Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Қуыршақ ойыншық қана емес, ұлттық киімді, тарихты дәріптейтін құрал шебер

Қуыршақ ойыншық қана емес, ұлттық киімді, тарихты дәріптейтін құрал шебер

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

– Қашаннан бері қуыршақ жасап жүрсіз?

– Қуыршақ жасаумен 2012 жылдан бері айналысып келемін. Әуелі жеңіл түрлерін жасай бастадым. Одан соң шеберлігімді шыңдай түсіп, басқа да қуыршақтарды жасап көруге бел байладым. Бірақ біздің Алтай қаласында оған қажетті материалдарды табу мүмкін емес болды. Сөйтіп, Мәскеуден тапсырыс беріп алдыртуға тура келді. Қазір интернеттен бәрін табуға болады ғой, қуыршақ жасаудың қыр-сырын үйрететін видеоларды көре бастадым. Қолымнан келеді екен. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Жылына 1-2 қуыршақ қана жасай алдым. Содан Алматыдағы шеберлік сабағына барып, білімімді арттырып келдім. Уақыт өте келе жылдамдығым да арта түсті. Бұл нағыз шығармашылық жұмыс. Түрлі материалдардан жұмыс істеуді де білуің керек. 

– Сіз үшін қуыршақ ойыншық па, әлде өнер ме?

– Мен үшін қуыршақ деген ол – өнер. Мысалы «Қазақстан Алтайы» деп аталатын қуыршақтар топтамасын жасап жатқаныма 5 жыл болды. Шығыс Қазақстан облысында археологиялық қазба жұмыстары жиі жүргізіліп жатады. Сонда түрлі жәдігерлер табылады. Бұл тарихымызды тануға жол ашады. Одан соң өлкеміз туралы сан алуан аңыз-әпсаналарды оқығанды ұнатамын. Сондықтан «Қазақстан Алтайы» деген атаумен ұлттық киімдер киген қыздардың қуыршағын жасауды қолға алған едім. Сондықтан қуыршақты тек ойыншық емес, ұлттық киімді, салт-дәстүрді, тарихты дәріптейтін құрал деуге де болады. 
Өзім әркез ізденісте жүретін адаммын. Тарихи кітаптардан бөлек, ертегі оқығанда жақсы көремін. Ал бұл адамның қиялын дамытады. Бірінші қуыршақтардың образдарын ойша елестетіп аламын. Одан соң барып материалдарға тапсырыс беріп, жұмысқа кірісемін.

– Қандай материалдармен жұмыс істейсіз?

– Қазір күйдірілетін пластикпен де, өздігінен қататын пластикпен де жұмыс істеймін. Сонымен қатар флюмо деген материал бар, кейде оны суық фарфор деп те атайды. Бұл сәл күрделірек бағыт.
Әр материалдың өз ерекшелігі бар. Мысалы, флюмомен жұмыс істегенде бір үлгіден бірнеше қуыршақ жасауға болады. Ал шебердің өз қолымен мүсіндеген қуыршағы біреу-ақ болады. Қанша тырыссаң да, екі бірдей етіп жасау мүмкін емес.

– Сөз арасында қазақы ұлттық киімдегі қуыршақтар туралы айтып қалдыңыз ғой. Осы топтама бойынша қанша қуыршағыңыз бар?

– Шығыс Қазақстанның табиғаты да, тарихы да ерекше ғой. Күршім ауданындағы Қиын-Керіш шатқалына барғанымда қатты әсер алдым. Содан кейін ұлттық нақыштағы қуыршақтар жасау ойы туды. Бақсы, Ұмай ана сияқты образдарды да жасадым. Қазір осы топтамада шамамен он шақты қуыршақ бар. Кейбірі сатылып кетті, кейбірі әлі өзімде.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы

– Ұлттық киімдерді қалай зерттедіңіз?

– Көбіне қазба жұмыстарының нәтижесінде қолымызға түскен тарихи артефактілерге, музей материалдарына, интернеттегі деректерге сүйендім. Әрине, бұрынғы материалдарды дәл табу қиын, бірақ соған ұқсастарын іздеп, қолдан келгенше қайталауға тырысамын. Ал аңыз кейіпкерлерін жасау барысында өз қиялыма ерік беремін.

– Осы қуыршақтар арқылы не айтқыңыз келеді?

– Мен қуыршақтар арқылы тарихымыздың тынысын жеткізгім келеді. Бұл жеріміздің, халқымыздың тарихы.

– Биыл Абайдың 180 жылдығына орай ұлы ақынның қуыршағын жасапсыз. Қаншалықты қиын болды?

– Иә, Абай Құнанбайұлының келбетін қайталап қуыршақ жасау оңай болған жоқ. Себебі мен көбіне абстрактілі образдар жасаймын. Ал нақты адамға ұқсату қиын. Біраз уақыт күмәндандым. Суреттерін, портреттерін қарап шықтым. Көп адам ұлы ақынға ұқсастық бар деді, соған қуандым.

– Абайдың қандай қырын көрсеткіңіз келді?

– Оның ойшыл, сабырлы бейнесін бергім келді. Қуыршақтың қолына кітап ұстаттым. Абай халықты бірлікке, татулыққа шақырған адам ғой.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы

– Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Қазақстан тарихына байланысты жұмыстарды жалғастырамын. Былтыр «Altay Fest» фестивалінде музейдің қуыршақ көрмесін көріп, қатты шабыттандым. Сол көрмеден көрген образдар бойынша жаңа жұмыстар жасағым келеді.

– Ал өзіңіз қандай көрмелерге қатыстыңыз?

– Өскеменде жеке көрмелерім болды. Сонымен қатар Новосибирск, Ташкент қалаларындағы көрмелерге қатыстым. Мұндай шараларда басқа шеберлердің жұмысын көріп тәжірибе алмасасың, шабыттана түсесің.

– Өзіңізге ең жақын жұмысыңыз қайсы?

– Мұзтау тауына арналған қуыршақты ерекше жақсы көремін. Себебі ол образбен байланысты аңыз көп, әрі менің өзіме де жақын тақырып.

– Қазір бір қуыршақты жасауға қанша уақыт жұмсайсыз?

– Орта есеппен бір айдай кетеді. Абай Құнанбайұлының бейнесін жасауға екі ай жұмсадым. Әсіресе, киімі күрделі образ болса, көп уақыт алады. Кейде түнге дейін отырып жұмыс істеймін.

– Қуыршақтарыңыз сатыла ма?

– Иә, сатылады. Көбі шетелге кетеді. Қазақстанда, Ресейде, басқа елдерде де сатып алған адамдар көп.

– Қуыршақ жасағысы келетін жас шеберлерге қандай кеңес берер едіңіз?

– «Бойымда талант жоқ» деп ойламау керек. Ең бастысы - ниет пен еңбек. Әуелдері қуыршақ ойдағыдай шықпауы мүмкін. Бірақ көп жұмыс істесең, үйреніп кетесің. Жалпы шығармашылық деген адамды рухани тұрғыда байытады, жақсы ойларға жетелейді.

– Қуыршақтардың бағалары қандай?

– Баға материалы мен күрделілігіне қарай. Қарапайым, шағын қуыршақтар шамамен 100 мың теңгеден басталады.

– Әңгімеңізге көп рахмет!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Авторские куклы / Doll artist (@s.irena_dolls)

Еске салсақ, осыған дейін Петропавл тұрғынының полимерлі балшықтан ерекше қуыршақтар жасайтынын жазған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 04:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары