Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қырғызстанда 7 9 сынып оқушылары зорлық зомбылыққа ең көп ұшырайтыны анықталды

Қырғызстанда 7 9 сынып оқушылары зорлық зомбылыққа ең көп ұшырайтыны анықталды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қырғызстанда жалпы білім беретін ұйымдардағы зорлық-зомбылық деңгейін және балаларды қорғау механизмдерін зерттеуге арналған ұлттық зерттеудің қорытындылары жарияланды.

Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында жүргізілген фокус-топтар мен жеке сұхбаттар бірқатар өзекті мәселені ашып көрсетті.

Зерттеу деректеріне сәйкес, түрлі формадағы зорлық-зомбылық зерттеу жүргізілген мектептердің барлығында дерлік кездеседі. Оқушылардың 40%-дан 70%-ына дейінгі бөлігі буллингтің әртүрлі түріне тап болған. Ең жоғары көрсеткіш 7–9-сыныптар арасында байқалады.

Сарапшылар гендерлік айырмашылыққа да назар аударды:
ұлдар көбіне физикалық жанжалдарға қатысса, қыздар психологиялық қысымға, яғни сыртқы келбетіне, әлеуметтік мәртебесіне байланысты мазақтауға жиі ұшырайды.

Зерттеу мектептердегі зорлықтың үш негізгі түрін анықтады:

психологиялық — қорлау, оқшаулау, бойкот, мазақ;

физикалық — төбелес, күш көрсету, қоқан-лоқы;

кибербуллинг — әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қысым жасау.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары физикалық агрессия азайып, оның орнына психологиялық және онлайн-травля жиілеп келеді.

— Кибербуллинг ең өзекті қауіптердің бірі болып отыр. Педагогтар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығы төмен болып отыр, интернеттегі қауіптерге қарсы тұру тетіктері де дамымаған, — делінген зерттеу материалында.

Балалардың көп жағдайда көмекке жүгінбеу себептері де аталды: әшкереленуден қорқу, құпиялылыққа сенімсіздік, қайта буллингке ұшырау қаупі. Мектеп әкімшіліктерінің кейбірі оқу орнының беделін сақтау мақсатында мәселенің ауқымын төмендетіп көрсетуге бейім екені атап өтілген.

Зерттеу әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ықпалына да тоқталады. Ата-аналардың шетелге кетуі, отбасылық қиындықтар балалардың агрессияға тартылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі саналады. Сонымен қатар мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың әлсіреуі де жағдайды күрделендіреді.

Діни фактордың екіжақты рөлі көрсетілген: кейбір жағдайларда қысым байқалса, басқа мысалдарда имамдардың түсіндіру жұмыстары балаларға оң ықпал ететіні айтылады.

Бүкіл ел бойынша мектеп психологтарының жетіспеушілігі өткір проблема болып отыр. Мұғалімдер мен әлеуметтік педагогтар шамадан тыс есеп тапсырады, бұл олардың балалармен терең жұмыс жүргізуіне кедергі келтіреді.

Мәселені шешу үшін психолог қызметтерін күшейту, ата-аналар мен мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту және мектеп пен отбасының байланысын нығайту бойынша ұсыныстар әзірленді.

Айта кетелік 111 нөміріне балалар көбіне қандай мәселелермен хабарласқаны жөнінде жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 02:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары