Шымкентте үтік сатып алған тұрғын кәсіпкерді сотқа берді
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Шымкентте сапасыз бу үтігін сатқан кәсіпкерден 139 мың теңгеге жуық қаражат өндірілді, деп хабарлады қалалық сот.
Талап қоюшы маркетплейс арқылы 64 мың теңгеге бу үтігін сатып алған. Алайда тауарды пайдалану кезінде оның бу шығару функциясы дұрыс жұмыс істемейтіні анықталған. Тұтынушы үтікті сатушыға тексеруге тапсырғанымен, ақшасы қайтарылмаған.
"Сотта сатушы үтіктің жарамдылығын және оның сипаттамаларға сәйкестігін дәлелдейтін құжаттарды, соның ішінде сараптама қорытындысын ұсынбағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сот талапты ішінара қанағаттандырып, сатушыдан 64 мың теңге тауар құнын, 55 028,82 теңге өсімпұл, 20 мың теңге моральдық зиян өтемақысын және сот шығындарын өндірді.
Ал маркетплейс пен банкке қатысты талаптар қанағаттандырылмады. Себебі олар тауарды сатушы емес, тиісінше ақпараттық-технологиялық алаң мен қаржылық қызмет көрсетуші болған.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 17:07 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















