Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Сенат қабылдаған жаңа заң бойынша жасанды интеллект өзінің адам емес екенін айтуы міндетті

Сенат қабылдаған жаңа заң бойынша жасанды интеллект өзінің адам емес екенін айтуы міндетті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

BGR сайтының хабарламасына сүйенген Aikyn.kz, пайдаланушы чат-ботты адам екен деп қалса, заң оны қалай қорғайтынын түсіндіреді.

Губернатор Гэвин Ньюсом: «Әр адам кіммен сөйлесіп отырғанын, адаммен бе, әлде жасанды интеллектпен бе, нақты білуі тиіс». Фото opb.org сайтынан алынды. Авторлығы: AP / Rich Pedroncelli 

Енді жасанды интеллект (ЖИ) негізінде жұмыс істейтін барлық чат-боттар егер пайдаланушы оларды адам деп қателесуі мүмкін болса, өздерінің жасанды жүйе екенін хабарлауға міндетті болады.

Жаңа заңға сәйкес, чат-боттарды әзірлеушілер пайдаланушыға анық және түсінікті хабарлама ұсынуы тиіс. Чат-бот өзінің адам емес, жасанды интеллект құралы екенін көрсетуі керек.

Құжатта бұл талап «пайдаланушы чат-ботпен сөйлескенде оны адам деп ойлап қалуы мүмкін жағдайларда» қолданылады деп көрсетілген. Бұл заң пайдаланушыға қызмет көрсету чат-боттарына немесе дауыстық көмекшілерге қатысты емес. Себебі олар пайдаланушымен ұзақ әрі жеке байланыс орнатпайды.

Жаңа заң талабы ChatGPT, Gemini, Claude және адамша сөйлей алатын өзге де кеңейтілген жасанды интеллект жүйелеріне қатысты.

Калифорнияның бұл заңды қабылдау себебі қандай?

Соңғы жылдары адамдардың жасанды интеллект пен адам арасындағы айырмашылықты ажырата алмауы жиі байқалып келеді. ЖИ-дің тілдік модельдері жетілдірілген сайын, чат-боттар адамдармен эмоциялық деңгейде сөйлесе бастады. Кейбір пайдаланушылар олармен тек ақпарат алу үшін емес, эмоционалдық қолдау немесе виртуалды қарым-қатынас үшін сөйлеседі.

Бұл үрдіс бірқатар даулы жағдайларға алып келді. OpenAI компаниясы бір жасөспірім ChatGPT-мен сөйлескеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған соң сотқа тартылды. Осы оқиғадан кейін OpenAI қосымша қауіпсіздік шараларын, соның ішінде ата-ана бақылауы мен пайдалану мониторингін енгізді.

Бұл шаралар тек ірі платформаларға қатысты. Ал интернетте «жасанды достар» немесе «виртуалды серіктестер» түріндегі көптеген қосымшалар пайда болуда. Бұл жерде пайдаланушылар шынайылық пен цифрлық қиялдың шекарасын жиі жоғалтады.

Жаңа заң осындай жағдайларды болдырмауға бағытталған. Ол психологиялық және эмоциялық тәуекелдерді азайтып, адамдардың жасанды интеллекті шын адам деп қабылдауынан сақтандыруды көздейді.

Губернатор Гэвин Ньюсомның әкімшілігі заңның басты мақсатын «пайдаланушыны қорғау және ашықтықты қамтамасыз ету» деп белгілеген. Олардың пікірінше, әр адам кіммен сөйлесіп отырғанын, адаммен бе, әлде жасанды интеллектпен бе, нақты білуі тиіс.

Бұл заң АҚШ-тың басқа штаттарына және өзге елдерге үлгі болуы мүмкін. Өйткені бүгінде жасанды интеллектпен қарым-қатынастың этикалық және құқықтық аспектілері жаһандық деңгейде талқылануда. Сарапшылардың айтуынша, осы заң арқылы технологиялық орталық саналатын Калифорния цифрлық этика мен ЖИ реттеуінің жаңа стандартын қалыптастырып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 17:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see152

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see150

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see148

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see146

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see133

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see130

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see130

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see130

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see129

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see128

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see128

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see124

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see122

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see122

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see121

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see120

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see119

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see119

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see119

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары