Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

ШҚО да Балалар өнер мектебі жас таланттың шамшырағын жағып келеді

ШҚО да Балалар өнер мектебі жас таланттың шамшырағын жағып келеді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы «Балалар өнер мектебі» он екі жылдан бері талай жас таланттың шамшырағын жағып келеді. Бұл шағын ғана ауылдық орталықта сурет, мүсін, қолданбалы өнер және сәулет бағыттары бойынша жүздеген өрен тәрбиеленіп, шығармашылыққа жол ашқан. 

Мектептен тәлім алған балалардың көбі өнерге деген құштарлығын жалғастырып, өздері қалаған жоғары оқу орындарына түсіп жатыр. Тіпті солардың бір бөлігі білімін шыңдап, туған жеріне ұстаз немесе жас маман ретінде қайта оралуда. Қала мен аудан орталықтарында мұндай мектептер жиі кездескенімен, шалғай ауылдарда өнерге баулитын орталықтар жоқтың қасы. 

Ақжардағы «Өнер мектебіне» кіре қалсаңыз, бос жүрген бір баланы байқамайсыз. Әрқайсысының зейін-ықыласы тек өнерде. Мәселен, қыштан құмыра жасап жатқан жеткіншектердің бас бұруға мұршасы жоқ. Өйткені нәзік жұмыс салғырттықты көтермейді. Ал тағы бір топ бүлдіршін жүнді бекітіп, өздеріне ұнаған суреттерін салып отыр. Әр қылшықтың орын-орынымен жатып, бейнемен қабысып кетуі маңызды.

Мұнда 200 бала қолөнердің сан түрін меңгеріп жүр. Мекеме директоры, мүсінші әрі суретші Әлібек Шоқановтың қолынан да қылқалам түспейді. Сиясы кеппеген жұмысын аяқтау үстінде. Ол орталықтан аз да болса өнер үйренген баланың, кейін далада қалмасына кәміл сенімді.

Әлібек Шоқанов, «Балалар өнер мектебінің» директоры:

- Суретші болу міндетті емес. Енді партада отырған 15 баланың бір-екеуінен нақты кәсіпқой суретші күтуге болады, ал қалғандарына: «сен дәрігер бол, мұғалім, инженер бол. Сенің сызғаның алдағы мамандыңыға өте көп пайдасын тигізеді», - деп айтамыз, ата аналарына да түсіндіріп айтамыз.

Ауыл баласының қиялын шыңдап келе жатқан білім ошағына әсіресе жоғарғы сынып оқушылары жиі келеді. Нұркен Сағатбек болашақта сәулетші болуды армандайды. Сондықтан қазірден бастап кәсіби суретшілерден дәріс алуды жөн көріпті.

Нұркен Сағатбек, мектеп оқушысы:

- Болашақта архитектор саласына түсу және ол жерде ең мықты маман болу өз еліме көмектесіп, құрылымдар,  ғимараттар салып, елімді дамытқым келеді. Ұстазыма келген соң қалай мөлшерлеп суретті түсіру керек екенін, өзінің заңдылықтарын үйрендім.

Мұнда компьютерлік графика арқылы сурет салуға да мән беріледі. Бастауыш сынып оқушылары бұл техниканы да жатсынбайды. 

Шалғайдағы ауыл-аймақта балаларға арналған мұндай ауқымды кешен жоқтың қасы. Сондықтан ата-аналар да өнер ордасының қадірін жақсы түсінеді. 

Дариға Қалимолдақызы, ауыл тұрғыны:

-  Әрине ауыл үшін, ауыл балалары үшін керек. Балаларымыз таңертең құлшынып,  тамағын ішпестен «апа мен өнерге барамын, суретімді саламын» деп кетеді, ағайын жақсы көреді.

Тәлім алған балалар түрлі додадан олжасыз оралған емес. Аймақтың атын шығарып, мәртебесін көтеріп келеді. «Ендігі мақсат - болашақта жаңа ғимаратқа көшіп, аудан суретшілерінің галереясын ашу», - дейді ұстаздар. 

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 12:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары