Шымкентте пластикалық операциядан кейін әйел бір көзінен айырылды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Шымкентте тиісті лицензиясы мен маман сертификаты жоқ азаматқа пластикалық операция жасағаны үшін сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Прокуратураның мәліметінше, ер адам заң талаптарын бұзып, әйелге блефаропластика жасаған. Операциядан кейін пациенттің бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған.
Сот оны Қылмыстық кодекстің 322-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, бір жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ үш жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырды.
Прокуратура пластикалық операция жасатпас бұрын маманның біліктілігі мен медициналық лицензиясын тексеруге шақырды.
– Тиісті лицензиясы мен біліктілігі жоқ адамдарға жүгіну өмір мен денсаулыққа ауыр зардап әкелуі мүмкін, – деп ескертті ведомство.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 18:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















