Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Семей орманындағы өртті сөндірген тракторшы Құрмет орденімен марапатталды

Семей орманындағы өртті сөндірген тракторшы Құрмет орденімен марапатталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құтқарушылар күні қарсаңында осы салада табысты еңбек етіп келе жатқан бір топ азаматты марапаттады. Олардың қатарында «Семей орманы» мемлекеттік резерватының Бегенев филиалына қарасты Дөңгелек орман шаруашылығының тракторшысы Елеуов Ерлан Мұратұлы да бар. Ол Президент Қаулысымен «Құрмет» орденіне ие болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елеуов Ерлан Мұратұлы – 1962 жылы 19 қазанда Абай облысында дүниеге келген.

Ол орман шаруашылығы саласындағы еңбек жолын 1995 жылдың қыркүйек айында бастаған. 2020 жылдың қазан айынан бастап ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің РММ «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының Бегенев филиалына қарасты Дөңгелек орман шаруашылығында тракторшы болып қызмет атқарады.

Еңбек жолында орман шаруашылығы мен табиғатты қорғау саласына ерекше еңбек сіңірген жан. Орман алқаптарын қалпына келтіру жобаларына қатысып, 1000 гектардан астам жерге ағаш отырғызуға үлес қосты. Орманды қорғауға арналған қоғамдық қозғалыстардың құрылуына және олардың жұмысын қолдауға, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға белсене атсалысты.

Далалық, тұрмыстық және орман өрттерін сөндіруге бірнеше рет қатысып, орман дақылдарын отырғызу мен күтіп-баптау жұмыстарында белсенділік танытты. Жас қызметкерлер және студенттермен өзінің көпжылдық тәжірибесі мен білімін бөлісіп, көмек көрсетіп келеді. Орман дақылдарын себу мен күтіп-баптау бойынша өндірістік тапсырмаларды жоспардан асыра орындап, бекітілген учаскелер бойынша жоғары өнімділікке қол жеткізе білді.

Ерлан Мұратұлы бірнеше ірі орман өрттерін сөндіруге тікелей қатысып, кәсібилігін, жанқиярлығы мен төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекетке дайын екенін көрсетті.

2020 жылдың 23-24 сәуірі аралығында «Семей орманы» Байдәулет орман шаруашылығының ерекше қорғалатын табиғи аумағында болған өртті сөндіруге қатысты. Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, жалпы өрт аумағы 6 699,84 гектарды құраған, оның ішінде 5 429,13 гектары – мемлекеттік орман қоры жерлері. Белсенді ошақ аумағы 3 948 гектар болған. Ерлан Мұратұлының жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің таралуының алдын алуға мүмкіндік туды.

2022 жылдың 21 маусымында «Семей орманы» Грачи орман шаруашылығына қарасты Долон филиалы аумағында, Грачи ауылынан 15 км жерде шыққан өртті сөндіруге қатысты. Өрттің жалпы аумағы шамамен – 280 гектар, оның ішінде 150 гектары – орман алқабы, 130 гектары – ауылдық округ жерлері.

2025 жылдың 4 сәуірінде Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Қоянбай ауылында басталған ірі өртті сөндіруге қатысты. Күшті желдің әсерінен өрт «Семей орманы» табиғи резерватының Морозов филиалына тараған. Ресми мәлімет бойынша, өрт 1 200 гектар жерді шарпыған, оның ішінде 800 гектары – дала, 400 гектары – орман алқаптары. Қиын жағдайға қарамастан, табандылық танытып, өрттің елді мекендерге таралуын болдырмауға белсене қатысты.

Осылайша, Елеуов Ерлан Мұратұлы орман шарушылығы саласындағы 30 жылдан астам қажырлы еңбегі мен жанқиярлығының лайықты бағасы ретінде «Құрмет» орденімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 15:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары