Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Су добының үздіктері

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

Шындық туралы шығарма

Шындық туралы шығарма

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қолында журналдың қиындылары бар.

– Оңбаған, не бүлдіріп жүрсің?

– Әке, жай ма?

– Жаңа мектепке жиналысқа барсам сен, жалаңаш қыздардың суретін сабақта ұстап отырыпсың, оны қайдан алдың? 

– Ой, сізден алдым ғой. 

– Мен саған қашан бердім? 

– Өткенде өзіңіз қаладан бір журналды сатып әкеліп, тығылып қарап отырғанда шешем көріп қалып, үйде айқай-шу болған жоқ па?

– Иә.

– Сосын жыртып-жыртып әжетханаға апарып тастадыңыз.

– Білем.

– Мен сол жерден тауып алдым, – деді Әскербек.

Әңгімеге ас үйде жүрген әйелі араласты.

– Әкесі, балаға неге ұрысып жатырсың? – деп дауыстады.

Бұл туралы ол естісе, өткендегі айқай қайта басталады.

– Әншейін ғой, сабағын тексеріп жатырмын.

Баласына:

– Ал сен болды, доғар. Бұдан кейін мұндай жаман затты қолыңа ұстаушы бол ма? – деп, әйеліне естіртпей ескертті.

– Жарайды, әке.

– Ұлым, оданда әдеби кітап оқы. Көкем-ау, жұрттың баласын қарашы, мектепті үздік бітіріп, жоғары оқуға түсіп, қайтып келіп саған сабақ беріп жатыр. Сен бұл мектептен шықпай-ақ қойдың. Әлі жетінші сыныпта жүрсің? Қашан көшесің? 

– Әке, айтпақшы мен көшетін болдым.

– Рас па? Ақыры жетінші сыныптан сегізінші сыныпқа ма? 

– Жоқ, алтыға көшемін.

– Не дейді? Ойбай-ау, алға неге көшпейсің? Батпаққа батқан трактор құсап тұрып қалдың ғой. Сені оқытам деп, мен өлетін болдым, – деп, баласын нұқып қалды.

– Өй, әке, ұра бермеші.

– Үйге қандай тапсырма берді?

– Қазақ тілінен беретін апай «шындық туралы шығарма жазып келіңдер» деді.

– Жаздың ба?

– Иә.

– Қане, дауыстап оқышы. 

«Биыл біздің ауылға көктем кеш келді. Қорадағы мал қыстан әрең шықты. Күн ызғар.

Біз өте кедей тұрамыз. Әкем бұтына әлі шешемнің жыртық гамажын киіп жүр. Шалбар сатып алатын ақшасы жоқ».

– Әй, гамажың не айтып тұр­ған? Оны неге жазасың? 

– Өтірік емес қой.

– Бізді шығармаңа аралас­тырмай алып таста.

«Соңғы кездері тұрмысымыз нашарлап бара жатыр. Өткенде әкем несиесін төлеуге қаражат таба алмай көршіден сұрады. Ол берген жоқ. 

Шешем айтты: – Көршіміз нағыз оңбаған сараң, ит, шошқа екен, – деді. 

Әкем айтты: – Біздің елдің басшылары тойымсыз, халыққа жаны ашымайды. Жақында таяқ алып көшеге көтеріліске шы­ғамыз, – деп әзірленіп отыр».

– Әй, жартыбас, мынауың не? Бізді соттатайын деп жаздың ба?

– Әке, рас емес пе? Апай тек шындық туралы айтыңдар деген жоқ па?

– Апайың бар болсын. Тез арада өшір. Әрі қарай оқы.

«Біздің үйде ешкім өтірік айтпайды. Бірақ әкемнің аздап суайттығы бар».

– Ау, бұның не?

– Шешемнің сырғасын лом­бардқа салып жіберіп, әлі әкеліп берген жоқсыз. Алдап жүрсіз.

– Сен мына шығармаңмен бізді елге қарабет қыласың ғой. Болды ма?

– Жоқ, әлі бар.

– Оқы. 

«Жақында ауылға жаңа басшы келді. Беті былшиған біреу. Бұл қызметте бұған дейін отырған адам да түк бітірген жоқ. Ылғи қу қара бастарын ойлайтын шикі­бастар».

– Пәле, мына сөздерді қайдан тауып жаздың?

– Кеше кешкісін дастарқан басында шешем айтты ғой. Әке, сіз қоштай жөнелдіңіз.

– Жетеді, осы айтқаның. Ой­бай, «балалы үйде өтірік жатпай­ды» деген осы екен-ау, – деп шо­шып кетті.

– Әке, соңын былай аяқта­дым.

– Қалай?

«Біздің үйде ешкім жұмыс істемейді».

– Иә, бұл енді шындық.

«Қазір шешем екі қолға бір күрек таба алмаған соң, үйде электр пешіне нан пісіріп са­та­ды».

– Дұрыс, аяғы жақсы екен.

«Әкем тоқ көп тартады деп, электр жүйесін бағанадан тікелей ұрлап үйге тартып алды».

– Не дейді, бұл қылмыс қой. Ертең мұны жұрт естісе, үйге полиция келіп айыппұл салмай ма? Әкел шығармаңды, бүйткен шындығыңды ұрайын, – деп, қолынан дәптерді жұлып алып, Әскербекті сыртқа қарай тұра қуды.

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 02:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see119

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see119

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see117

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see116

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see116

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see116

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see115

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see114

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see114

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see112

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see112

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see111

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see111

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see111

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see110

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see110

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see109

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see108

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

10 Тамыз 2026 15:26see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары