Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Су қорғау аймағында не істеуге болады, неге тыйым салынады

Су қорғау аймағында не істеуге болады, неге тыйым салынады

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Су қорғау аймағы мен белдеуі деген не?

Су кодексінің 1-бабы

Су қорғау аймағы – шаруашылық қызметтің арнайы режимі белгіленетін су объектісіне іргелес аумақ. Су қорғау белдеуі – су қорғау аймағының бір бөлігі, онда су қорғау аймағының режиміне қосымша шектеулі шаруашылық қызмет режимі енгізіледі.

Маңызды: 35 метр – су қорғау белдеуінің ең аз өлшемі. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің нақты шекарасы су айдынының түріне, жер бедеріне және экологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалық құжат негізінде белгіленеді. Оған жергілікті атқарушы органдар, ал жекелеген жағдайларда жеке және заңды тұлғалар тапсырыс береді. Жобалар міндетті түрде бассейндік су инспекциялары, экологиялық және санитарлық органдармен келісіліп, содан кейін әкімдіктер бекітеді. Мұндай аймақтардың шекаралары жергілікті жерде тіркеліп, мемлекеттік кадастрлық картада жарияланады. 

Егер өзен арнасы немесе жағалауы өзгерген жағдайда шекаралар қайта қаралады. Су қорғау белдеуінде ең қатаң ережелер қолданылады. Су қорғау белдеуінде барлық дерлік шаруашылық қызметке тыйым салынады, тек мына жағдайларға рұқсат етіледі:

• су шаруашылығы құрылыстары және олардың коммуникациялары;

• көпірлер мен көпір құрылыстары;

• су көлігімен, балық ресурстарын қорғаумен, балық аулаумен және аквамәдениетпен байланысты айлақтар, порттар, пирстер және инфрақұрылым объектілері;

• балық өсіруге арналған тоғандар, бассейндер және басқа балық шаруашылығы нысандары, сондай-ақ оларға қосылатын коммуникациялар;

• күрделі ғимараттар мен құрылыстар салынбайтын балалар ойын және спорт алаңдары, жағажайлар, аквапарктер мен рекреациялық аймақтар;

• су объектілерінің жай-күйін бақылау бекеттері;

• жағалауды бекіту, орман өсіру және көгалдандыру жұмыстары.

Басқа барлық қызмет түріне тыйым салынады.

Су қорғау аймағында не істеуге болмайды?

1. Жерүсті суларының ластануын және қоқысқа толуын болдырмайтын құралдармен жабдықталмаған нысандарды пайдалану;
2. Орналастыруға және салуға болмайтын нысандар:
* жанармай құю станциялары;

* мұнай өнімдері қоймалары;

* көлік пен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық байқау, жөндеу және жуу пунктері;

* тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар, көң сақтайтын қоймалар және оларды қолдану;

* тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар полигондары;

* зираттар;

* мал шаруашылығы нысандары, сою алаңдары, мал көмілетін орындар, пестицидтер мен олардың ыдыстарын сақтайтын қоймалар;

* ағынды сулар жиналатын орындар, ағынды сумен суару алқаптары және радиациялық, химиялық, биологиялық немесе паразиттік ластану қаупін тудыратын басқа да нысандар;

3. Малды белгілеген нормадан артық жаю.

Егер су қорғау аймағы ресми белгіленбесе ше?

Жер кодексінің 44-бабы

Заңға сәйкес, су айдыны жағалауынан 500 метрге дейінгі жер учаскелерін:

• су қорғау аймағы мен белдеуінің шекарасы анықталмайынша;

• олардың шаруашылық пайдалану режимі белгіленбейінше
беруге немесе пайдалануға болмайды.

Алайда бұл талаптар мына жерлерге қолданылмайды: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры жерлерін, балық шаруашылығы мен аквамәдениетті орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоспағанда.

Су объектілерінде, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кез келген құрылыс және өзге де жұмыстар Су кодексінің 86-бабының талаптарын сақтай отырып және бассейндік су инспекцияларымен келісілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Маңызды: 86-бапта белгіленген тыйымдарды орындамаған жағдайда жауапкершілік қарастырылған.

ӘҚБтК-нің 360-бабына сәйкес, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет ережелерін бұзу айыппұл салуға және заңсыз салынған құрылыстарды мәжбүрлеп бұзуға әкеп соғады.

Су қорғау аймақтары мен белдеулері – су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға арналған табиғи қалқан. Қазіргі уақытта өңірлерде бұл аймақтарды белгілеу, олардың шекарасын нақтылау және шаруашылық қызмет режимін айқындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін еліміздің барлық су объектісінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жоспарланып отырғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 11:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары