Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

Суға кеткен қызға арналған ән: Келші, Айым қалай жазылды?

Суға кеткен қызға арналған ән: Келші, Айым қалай жазылды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Келші, Айым» – қазақ арасында ең көп айтылатын әндердің бірі. Бұл әнді арнайы концерттен ғана емес, қарапайым отырыстардан да жиі естуге болады. Біреулер оны домбырамен айтса, енді біреулер эстрадалық сүйемелдеумен орындайды. Әсіресе көпшілік жиналған жерде бұл әннің бір шумағы басталса болды, қалғаны қосылып кететін жағдай жиі кездеседі. Осындай кең таралуының арқасында «Келші, Айым» бір ғана орындаушының немесе белгілі бір кезеңнің әні болып қалмай, бірнеше буын қатар білетін шығармаға айналды.

Соған қарамастан әннің авторы туралы мәлімет көп жағдайда назардан тыс қалады. Көпшілік бұл шығарманы халық әндерінің қатарына қосып жатады. Мұның себебі түсінікті де. Әннің әуені қарапайым, сөзі түсінікті, айтылуы жеңіл болғандықтан, ол қолдан-қолға еркін тарап кеткен. Кезінде радио-теледидар арқылы, бүгінге әлеуметті желі арқылы кең жайылған ән біртіндеп халықтың ортақ қазынасына айналғандай әсер береді. Сондықтан тыңдаушының санасында оның нақты авторы бар шығарма екені әрдайым сақтала бермейді.

Шын мәнінде «Келші, Айым» – белгілі композитор Мэлс Өзбековтің әні. Оның шығармалары қазақ тыңдармандарына ерте кезден таныс. Композитор жазған көптеген әндер халық арасында кең тарағандықтан, кейбір туындыларының авторлығы ұмытыла бастаған жағдайлар кездеседі. «Келші, Айым» солардың ішінде ең белгілілерінің бірі. Уақыт өте келе ән авторлық шығарма бола тұра, халықтық сипатқа ие болып кеткендей көрінеді.

«Келші, Айым» әніндегі Айым бейнесі жай ғана поэтикалық ат емес деген пікір жиі айтылады. Әннің шығу тарихына қатысты деректерде композитор Мэлс Өзбековтің жастық шағында Айымзада есімді қызға ғашық болғаны айтылады. Кейін сол қыздың қайғылы жағдайда көз жұмғаны, жазғы демалыс кезінде ауылына барып суға батып кеткені туралы мәліметтер кездеседі. Осы оқиға композиторға ауыр соққы болып, оның шығармашылығында із қалдырған деседі. Мәтінін жазған Абдрахман Асылбек. Ашық дерреккөздерде композитордың өзі жазып қалдырды деген ән тарихы келесідей беріледі:

«Сол бір мөлдір шақтарда консерваторияда білім алып жүрген болатынмын. Алматы медициналық институтында оқитын Айымзада есімді қызға есім кетіп ғашық болдым. Екі жүрек бір арнаға тоғысып, махаббаттың буына мас болып жүр­ген шақта жазғы демалыс басталған еді. «Қош бол, сәулем, көргенше, қайта айналып келгенше» деп жаңа оқу жылы басталғанға дейін қош айтысып, бір-бірімізді қимай ауыл-ауылға тарқастық. Әуелде Айымзададан хат үздіксіз келіп тұратын. Кейін сағыныш хаттары кілт тоқтады. Себебін сұ­рағым келген. Алайда: «Үйге хат жаз­ба, ата-анам біліп қойса ұят болады» деген соң демалыстың бітуін күттім.

Сарыла тосқан, сағына күткен күн де келіп жетті. Ару Алматыға құстай ұшып самғадым. Бірақ... Айымзада әлі келмепті. Екі көзім төрт, жүрегім өрт болып отырған уақытта курстас қыздардың бірі қа­ралы хабарды жеткізді. Ол жаздың жаймашуақ күнінде суға түсіп, бақиға аттанып кете барыпты. Кө­зім қарауытты. Өкініш оты өзекті шарпып, сең соққандай отырдым да қалдым. Айымзада жоқ».

Ән мәтініне назар аударғанда шақыру, күту, сағыну сияқты сөздер жиі кездеседі. «Келші» деген сөздің қайта-қайта айтылуы жай ғана әдемі тіркес емес сияқты әсер қалдырады. Әнде біреуді іздеу, күту сезімі анық байқалады. Сондықтан тыңдаушы бұл әнді тек көңілді махаббат әні ретінде емес, тереңірек сезіммен жазылған шығарма ретінде қабылдайды. Әсіресе баяу орындалғанда әннің мұңды сипаты айқын сезіледі.


Мэлс Өзбеков (1938-1995)

«Келші, Айым» әнінің кең таралуының бір себебі – оның әуендік құрылымының қарапайым болуы. Әнді алғаш естіген адамға ол бұрыннан таныс әуендей әсер қалдырады. Әуеннің жүрісі күрделі емес, сөз бен әуен бір-біріне еркін үйлесіп тұрады. Сол себепті ән тыңдаушыға жат көрінбейді, керісінше тез қабылданады. Осындай қарапайымдылық әннің халық арасына еркін тарауына мүмкіндік берді.

Әннің диапазоны аса кең емес, сондықтан оны кәсіби дайындықсыз да орындауға болады. Көпшілік арасында айтылғанда әркім өз мүмкіндігіне қарай қосылып кете береді. Әннің негізгі әуен сызығы сақтала береді де, орындаушының дауысына қарай аздап өзгеріп отырады. Мұндай икемділік көбіне халық әндеріне тән қасиет болып саналады. «Келші, Айымның» да халық әніне ұқсап кетуі осы ерекшеліктермен байланысты.

 «Келші, Айым» әнінің кең танылуына киноның ықпалы ерекше болды. Ән «Гаухартас» фильмі арқылы көпшілікке бұрынғыдан да жақын жетті. Кино көрерменге бір мезетте оқиға мен әуенді қатар қабылдататын өнер болғандықтан, фильмде естілген әндер көбіне халық жадында ұзақ сақталады. «Келші, Айым» да осындай жолмен тараған шығармалардың бірі болды. Фильм шыққаннан кейін әннің танымалдылығы еселеп артты. 

«Келші, Айым» әні жазылғаннан кейін көп ұзамай кәсіби орындаушылардың репертуарына енді. Әннің кең тарауына сахналық орындаулар мен кино ықпал етті. Әсіресе 1970-жылдары бұл ән тыңдарманға кеңінен жетті. 1975 жылы «Қазақфильм» студиясында түсірілген «Гаухартас» фильмі шыққан кезде әнді кәсіби әншілер орындап, ол үлкен аудиторияға тарады.

Алғашқы орындаушылардың бірі ретінде Люция Төлешова жиі аталады. Оның орындауындағы нұсқа әннің кең танылуына әсер еткен. Кейін ән көптеген әншінің репертуарына енді де, әр кезеңде қайта орындалып отырды. Әннің сахнада жиі орындалуы оның ұмытылмай сақталуына мүмкіндік берді.

Кейінгі жылдары ән әртүрлі орындаушылардың айтуында жаңғырып отырды. Мысалы, әнші Қарақат Әбілдина, "КешYOU" тобы, сынды танымал ән орындаушылардың айтуынша үлкен сахналардан көрініп жүр. Сонымен қатар, ән өзінше аспаптық музыкаға да айналып кетті. Мысалға виолончелші Бағжан Октябь әнді өз аспабына өңдеп, клип түсірген. Сонымен қатар, саз сырнайдағы орындау да керемет естіледі екен. 

«Келші, Айым» әні қазақ композиторлық ән өнері кең тараған кезеңде жазылды. Сол уақытта жаңа әндер радио мен концерттер арқылы бүкіл елге жетіп отырды. Мэлс Өзбековтің бұл шығармасы да қысқа уақыт ішінде тыңдарманға жетіп, уақыт өте келе «Келші, Айым» авторлық шығарма бола тұра халық әніндей қабылдана бастады. Соның нәтижесінде ол белгілі бір орындаушымен байланып қалмай, көпшілікке ортақ әнге айналды. Бүгінде бұл шығарма бірнеше буын қатар білетін, халық арасында тұрақтап қалған әндердің бірі болып саналады.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see154

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see146

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see143

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see142

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see140

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see124

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see123

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see123

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see122

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see121

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see120

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see117

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see116

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see114

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see113

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see112

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see111

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see111

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

28 Тамыз 2026 19:53see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары