Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

“Сен басқалардың назарын аудартқың келеді“: аутоагрессия деген не және өзіңді кінәлауды қалай тоқтатуға болады?

“Сен басқалардың назарын аудартқың келеді“: аутоагрессия деген не және өзіңді кінәлауды қалай тоқтатуға болады?

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Өзі бұрыннан армандап жүрген жетістікке басқа біреудің жеткенін көргенде іштей өзін кінәлау немесе өзін ауыр сөздермен балағаттау әдеті жай ғана мінездің ерекшелігі емес, аутоагрессияның белгісі болуы мүмкін.

Аутоагрессия дегеніміз не, адамдар неге өзіне зиян келтіретін әрекеттерге барады және жақын адамға дер кезінде көмек қажет екенін қалай байқауға болады? Бұл туралы Tengri Health тілшісі анықтап көрді.

Аутоагрессия дегеніміз не: белгілері мен мысалдары

Аутоагрессия - адамның саналы немесе бейсаналы түрде өз-өзіне зиян келтіретін мінез-құлық формаларының бірі. Бұл жағдайда агрессия қоршаған ортаға емес, адамның өз тәніне, психикасына немесе эмоционалдық жағдайына бағытталады.

Ол психикалық бұзылыстардың түріне жатпаса да, мамандардың назары мен көмегін қажет етеді.

Алматы қалалық Психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатры Нуритдин Абдуллаев өз тәжірибесінде мұндай пациенттерді жиі кездестіретінін айтты.

Оның айтуынша, аутоагрессия әрдайым айқын біліне бермейді. Келесі жағдайлар сақтандыруға себеп болуы мүмкін:

терінің түсініксіз себептермен жиі жарақаттануы; ауа райына қарамастан үнемі жабық киім киіп жүру; өзін-өзі айыптауға бейімділік; тәуекелге бас тігу (қауіпті мінез-құлық); өз денсаулығына немқұрайлы қарау; психоактивті заттарды асыра пайдалану; өзінің дәрменсіздігі мен пайдасыздығы туралы жиі айту.

"Адам ұзақ уақыт бойы бойында аутоагрессия бар екенін түсінбеуі мүмкін және мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Көптеген пациент жылдар бойы өз мінез-құлқы өзін-өзі құртуға бағытталғанын сезбейді. Оны мінез ерекшелігі, әдеттер немесе жағдайлармен түсіндіреді. Белгілі бір әрекеттердің аутоагрессия екенін сезіну кейде тек психотерапия немесе психиатриялық тексеру кезінде ғана мүмкін болады", - дейді дәрігер.

Дәрігер Нуритдин Абдуллаевтың айтуынша, кейбіреулер аутоагрессияны тек селфхарм - өзіне-өзі қол жұмсау ниетінсіз әдейі жарақат салу деп түсінеді. Шын мәнінде, бұл оның тек бір ғана түрі.

Анықтама: Нуритдин Абдуллаев - Алматы қалалық Психикалық денсаулық орталығының жоғары санатты дәрігер-психиатры. 15 жылдан аса уақыт бойы психотерапиямен айналысады, пациенттерді қабылдайды, сонымен қатар медицина қызметкерлеріне коммуникативтік дағдыларды жақсарту бойынша тренингтер өткізеді. Дәрігерлердің психиатрия және наркология бойынша біліктілігін арттыру курстарында дәріс береді.

Дәрігердің түсіндіруі бойынша, адам өзіне әртүрлі жолмен зиян келтіруі мүмкін, мысалы:

ішімдікке немесе есірткіге салыну, емделуден бас тарту, өзін үнемі төмендету, қарым-қатынастарды бұзу, өзін қауіп-қатерге тігу немесе саналы немесе бейсаналы түрде өзіне зиян тигізетін басқа да әрекеттер жасау.

"Аутоагрессия - бұл әрдайым өзіне қол жұмсауға әрекеттену емес. Мұндай мінез-құлық эпизодтарының көбі өлімге ұмтылумен байланысты емес. Аутоагрессия кезіндегі негізгі мақсат - эмоционалдық кернеуді азайту, ішкі ауырсынуды жеңілдету немесе өз күйін бақылау сезімін қалпына келтіру".

Нуритдин Абдуллаев

дәрігер-психиатр

Сонымен қатар ол мұндай жағдайды ешбір жағдайда елеусіз қалдыруға болмайтынына назар аударады. Дәрігердің айтуынша, аутоагрессияның болуы кейінгі суицидтік әрекеттердің қаупін арттырады. Сондықтан ол әрдайым маманның мұқият бағалауын қажет етеді.

Аутоагрессияның себептері: адам неге өзіне зиян келтіре бастайды?

Дәрігердің сөзінше, аутоагрессия сирек жағдайда кенеттен пайда болады. Көбіне оған созылмалы стресс, психологиялық жарақаттар, депрессия, мазасыздық және ұзақ уақытқа созылған эмоционалды қолайсыздық себеп болады.

"Адамның эмоционалдық өзін-өзі реттеу дағдылары жеткіліксіз болғанда, өзіне зиян келтіру ішкі күйзелістермен күресудің патологиялық әдісіне айналуы мүмкін. Көптеген пациент үшін аутоагрессия - бұл күшті эмоциялармен күресудің өзіндік механизмі", - деп түсіндіреді Нуритдин дәрігер.

Физикалық ауырсыну кезінде ағза эмоционалдық кернеуді қысқа уақытқа төмендететін заттар бөліп шығарады. Сонымен қатар, назар жан күйзелісінен тән ауруына ауады.

"Сондықтан адам қысқа мерзімді жеңілдік сезінуі мүмкін, бірақ қасіреттің негізгі себебі бұдан жойылып кетпейді", - деп ескертеді психиатр.

Дәрігердің айтуынша, аутоагрессия туралы тағы бір жаңсақ түсінік - адам өзіне тек назар аударту үшін ғана зиян келтіреді деген сенім.

"Шын мәнінде, аутоагрессивті мінез-құлық көбінесе айқын психологиялық қолайсыздықтың және стресспен күресудің тиімсіз әдістерінің белгісі болып табылады", - деді дәрігер.

Аутоагрессиясы бар адамдар көбіне неге шағымданады?

Дәрігер аутоагрессия диагнозы қойылған адамдар жиі сипаттайтын эмоцияларды атап өтті:

ішкі күйреу, қатты мазасыздық, кінә сезімі, тұрақты эмоционалдық шиеленіс, жалғыздық сезімі, ұйқының бұзылуы, өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, шарасыздық пен ұят сезімі, өзіне бағытталған айқын ашу-ыза сезімі.

"Кейде адамға басынан өткеріп жатқан сезімдерін атап айтудың өзі қиын соғады, ол тек ішкі шиеленістің өте жоғары деңгейін сезінеді. Мен жиі мынадай сөздерді естимін: "Менің өлгім келмейді. Мен тек осы ауырсынудың басылғанын қалаймын", - дейді маман.

Бұған қоса, дәрігер Нуритдин Абдуллаев аутоагрессиясы бар пациенттің типтік тарихын мысалға келтіреді.

Жас қыз өзіне бірнеше рет физикалық зақым келтірген. Ата-анасы оны осылайша өзіне назар аудартқысы келеді деп сенген.

"Бірақ пациентпен сөйлесу кезінде қыздың бірнеше жыл бойы қатты мазасыздық, жалғыздық сезімін бастан өткергені, өзін отбасына жүк деп санағаны, бірақ уайымдары туралы ешкімге айтпағаны белгілі болды. Өзіне зақым келтіру оған тек қысқа мерзімді жеңілдік әкелген, содан кейін кінә сезімі одан сайын күшейе түскен", - деп еске алады дәрігер.

Емдеу мен психотерапия басталғаннан кейін қыз бірте-бірте эмоциялармен күресудің сау жолдарын үйренді.

Дәрігер Абдуллаевтың айтуынша, бірнеше айдан кейін аутоагрессия эпизодтары тоқтап, бір жылдан соң ол оқуына қайта оралған, болашаққа жоспар құра бастаған және ұзақ уақыттан бері алғаш рет өмірге деген қызығушылықты сезінгенін айтқан.

"Мен аутоагрессияның артында көбіне өлімге деген құштарлық емес, шексіз ауырсыну тұратынын тағы да атап өткім келеді. Адам бұнымен өз бетінше қалай күресу керек екенін білмейді. Көп жағдайда мамандарға дер кезінде жүгінгенде мұндай адамдарға шынымен де көмектесуге болады", - дейді дәрігер.

Аутоагрессия және балалық шақтағы уайымдар: зерттеулер не дейді?

2019 жылы The Lancet Psychiatry журналында ғалымдар бала кезінде көрген қатыгездіктің кейіннен аутоагрессияның дамуына шынымен әсер ететінін анықтауға тырысқан жүйелі шолу жарияланды.

Авторлар суицидтік емес аутоагрессия мен балалық шақтағы қатыгездіктің түрлі формалары арасындағы байланыс бағаланған 71 ғылыми жұмыстың деректерін талдады:

жыныстық зорлық-зомбылық; физикалық зорлық-зомбылық; эмоционалдық зорлық-зомбылық; физикалық немқұрайлық; эмоционалдық немқұрайлық.

Зерттеушілер бала кезінде қатыгездік көрген адамдар аутоагрессияға әлдеқайда жиі тап болатыны туралы қорытындыға келді. Байланыс қолайсыздықтың барлық түрінде дерлік анықталды.

Бұл ретте зерттеу авторлары: бұл зорлық-зомбылық міндетті түрде аутоагрессияға әкеледі дегенді білдірмейді деп баса айтады. Сөз тек мұндай тәжірибенің өзіне зақым келтіру мінез-құлқының даму ықтималдығын айтарлықтай арттыратыны туралы болып отыр.

Сондықтан дәрігерлер аутоагрессиясы бар пациенттерді тексеру кезінде оларға балалық шағында қалай қарағанын міндетті түрде анықтауды ұсынады. Бұл қауіп тобындағы адамдарды ерте анықтауға және емдеуді дер кезінде бастауға көмектеседі.

Дәрігер Нуритдин Абдуллаев кейбір адамдар өз жағдайын еңсере алмайтынын түсінгенде, дәрігерге өз бетінше жүгінетінін айтады. Бірақ көбіне туыстары немесе достары бірінші болып дабыл қағады.

Әсіресе мінез-құлқындағы өзгерістерді, тұйықталуды, өзіне зақым келтіру іздерін немесе өмірдің мәнсіздігі туралы айтқан сөздерін байқағанда.

Бұл ретте емдеудің қанша уақытқа созылатынын алдын ала айту мүмкін емес.

"Менің тәжірибем бойынша, ең ұзақ бақылау кезеңі шамамен екі жылды құрады. Бірақ бұл жерде біз аутоагрессияның өзін емес, оған алып келген психикалық жағдайды емдейтінімізді түсіну маңызды", - деді психиатр.

Қандай сөздер жағдайды ушықтырады: жақындарына кеңес

Сондай-ақ дәрігер Абдуллаев жақындары тарапынан болатын ең жағымсыз реакция - бұл мән бермеу (құнсыздандыру) және айыптау екенін айтады. "Сен жай ғана өзіңді жақсы көрмейсің", "Бұл бос нәрсе", "Сен жай ғана басқалардың назар аудартқың келеді", "Өзіңді қолға ал" немесе "Басқаларға бұдан да қиын" деген сияқты тіркестер кінә, ұят және оқшаулану сезімін күшейтеді.

Оның орнына ол жақынын немесе досын сабырмен тыңдауға, оны сынамауға және оның жалғыз емес екенін, арқа сүйер адамы бар екенін көрсетуге кеңес береді. Осылайша оның кәсіби психиатриялық немесе психологиялық көмекке жүгіну ықтималдығы артады.

Авторы: Анжела Ким

Аударған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

кеңес

Психология

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Тамыз 2026 12:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see152

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see150

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see149

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see148

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see145

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see145

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see143

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see142

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see142

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see141

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see141

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see140

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see140

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see138
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары