151

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see150

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see147

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see145

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see143

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see141

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see140

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see139

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see136

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see121

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see118

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see117

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see117

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see115

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see112

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары