Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қытай мемлекеті қолдайды деп болжанған қаскөйлер тобы ЖИ құралын қолданып, 30 ұйымға жасырын кіріп, мәліметтер жинаған

Қытай мемлекеті қолдайды деп болжанған қаскөйлер тобы ЖИ құралын қолданып, 30 ұйымға жасырын кіріп, мәліметтер жинаған

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Aikyn.kz кибершабуылдың қалай іске асырылғанын gizmodo.com сайтының материалына сүйеніп талдайды.

«Бұл – алғаш рет адамның өте аз араласуымен жүзеге асқан ауқымды кибершабуылдың құжатталған оқиғасы деп санаймыз», – деп мәлімдеді Anthropic компаниясы осы айдың басында.

Осы шабуылға байланысты Конгрестің Өкілдер палатасының Ішкі қауіпсіздік комитеті Anthropic компаниясының бас директоры Дарио Амодейге 17 желтоқсанда Конгресс тыңдауында жауап беруі үшін ресми хат жолдаған. Тыңдау Қытаймен байланысы бар тұлғалардың Anthropic шығарған Claude ЖИ жүйесін пайдаланып жасаған ықтимал кибершабуылына байланысты өтпек.

Комитет төрағасы, Нью-Йорк штатынан сайланған республикалық Эндрю Гарбарино Амодейге, сондай-ақ Google Cloud бас директоры Томас Курианға және Quantum Xchange басшысы Эдди Зервигонға келесі айдағы тыңдауға қатысу туралы шақыру жіберген. Егер Амодей келіссе, бұл – Anthropic басшысының Конгресс комитеті алдында алғаш рет жауап беруі болмақ.

Anthropic компаниясы 13 қарашада жариялаған есебінде қыркүйек айының ортасында күдікті белсенділікті анықтаған. Ішкі тексеру нәтижесінде «жоғары деңгейлі тыңшылық кампаниясы» жүргізілгенін мәлімдеген. Компанияның айтуынша, қаскөйлер жасанды интеллект Claude-тің мүмкіндіктерін бұрын-соңды болмаған деңгейде пайдаланып шабуылдар жасаған.

Зерттеу нәтижесі «Қытай мемлекеті қолдайтын» топ деп болжанған қаскөйлер Claude Code құралын қолданып, әлемнің 30 ұйымына шабуыл ұйымдастырғанын көрсеткен. Шабуыл нысанасына ірі технологиялық компаниялар, қаржы институттары, химиялық өндіріс кәсіпорындары мен мемлекеттік органдар іліккен. Компания бұны адамның қатысуы өте аз болған ауқымды кибершабуылдың алғаш тіркелген жағдайы деп отыр.

Anthropic бұл жайтты соңғы айларда жиілеген «vibe-hacking» (вайб-хаккинг) құбылысының ушығуы деп атады. «Vibe-кодинг» термині де соңғы жылда кеңінен таралып, бағдарламалау тәжірибесі жоқ адамдардың генеративті ЖИ құралдарын пайдаланып код жазуы және орналастыруы сияқты әрекеттерді қамти бастады.

Терминология одан әрі кеңейіп, басқа да көптеген қолданбаларды сипаттайтын болды. Ең белгілі мысалдардың бірі – Uber негізін қалаушы Трэвис Каланиктің All-In подкастінде өзін «vibe-физикамен» айналысамын деп жариялап, үлкен тілдік модельдер «әлемнің жаңа заңдарын» аша алмайды деп мәлімдеуі.

Ал Anthropic неге АҚШ-қа қарсы ЖИ арқылы кибершабуыл жүргізуге мүмкіндік беретін құралдар жасайды? Компания 13-ші қарашадағы өз есебінде бұл сұраққа жауап беріп, Claude жүйесінің киберқауіпсіздікте маңызды рөл атқаратынын түсіндірді.

Егер ЖИ технологиялары осындай шабуылдарды жасауға қолданылуы мүмкін болса, неге оларды ары қарай дамыту қажет? Себебі дәл осы мүмкіндіктер Claude жүйесін киберқорғаныс үшін де аса маңызды етеді. Күрделі кибершабуылдар болатыны түсінікті. Anthropic өкілдерінің айтуынша, Claude жүйесі киберқауіпсіздік мамандарына шабуылдарды анықтауға, олардың алдын алуға және жүйені жетілдіруге көмектеседі.

«Біз алғаш рет шетелдік қарсыластың коммерциялық ЖИ жүйесін пайдаланып, адамның минималды қатысуымен толыққанды кибероперация жүргізгенін көріп отырмыз. Бұл АҚШ-тың барлық федералдық агенттіктері мен маңызды инфрақұрылым секторларын алаңдатуға тиіс», – дейді Гарбарино журналистерге берген сұхбатында. 

Қазақ Елінің ірі қаржы институттары, өндіріс кәсіпорындары мен мемлекеттік органдар осындай шабуылдарға төтеп беруге қауқарлы ма?! Сіз қалай ойласыз?

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 14:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары