Қытайда алапат дауыл салдарынан 3 миллионға жуық тұрғын эвакуацияланды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фото: azertag.az
Эвакуацияланғандардың 2,2 миллионы Чжэцзян провинциясының тұрғындары. Бұл аймақ Қытайдың ірі экономикалық және технологиялық орталықтарының бірі саналады. Қазіргі уақытта қаза болғандар немесе зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.
Қытайдағы аяқ-киім фабрикасындағы алапат өрттен кемінде 28 адам қаза тапты
«Бави» тайфуны 11 шілде кешке Чжэцзян провинциясындағы Юйхуань жағалауындағы қалаға жеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, дауыл кезінде желдің екпіні өте қатты болған. Кейбір үйлердің шатыр жабындары мен ағаш бұтақтары құлаған.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, дүлей дауылдан 1300-ден астам ағаш құлаған. Кейбір аумақтарда су деңгейі көлік дөңгелегінің биіктігіне дейін көтерілген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдың Ганьсу провинциясында болған көшкін салдарынан 21 адам қаза тапқан болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Шілде 2026 20:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















