Шымкентте салмағы 840 грамм болып туған сәби аман есен үйіне шықты
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Шымкентте жүктіліктің 26-аптасында небәрі 840 грамм болып туған сәби ауруханадан үйіне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Бала 2026 жылғы 22 тамызда қалалық №2 ауруханада дүниеге келген. Туған кездегі бойы 31 сантиметр болған.
Дүниеге келген бойда нәресте өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, кейін өздігінен тыныс алуына көмектесетін CPAP құрылғысына ауыстырылған. Сәби арнайы зонд арқылы қоректенген. Осы уақыт бойы дәрігерлер оның жағдайын тәулік бойы бақылаған.
Нәрестелер жансақтау бөлімінің меңгерушісі Насиба Қорғанбаеваның айтуынша, емдеу кезінде баланың жағдайы бірде жақсарып, бірде нашарлап, күрделі кезеңдер де болған. Дегенмен екі айға жуық уақыт ішінде сәбидің салмағы 2 келі 400 грамға жеткен.
Сәбидің анасы Айша Қанходжаева ұлы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы күндер өзіне әсіресе ауыр тигенін айтты.
"Баламды алғаш көргенде қатты қорықтым. Титімдей болғаны сонша, тіпті жанына жақындауға жүрексіндім. Бірақ дәрігерлердің күтімі мен қолдауының арқасында ұлымыздың күн санап өсіп, әл жинап келе жатқанын көрдік", – дейді ол.
Шамамен 60 күн бойы ем алып, дәрігерлердің бақылауында болған сәби үйіне шығарылды. Бұл күнді отбасы асыға күткен еді. Баланың жақындары нәрестеге көмек көрсетіп, күтім жасаған дәрігерлер мен мейіргерлерге алғыс білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2026 12:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















