Шерзат Полат ісі: кассациялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қалиахметтің адвокаты қылмыс құрамының болмауына байланысты оны ақтауды, ал Тоқтаубаевтың адвокаты жазаны жеңілдетуді сұрады.
Жәбірленуші Шерзат Полаттың адвокаты мен туыстары үкімді өзгеріссіз қалдыру жөніндегі ұстанымын жеткізді. Нәтижесінде, кассациялық сот сотталушылардың шағымын қанағаттандырған жоқ.
– Азамат Маратбекұлы Тоқтаубаев және Дидар Еркінұлы Қалиахметке қатысты Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған және ауданаралық сотының 2025 жылғы 5 маусымдағы үкімі және Алматы облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын, – деді судья Артур Наримов.
Еске салайық, 2025 жылғы 5 маусым күні сот үкімімен 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты 9 адам 1,5 жылдан 23 жылға дейін сотталды.
2025 жылғы шілде айында сотталғандардың бірі — Думан Ысқақ жазасын өтеп, бостандыққа шықты.
Ал сол жылы тамыз айында қалған айыпталушылар апелляциялық шағым бергенімен, сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 17:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















