Қытайдың алюминий ыдысына салынатын демпингке қарсы баж мерзімі ұзартылды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Қытайдан әкелінетін алюминий ыдысқа салынатын демпингке қарсы баж салығының қолданылу мерзімін ұзартты. Бұл туралы комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Қытай Халық Республикасынан әкелінетін алюминий ыдысқа қатысты демпингке қарсы баж салығының қолданылу мерзімін 2027 жылдың 28 мамырына (қоса алғанда) дейін ұзартты", – делінген хабарламада.
ЕЭК қолданыстағы шараның мерзімі 2026 жылдың 24 қыркүйегінде аяқталуға тиіс екенін еске салды. Алайда комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментіне тиісті өтініш түскен. Соның нәтижесінде қайта демпингке қарсы тергеп-тексеру басталды.
"ЕАЭО-ның нормативтік базасында демпингке қарсы баждың мерзімін қайта тергеп-тексеру аяқталғанға дейін ұзарту көзделген. Бұл тексеру басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс", – деп хабарлады ЕЭК-тің сауда блогы.
Қытайдан әкелінетін алюминий ыдысқа салынатын демпингке қарсы баж салығының мөлшері 21,89% құрайды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 13:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















