Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Шойқорық тұрғындарының шырылы

Шойқорық тұрғындарының шырылы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Нәтижесінде, Жамбыл мен Байзақ ауданындағы ауыл ағайындары бір-ақ күнде қалалық болып шыға келді. Бұл көне Тараз тұрғындарының санын еселеп арттырып, Әулиеата мен Жібек жолы аудандарының құрылуына тікелей әсер етті. Әрине, қала аумағына жаңа елді мекендер кіргеннен кейін түйіні тарқамаған түйткілдердің көп болатыны түсінікті. Алайда «шойқорықтық» тұрғындардың мәселесі өз алдына бір бөлек. Мұндағы жұрт өркениет көші өрге жылжыған заманда қарапайым электр жарығына зар болып отыр. 

Әңгіменің әлқиссасын әріден баста­сақ, бұрын Жамбыл ауданына қарасты болған «Шайқорық» алабы бүгінде Әу­лиеа­та ауданына қарайды. Мұнда барлығы 3541 тұрғын тұрып жатса, 24 көшенің 5-і ас­фальтталмаған. 19 көшеге жарық орна­тыл­маған. Түн қараңғысында көшемен жүру қиын болғаны былай тұрсын, тұрғын үйлердің өзіне жарық тұрақсыз беріліп, жұрт­шылықтың жанайқайын туғызып отыр. «Шай­қорықтықтардың» айтуынша, жа­рық күніне екі-үш рет өшіп, ұзақ уақытқа дейін қосылмайды. Жарықтың жиі сөнуі тұрмыстық техникалардың бұзылуына да себеп болып жатқан көрінеді. 

– Электр жарығының жиі сөнуі тұр­ғын­дардың тұрмысын қиындатуда. Ша­малы жел соқса болды немесе ауа райы бұ­зыл­са, жарық өшіп қалады. Жөндеу жұ­мыстары кейде 1-2 күнге дейін созылып кетеді. Жарықпен бірге мобильді бай­ла­ныс та өшетіндіктен, ата-аналар балары­ның мектептен аман-есен қайтқанын біле алмай алаңдаулы отырады. Оған қоса, электр жарығы болмағаннан кейін бала­лар­дың сабағы оқылмай, одан қалса кешкі асты дайындау сынды дүниелер тұралай­ды. Жарық болмағаннан кейін ғаламтор да істемей, кешкілік үйде жұмыс істеу мүм­кін емес. Сондай-ақ жарықтың жиі өшуі­нен тұрмыстық техникалар да бұ­зылу­да. Бұдан бөлек, ауызсу мәселесі де өзекті. Орталықтандырылған ауызсу жүйе­сінде сорғы жеткіліксіз болған­дық­тан, тұрғындар жиі сусыз қалады. «Билік өкіл­де­рінен сұрасақ, «жөндеу жүргізіліп ж­а­тыр» деген жаттанды жауапты естиміз. Ауыз­су мәселесінің қашан біржақты ше­шілетінін де білмей отырмыз», – дейді  ауыл тұрғыны Құндызай Берікова.

Тағы бір түйткіл – «Шайқорық» ала­бын­да тұрғын үйлерден бөлек, көшелерін­де де жарық жоқ. Кешке мектептен қай­та­тын балалар үшін бұл қауіпті. Себебі кө­ше қараңғы болғаннан кейін қаңғыбас иттердің қайдан шыға қаларын білмейсің. Оған қоса, көлік те көп жүреді. Осы мәсе­ле­лерге жергілікті билік өкілдері назар ау­да­рып, қашан нақты шешімін табаты­нын ашып айтпай отыр екен. 

Иә, шынында, қалаға кіретін аумақта мұн­дай олқылықтардың болып жатқаны құп көретін дүние емес. Түйткілдердің түйі­ні неге тарқамай жатқанын білмек мақ­сатта Әулиеата ауданы әкімдігіне қайырылдық. 

– Аталған мәселелер бойынша әкімдік то­лықтай хабардар. Кеңестік кезеңнен бері электр желілерінің ешқайсысы бұл алап­та ауыстырылмаған. Бір-біріне жал­ғанып тұр. Сондықтан тұйықталған сым­дарда ақаулар жиі орын алуда. Жарық мәселесіне қатысты «Тараз қалалық элек­тр желілері» мекемесіне сұраныс хат жі­бер­­дік. Алайда олар «Шайқорық» алабы­ның электр сымдарын жаңарту тек  2027 жыл­дың жоспарына еніп отырғанын, сол кезде ғана  ауыстыра алатындықтарын ай­туда. Ал көше жарықтандыруына келе­тін болсақ, биыл Б.Сабаев, Абай, Телеу, Жел­тоқсан, Д.Қонаев көшелерін жарық­тан­дыру жоспарға енгізіліп отыр, – деді Әулиеата ауданы әкімінің орынбасары Медет Нұрмаханов.

Осылайша, «Шайқорық» алабында жа­рық мәселесі біржақты  шешілмейтіні анық болып тұр. Тұрғын үйлерге 2027 жыл­ға дейін арагідік жарықсыз күнелтуге тура келеді. Ал көше жарықтандыруын билік өкілдері  биылға жоспарлапты. Тек ол да қаржы тапшылығына байланысты кейін­ге қалып кетпесе болғаны.

Ауызсу мәселесіне келер болсақ, билік өкілдері бір байламды жауап айта алмауда. Себебі құбыр ауыстырып, сорғы орнатуға да қыруар қаржы керек. «Шайқорық» алабында көшеге ілінген билбордтардың өзі де жаңартуды қажет ететінін байқадық. Әлі күнге кеңестік кескіннен арыла алмай келе жатқан жарнамалық тақтайшалар бар. 

Әрине, мұның бәрі талқылауды емес, тез арада нақтылауды қажет ететін дү­ниелер. Себебі «Шайқорық» алабы Тараз қаласының бір бөлігіне айналғандықтан, мұндағы мәселелер де қала деңгейінде ше­шілуге тиіс. Сондықтан жауаптылар «Шай­қорық» алабының жағдайын жыл­дарға созбай, жақын арада кезең-кезеңі­мен болса да, жақсартады деп сенеміз. 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 06:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары