Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Саясат Нұрбек: Елімізде 27 146 ғалым жұмыс істейді

Саясат Нұрбек: Елімізде 27 146 ғалым жұмыс істейді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Делегацияны РҒА вице-президенті, Сібір бөлімшесінің төрағасы Валентин Пармон басқарды. Делегация құрамында Новосібір облысындағы Кольцово жұмысшы кентінің әкімі Николай Красников, «Академпарк» АҚ бас директоры Дмитрий Верховод және бизнес өкілдері болды.

Биыл мамыр айында Қазақстан делегациясы Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрінің басшылығымен Новосібір облысындағы ғылым қалашығына барып, ғылымға негізделген аумақтарды дамыту жөніндегі Ресейдің тәжірибесімен танысқан болатын.

Кездесу ғылыми-технологиялық саладағы қазақстандық-ресейлік әріптестікті нығайтуға бағытталды. Әсіресе жоғары технологиялық аумақтарды қалыптастыру мен дамыту бойынша озық тәжірибелерді алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр атап өткендей, ғылым қалашықтарын құру жобасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды жедел дамытуға бағытталған бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді.

— Ғылым мен инновацияны дамыту — елдің жаңа экономикалық даму бағытының негізгі басымдықтарының бірі. Бүгінде елімізде 27 146 ғалым жұмыс істейді, олардың 47 пайызы — жас зерттеушілер. Елде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын 423 ұйым бар. Осы тұрғыда ғылым қалашықтары ғылыми зерттеулерді, білім беруді, өндірісті және ғалымдарға жайлы өмір сүру ортасын біріктіретін толыққанды инновациялық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді, — деді министр.

Кездесу барысында РҒА Сібір бөлімшесінің өкілдері өңірдің инновациялық дамуының қолданыстағы моделін таныстырды. Ол «Лаврентьев тетраэдры» қағидасына негізделген және дәстүрлі «ғылым — білім — өндіріс» үштағанының кеңейтілген тұжырымдамасы. Мұнда төртінші қыр ретінде тұрақты ғылыми-технологиялық экожүйенің байланыстырушы буыны саналатын мемлекеттік басқару жүйесі қарастырылады. Сондай-ақ Сібір бөлімшесінің төрағасы Валентин Пармон министрді Қазақстан Республикасының Сібір бөлімшесімен ғылыми-техникалық және білім беру ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін академик Гурий Иванович Марчуктың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады.

Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі — үш академқалашықты, Новосібір мемлекеттік университетін және ондаған ғылыми-зерттеу институттарын біріктіретін ең ірі ғылыми-инновациялық кластерлердің бірі.

Кездесу қорытындысы бойынша ғылыми-техникалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, сондай-ақ ғылымға негізделген аумақтарды құру және дамыту саласындағы тәжірибе алмасу жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Айта кетейік, қазақстандық ғалымдар ауызсуды тазартатын инновациялық қондырғы жасады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 05:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары