Семейдегі биологиялық орталыққа келгендер арыстандар тұрған қоршауға тас лақтырған
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Келушілер жануарларға тас және басқа да түрлі заттар лақтырған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша тексеру басталған.
Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларының жазбалары қаралып, куәгерлер анықталып, түсініктемелер алынуда. Қатысы бар тұлғалар анықталған соң, олардың әрекеттеріне заң аясында баға берілмек.
Биологиялық орталық өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдайлар соңғы кезде жиілеп кеткен. Өкінішке қарай, ереже бұзушылардың арасында ересектер де бар.
— Бұл жай ғана ермек емес, жануарларға жасалған қатыгездік. Соның салдарынан олар қорқыныш пен күйзелісті сезінеді, - дейді мекеме қызметкерлері.
Орталық мамандары келушілерді жауапкершілікке шақырып, жануарларға зат лақтырмау, оларды мазаламау және рұқсатсыз тамақ бермеу сынды қарапайым ережелерді сақтауды сұрайды.
Еске салайық, осыған дейін жануарларды өлтіргендер 5 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған болатынбыз
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Сәуір 2026 19:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















