Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Қазақстан бақылау тарихындағы ең ыстық жылды бастан өткерді

Олимпиада чемпиондары Михаил Шайдоров төңірегіндегі дауға байланысты пікір білдірді

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Лондондағы Мисс Кәусар

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

Шетелмен әріптестік не береді?

Шетелмен әріптестік не береді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кейінгі кезде үкіметте елімізді академиялық хабқа айналдыру жөнінде жиі айтылып жүр. Осы мақсатта Қазақстанда шетелдердегі беделді жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу қарқынды қолға алынды. Мұндай мүмкіндік отандық мектептердің түлектеріне шекарадан шеткері шықпай-ақ әлемдік деңгейдегі университеттердің дипломын алуға жағдай жасады. Бұдан басқа тағы қандай артықшылығы мен тиімділігі бар? Тарқатып көрейік.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Табыс. Ең алдымен, бұл бағытта жұ­мыстың жай-жапсарына үңіліп, жаңарған деректер келтіре кетейік. Бүгінге дейін елімізде шетелдің жоғары оқу орындарымен бас-аяғы 40 страте­гия­лық әріптестік орнатылыпты. Әріптестік негізінде әртүрлі тәсіл арқылы филиал, франшиза, әріптестік, консорциум жүзеге асырылды. Оның ішін­де 22-сі шетелдік жоғары оқу орындары­ның филиалы түрінде ашылды. Ұлыбри­та­ния, РФ және АҚШ-тың – 5, ҚХР-дың – 4, Оңт­үс­тік Кореяның – 3, Германияның – 2, сондай-ақ Түр­­кия, Өзбекстан, Польша, Франция, Ита­лия, Мажарстан, Финляндия елдерінің бір-бірден жоғары оқу орындары бар.

Тиімді тұстарына тоқталсақ, біріншісі – жо­ғары білімді импортқа айналдырып сата алу, соның есебінен ел экономикасына қаржы құю.

Өйткені бізде ашылған шетелдік беделді университеттердің филиалы отандастарымызды ғана емес, алыс-жақын мемлекеттердің азаматтарын да қызықтырады. Айталық, Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегіне сүйенсек, биылғы оқу жылында Қазақстанға 31,5 мың шетелдік студент, соның ішінде Үндістаннан 12 мыңнан аса, Ресейден 3 мыңнан көп, Қытайдан 2 мыңнан аса адам оқуға келді. Сонымен қатар Моңғолия, Нигерия, Франция, Германия, Италия, АҚШ студенттері де бар. Биыл алғаш рет Аустралиядан да білім алушылар елімізге ат басын бұрды. Осының нәтижесінде Қазақстанға шамамен 30 млрд теңге табыс түскен. Бұдан да бұрын басты табыс – әлемдік стандарттарға сай маман даярлау болса керек.

Басымдықтар. Филиалдарды ашу өңір­лік қағи­даттарды ескере отырып жүзеге асыры­лып, техникалық сала (білім беру бағдар­ла­ма­ларының 80%-ы), сонымен қатар бизнес, креативті индустрия және педагогикалық ғылымдар бойынша мамандар даярлауға бағытталған.

Тарқатып айтсақ, жалпы шетелдік университеттермен әріптестік арқылы ашылған оқу орындарында негізгі басымдық үш бағытқа берілді. Инженерлік мамандықтар: «Мұнай инженериясы және энергия менеджменті», «Электрэнергетика», «Компьютерлік инженерия», «Машина жасау, жалпы техникалық ғылымдар»,  «Экология, табиғатты пайдалану, энергетикалық менеджмент», «Жасанды интеллект, цифрлық даму», «Бағдарламалау, есептеу техникасы» мамандықтары оқы­ты­лып жатыр. Осыған қоса машина жасау, атом энергетикасы, ядролық технологиялар (МЗФИ филиалы) мен бизнес-мамандықтар бойынша маман дайындайтын филиалдар да жұмыс істейді (мысалы, «De Montfort»). Мұның барлығы республикамызда сұранысқа және маңызға ие мамандықтарды әлемдік стандарттарға сай етіп дайындауға мүмкіндік береді.

Әлеуеті. Қазақстанда шетелдік беделді университеттердің филиалдарын ашудың тағы бір ұтымды тұсы – еліміздің жоғары білім сапасын арттыруға ықпал ететінінде. Себебі шетелден білім ғана емес, білім беретін профессорлық-оқытушылық құрам да қоса келеді. Бұл өз кезегінде біздің оқытушыларға шетелдердегі орталықтарда тәжірибе алмасумен бірдей жағдай жасайды. Күнделікті бірге жұмыс істеу арқылы халықаралық әдістерді игеріп, дәрістер мен семинарларда қолданып көре алады, нәтижелерін шетелдік әріптестерімен өзара талқылап, бір-бірінің сабағына қатыса алады. Мұны бір деңіз, екіншіден, отандық жорғары оқу орындарының жанынан шетелдік әріптестік негізінде түрлі орталықтың құрылуы, филиалдардың ашылуы еліміміздегі университеттер арасында бәсеке тудырады. Шынайы бәсеке сапаға жетелейді. Нәтижесінде, біздің оқу орындары да әлемдік стандарттарға сай оқытуға ұмтылады.

Деңгей. Бізде ашылған филиалдардың әлеуеті расымен де «оңай шағылатын жаңғақ емес» екені айтылады. Кейінгі кезде ашылған филиалдардың бірқатарын атап, жоғары оқу орындарының қандай деңгейге ұмтылуды көздейтінін болжап көрейік.  Мәселен, өткен айда ғана  атақты америкалық кино мектебі – «New York Film Academy» филиалы Қазақстанда ашылды. Енді кино және медиа саласында білім алып, шығармашылығын шыңдағысы келетіндерге Америкаға аттанудың қажеті жоқ.

Тағы бір ерекше айта кетерлігі, бұл – Орталық Азиядағы алғашқы әрі әзірге жалғыз филиал. Демек Орта Азия елдерінен алдағы уақытта Қазақстандағы «New York Film Academy» филиалына оқу іздеп келетіндер қатары көбеюі мүмкін, себебі оларға мұхит асқаннан гөрі бізге келіп оқу қаржы жағынан тиімді болары сөзсіз. Тағы бір мысал, жақында Түркістан қаласында «Woosong University Kazakhstan» университеті ашылды. Бұл – Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орны. Бірнеше жыл бұрын ғана облыс орталығы мәртебесін алған шағын қалаға мұндай мүмкіндік өңірлік жоғары білімнің жаңа деңгейге шығуына септеседі. Осы секілді бірнеше шетелдік беделді жоғары оқу орындарының еліміздің ірі қалаларында емес, облыстарда ашылуы жастардың мегаполиске ағылуын азайтады.

Енді бір нұсқаны мысалға келтіре кетейік, бұл үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің таратқан ақпаратынан мынау бір үзіндіге назар салсақ: 2025 жылғы 3 қыркүйекте «Cardiff University» филиалы Астанада ресми түрде ашылды. Бұл университет – беделді «Russell Group» бірлестігіне мүше және Орталық Азиядағы осындай деңгейдегі алғашқы шетелдік кампус. «Cardiff University Kazakhstan» «Computer Science», «Business Management», «Civil Engineering», «Exploration Geology» бағыттары бо­йынша бакалавриат бағдарламаларын, сондай-ақ «STEM» және бизнес салаларына арналған дайындық (foundation) курстарын ұсынады. Оқыту толықтай ағылшын тілінде, Кардифф қаласындағы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен өтеді. Студенттерге британдық білімнің қолжетімділігін арттыруға және Қазақстанның кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған академиялық стипендиялар мен гранттық бағдарламалар қарастырылған», делінген. 

Түйін. Сөзімізді қорытындыласақ, Қазақ­стандағы шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікте құрылған кез келген дүние (филиал, кампус, орталық, шеберхана, т.б.) бастапқы мақсатында еліміздің болашағын жақсартуға жасалып жатқан қадам екені түсінікті, тек әуелгі мақсатынан айнымай, біздегі барды, осыған дейін жанып тұрған шырақты сөндіріп алмаса игі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 08:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

29 Мамыр 2026 17:01see116

Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

29 Мамыр 2026 11:54see114

Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

29 Мамыр 2026 11:50see114

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see112

Қазақстан бақылау тарихындағы ең ыстық жылды бастан өткерді

29 Мамыр 2026 11:29see112

Олимпиада чемпиондары Михаил Шайдоров төңірегіндегі дауға байланысты пікір білдірді

29 Мамыр 2026 11:51see110

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see110

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

29 Мамыр 2026 16:03see110

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

29 Мамыр 2026 19:42see109

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see109

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see107

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

29 Мамыр 2026 20:38see106

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see106

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

29 Мамыр 2026 16:32see105

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see102

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

30 Мамыр 2026 16:57see102

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see102

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see102

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see102

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

29 Мамыр 2026 17:33see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары