Республика күніне орай Атырауда біржолғы әлеуметтік көмек ұсынылады: оны кім алады
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Атырауда Республика күніне орай 23 мыңға жуық азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Төлемді алу үшін өтініш беру талап етілмейді.
Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысының орынбасары Құралай Тілеумағамбетованың сөзіне сілтеме жасап Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, біржолғы әлеуметтік көмек 18 жастан асқан I, II және III топтағы мүгедектігі бар 22 996 азаматқа көрсетіледі.
Мерекеге орай берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішті, яғни 86 500 теңге. Қаражат белгіленген тәртіпке сәйкес көмек алушылардың есепшоттарына аударылады.
– Біржолғы әлеуметтік көмек мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау және мерекелік күн қарсаңында материалдық тұрғыдан қолдау мақсатында көрсетіледі. Мұндай көмек 2021 жылдан бері беріліп келеді. Сонымен қатар мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға да қолдау қарастырылған. 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мамыр айында да осындай көмек көрсетілді, – деді Қ. Тілеумағамбетова.
8 қазан, 17:14
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Ақтөбеде Жеңіс күніне орай 4 мыңнан астам адамға біржолғы көмек беріледі
22 Сәуір 2026 17:43
Тәуелсіздік күніне орай біржолғы ақшалай төлем кімдерге берілмек
16 Желтоқсан 2025 14:03
Республика күніне орай Алматыда төрт мектеп ашылады
22 Қазан 2025 23:13
Республика күніне орай елімізде Жанашыр жүрек акциясы өтуде
23 Қазан 2025 16:46
Республика күніне орай көкпардан клубтар арасындағы турнир ұйымдастырылады
24 Қазан 2025 14:07
Көрілімдер:18
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 15:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















