Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Шавкат Мирзиёев Бұхарада Орталық Азия Ресей өнеркәсіптік хабын құруды ұсынды

Шавкат Мирзиёев Бұхарада Орталық Азия Ресей өнеркәсіптік хабын құруды ұсынды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сөз басында Шавкат Мирзиёев өңірлер арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейге шыққанын айта келе, «Орталық Азия — Ресей» форматының маңызына тоқталды.

— Ресей біз үшін негізгі стратегиялық серіктес және одақтас болып қала бермек. Бізді ортақ тарих, ғасырлар бойы қалыптасқан байланыс, халықтарымыздың мәдени жақындығы біріктіреді. Осы орайда, әдемдік геосаяси шиеленістер, ықтимал дағдарыстар және жаңа сын-қатерлер «Орталық Азия — Ресей» форматының маңызын арттыра түсті, — деді Өзбекстан басшысы.

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Шавкат Мирзиёев аталған формат аясында 2027 жылға дейінгі бірлескен іс-қимыл жоспарын өзектендіре түсу қажеттігін айтты. Бұл ретте ресми Ташкент терең зерделеу арқылы маңызды бағыттарды анықтап, тиісінше «Жол карталарын» әзірлеуді ұсынды.

Сондай-ақ, Өзбекстан президенті тапсырмаларды уақтылы орындау, ірі жобаларды жедел әрі сапалы жүзеге асыру үшін үкімет басшыларының орынбасарлары деңгейіндегі Үйлестіру кеңесін құру бастамасын көтерді.

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

— Орталық Азия Ресеймен экономикалық серіктестікті тереңдетуге мүдделі. Біз бұл бағытқа басымдық береміз және бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Сондықтан ұсынып отырған Үйлестіру кеңесі шеңберінде тауар айналымын арттыруға бағытталған кешенді шараларды әзірлеу орынды деп санаймыз. Ол үшін тауарларды өзара нарықтарға шығару және кедендік рәсімдерді оңтайландыруға назар аудару қажет, — деп тоқталды Өзбекстан президенті.

Шавкат Мирзиёев өнеркәсіп саласын дамытуға қатысты да ұсыныс білдірді. Ол аталған бағыттағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін Бұхара қаласында «Орталық Азия — Ресей» өнеркәсіптік хабын құру қажеттігін айтты. Оған ресми Ташкент жан-жақты қолдау көрсетпек.

Сондай-ақ, Өзбекстан басшысы энергетика саласындағы ықпалдастыққа да ерекше тоқталды. Шавкат Мирзиёевтің пікірінше, бірлескен жобаларды әзірлеу және оларды іске асыру мақсатында «Орталық Азия мен Ресейдің энергетикалық әріптестігі» кешенді бағдарламасын қабылдау қажет.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия — Ресей» саммитіне қатыса отырып, бірқатар маңызды бастама көтерді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасында астық өңдеудің бірлескен кластерін құруды ұсынды. Мұнымен бірге ол «Орталық Азия — Ресей» форматындағы алғашқы ректорлар форумын елімізде өткізу бастамасын көтерді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 01:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see158

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see132

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see129

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see124

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see124

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see123

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see112

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары