Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қысқы туризмнің қалаулы бағыттары

Қысқы туризмнің қалаулы бағыттары

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қысқы туризм – ақ қар, көк мұз, салқын ауа райы мен таулы аймақтардың әлеуетін пайдаланып, демалысты белсенді әрі пайдалы өткізудің ерекше түрі, ішкі-сыртқы туристерді тарту арқылы өңірлік экономиканы дамыту құралы. Еліміздің географиялық мүмкіндігі бұл саланы өркендетуге барынша қолайлы. Жақында Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік қонақтарға арналған қысқы демалысқа баруға тұрарлық үздік 7 бағытты белгіледі. Біз бүгін қыс маусымының күш алып келе жатқанына орай, сол тамаша табиғат мекендері туралы қысқа-нұсқа әңгімелеп өткенді жөн көрдік.

Батыс Алтай

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер өңі­ріндегі мемлекеттік табиғи қорық – қыста ерекше сұлулыққа бөленетін Алтай тауларының інжу-маржаны. Әсіресе қыс мезгілінде ерекше сәнге бөленіп, көркем көз тартады. Қалың шыршалы тайга, ақ қарға оранған тау бөктерлері мен әсем тыныштық бұл аймақты демалысты мазмұнды өткізетін тамаша мекенге айналдырады. Өңір экотуризмді дамытуға да барынша сұранып тұр. Мұнда тау шаңғысы, фрирайд, сноуборд, қысқы хайкинг, фототурлар сияқты қызмет түрлері көрсетіледі.

Катонқарағай

Еліміздегі ең ірі ұлттық парктердің бірі қыста мүлде бір бөлек көрініске енеді. Берел қорғаны, Рахман қайнары, Қаракөл көлі, мұзды шыңдар және қалың қарағайлы ормандарымен кеңінен танымал. Қыс мезгілінде қар жамылған тау шатқалдары, тылсым тыныштық, саф ауа туристерге ерекше көңіл күй сыйлайды. Мұнда түрлі экотурлар, хайкинг, табиғатқа фото-жорықтар ұйымдастыруға болады. Жалпы, аудан көлемінде қысқы туризмнің әлеуеті жоғары. Мұнда алдағы уақытта тау шаңғы трассаларын дамыту, туристік кешендер салу жоспарланып отыр. Бұл аймақты қысқы демалыс пен балық аулау сияқты іс-әрекеттерге барынша бейімдеп, қонақтарды тартуға тиіс.

Алматы, Іле Алатауы

Алматы қаласы – еліміздің қысқы туризмімен танымал ірі орталығы. Шымбұлақ шатқалы – түрлі деңгейдегі трассалармен жабдықталған Орталық Азиядағы ең әйгілі тау-шаңғы курорты. Медеу мұз айдыны да туристер, демалушылар арасында кеңінен танымал, барша тұрғындар асығып тұратын тартымды орын. Іле Алатауының тамаша ландшафты мен табиғи қары қысқы демалысқа қолайлы жағдай тудырады. Басты артықшылығы, қала орталығынан тау бөктеріне небәрі 20–30 минутта жетуге болады. Алматы маңындағы қысқы туризм «Almaty Superski» сияқты әлемдік деңгейдегі жобалармен, тау-шаңғы курорттарының дамуымен, инфрақұрылымды жетілдіру арқылы қауырт өсіп келеді. Бұл да болса, аймақты туризмнің табысты саласына айналдыруға бағытталған мемлекеттік қолдау мен жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Алматының қысқы туризмі – тау-шаңғы спортынан бөлек, мұздықтар, жайлаулар мен табиғи көріністерді көруді қамтитын, жан-жақты туризмді дамытуға бағытталған кешенді бағыт.

Бурабай

Қыста ерекше сұлулыққа бөленетін Бурабай – отбасылық демалысқа таптырмайтын орын. Аңызға толы тарихи
орындары, Оқжетпес, Бурабай көлі, қарағайлы ормандардың қарға оранған көрінісі, тыныш әрі таза ауа, жайлы демалыс базалары аймақты жылдың барлық мезгілінде де тартымды етіп тұрады. Курорт аумағы шаңғы, коньки тебу, қысқы серуендер құруға өте қолайлы. (Бурабай, Көкшетау өңірі­нің қысқы туризмінің тыныс-тіршілігі туралы газеттің осы санында арнайы жазылып отыр).

Шалқар, Имантау көлдері

Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіретін бұл аймақ – қысқы оңаша демалыс пен тыныштықты бағалайтындарға лайықты мекен. Ақ қарға оранған қайың тоғайлары, таза көлдер, тыныш экожүйе турис­терге, қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлайды. Мұнда қарлы орман арасын­дағы серуен, қысқы балық аулау, табиғат аясындағы фотосессиялар, тыныш экодемалыс сынды қызмет түрлері көрсетіледі.

Жоңғар Алатауы

Жер жәннаты Жетісу өңіріндегі Жоң­ғар Алатауы – еліміздің жас әрі әлеуеті жоғары экотуристік бағыты. Туристерге, демалушыларға биік тау жоталары, қарлы асулар, жабайы табиғат көріністерімен етене таныс, барынша тартып тұрады. Таби­ғаты бастапқы күйінде сақталған аймақ фрирайд әуесқойлары, қысқы жорық жасау­шылар, табиғат зерттеушілеріне, шытырман оқиғалар туризмімен әуестенетіндерге өте қолайлы.

Баянауыл

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк қыста ерекше тылсым, әсем бір көрініске бөленеді. Жасыбай көлі, Қоңыр әулие үңгірі, Ботакөз шатқалы, Торайғыр көлі, тағы басқа да тарихи, табиғи орындар жылдың қай мезгілінде болсын баршаны өзіне баурап, тартып тұрады. Ал қыс мезгілінде қар жамылған тау жоталары, орман массивтері аймақты фототуризмнің сүйікті мекенін айналдырады.

* * *

Жалпы, қысқы спорт түрлері – шаңғы, сноуборд, коньки тебу, таза ауада серуен құру иммунитетті нығайтады, денсаулыққа аса пайдалы. Сондай-ақ қар басқан тау аңғарлары, даланың тамаша көріністері, ұсынылатын ұлттық тағамдар, ұйымдастырылатын дәстүрлі ойындар турис­терге ерекше әсер қалдырады. Қысқы туризм – тек демалыс емес, экономикалық, әлеуметтік әрі мәдени дамудың бір бағыты. Ұтымды ұйымдастыра білсе, жергілікті орындарда инфрақұрылым дамиды – тау шаңғысы базалары, қонақүйлер, дәмхана-мейрамханалар бой көтереді, жолдар төселеді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Бір сөзбен, еліміз әлеуетін тиімді пайдаланса, әлемдік туристік нарықта өз орнын таба алады. Сала табыс көзіне айналып, экономиканы дамытуға ықпал етеді. 

Соңғы жаңалықтар

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Аймақтар • Бүгін, 14:25

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Тұлға • Бүгін, 14:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты

Президент • Бүгін, 13:30

Рустам Баялиев қызметінен босатылды

Президент • Бүгін, 13:16

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

Медицина • Бүгін, 13:00

Тайынша ауданында сабаннан сапалы жиһаз жасайтын цех ашылды

Экономика • Бүгін, 12:50

«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды

Оқиға • Бүгін, 12:40

Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды

Президент • Бүгін, 12:39

Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды

Аймақтар • Бүгін, 12:30

Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр

Қоғам • Бүгін, 12:25

Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады

Әлем • Бүгін, 12:20

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

Қоғам • Бүгін, 12:05

Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:53

Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады

Қоғам • Бүгін, 11:52

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

Білім • Бүгін, 11:40

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары