Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Qyran тұрғын үй кешені пәтерлерді екі адамға қатар сатқан

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ мұнай өндірісі бойынша шешім қабылдады

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

Субсидияланатын жұмыс орындарына қойылған талаптар уақытша тоқтатылды

Аятолла Арафи Иранның уақытша жоғары жетекшісі болып тағайындалды

Иран Сауд Арабиясының мұнай нысандарын атқылады

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

Әкімдіктерге қоғамдық орындарды ластағаны үшін айыппұл салу құқығы берілді

Аңсайды жаным жабығып : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

Kazinform мамандары MNU студенттеріне төте жазу әліпбиін үйретеді

Сәбилер қосымша екпе алады: Елде қызылшаға қарсы вакцинация күшейтілді

Қазақстаннан БАӘ, Қатар, Сауд Арабиясына барған 4 мыңнан астам турист бар

Лондон, Париж және Берлин одақтастарын қорғап, Иранды тоқтатуға ниетті

Жапанда жалғыз дерлік қыстайтын шопанның бір күні фоторепортаж

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

Қазақконцертте Astana sazy ансамблінің жеке концерті өтті

Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетілді

Сурогат ана болу мамандық па, мәжбүрлік пе?

Сурогат ана болу мамандық па, мәжбүрлік пе?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Елімізде сурогат ана қызметі заңмен реттелген. Осыдан 10-15 жыл бұрын қазақ қоғамы бұл қызмет түріне тосырқай қарайтын болса, қазір сәби сүюге зар болып жүрген ерлі-зайыптылар үшін бірден бір мүмкіндікке айналып келеді. Дегенмен қоғамда «құрсағын жалға беретін» қыз-келіншектерді сынайтындар әлі де бар. Сурогат ана қызметі қалай жүзеге асады? Қыздар үшін бұл мамандық па мәжбүрлік пе? Egemen.kz тілшісі осы мәселеге қатысты зерттеу жүргізіп көрді.

Фото: Ашық дереккөз

Бір перзентке зар болып жүрген жұптарға көмектесу және саналы түрде суррогат ана болғысы келетін қыз-келіншектерге заңды жолмен табыс табуға қолдау көрсету мақсатында елімізде 2008 жылы «Болашақ» суррогат аналар орталығы құрылған. Алғашында Республикалық Ана мен бала орталығының жанында орналасып, кейін сұраныстың артуына байланысты, белгілі бір ЭКО клиникасына тәуелді болмай, жеке жұмыс істеуге шешім қабылдаған орталық 2013 жылдан бері толыққанды қызмет көрсетіп келеді. Орталықтың негізін қалаушы, жетекшісі Дамира Шоқанның айтуынша, суррогаттық қызмет – барлық жағынан қорғалған әйел еңбегі. Бұл қызмет әйелдерге қиындықтан шығуға және өмірін жеңілірек жалғастыруға мүмкіндік береді.

«Менің тәжірибемде бірде-бір суррогат ана бағдарламаға қатысқанына өкінген емес. Көп қыздар кейін тұрмысқа шығып, баспаналы болып, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жеңіл өмір сүріп жатыр», дейді орталық жетекшісі.

Қазақстан заңнамасы суррогат ана болуды қалай реттейді?

Суррогат ана болу процесінің құқықтық рәсімделуі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 9-тарауында нақты жазылған, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары бар. Бала перзентханада автоматты түрде рәсімделеді: нотариалды куәландырылған келісімшарт және ЭКО бағдарламасы жүргізілгені туралы клиника анықтамасы болуы керек.

«Тапсырыс берушілер заңды тіркелген некеде болуы тиіс, суррогат ана болуға медициналық көрсеткіштері болуы керек. Эмбрион ата-аналардың екеуімен немесе кемінде біреуімен генетикалық байланысты болуы шарт. Донорлық эмбрион суррогат анаға көшірілмейді. Суррогат ана қызметіне тек медициналық себептермен жүгінеді, яғни әйел өз бетінше бала көтеріп, босана алмаған жағдайда. Бұл факт ЭКО клиникасы немесе ВКК анықтамасымен расталады. Немесе био анаға 4 реттен астам ЭКО көшіріліп, нәтиже болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады», дейді ол.

Ана мен бала саулығы – елдің саулығы

Қызметі үшін аналарға қанша төленеді?

Суррогат ана болуға ниетті әйелдер көп, бірақ көп жағдайда ұсынатын төлем мөлшері оларды қанағаттандырмайды, сондықтан көбірек қаражат уәде етілетін басқа елдерге кетеді.

«Қазіргі таңда жалпы сыйақы 7 млн теңгеден басталады және бала туғаннан кейін беріледі. Медициналық көрсеткіштер бойынша кесарь тілігі жасалса, орта есеппен 1,5 млн теңге қосымша төленеді. Жүктілік басталған күннен бастап ай сайынғы төлем 350 мың теңгеден. Сонымен қатар денсаулықты қалпына келтіруге арналған өтемақы төленеді (перзентханадан берілген анықтама негізінде). Қалыпты босану болса – 56 күндік жалақы, асқынумен болса –70 күндік жалақы төленеді. Жүктілік пен босануға байланысты барлық шығындар (жол ақысы, медициналық есепке тұру, қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтер, жүкті әйелге арналған киім, перзентханаға қажетті заттар және т.б.) өтеледі. Көптеген қыздар үшін бұл – несие жабуға және бір демалып, жағдайын түзетуге жалғыз мүмкіндік. Көбіне биологиялық ата-аналар баспанамен және негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Менің тәжірибемде ерекше жағдай болды: био ана –  ерекше балалар балабақшасының тәрбиешісі, әкесі – жүргізуші. Өз баласы үшін олар Астанадағы бір бөлмелі пәтерін суррогат анаға балаларымен бірге тұруға босатып, өздері жүктілік кезеңінде ата-анасының үйіне көшіп, барлық азық-түлікті жеткізіп отырған (себебі био ананың жатырында ақау болған)», дейді Дамира Шоқан.

Кімдер көбіне суррогат ана болуға келіседі?

Оның айтуынша негізгі мотивация қаржылық қажеттілік.

«Суррогат ана болуға әртүрлі әйелдер келеді: олардың арасында кішкентай балалары бар үй шаруасындағы аналар да бар. Бірақ көбіне мұғалімдер, медбикелер, сұлулық саласының қызметкерлері, сатушылар және т.б. (жұмыссыз емес, бар күшін салып еңбек етіп, балаларын асырап отырған, көбіне тұрмыстағы әйелдер). Барлығында қаржылық қажеттілік, 99,9%-ында мерзімі өткен несие немесе микронесие бар», дейді ол.

Бұл қызметпен айналысатындардың жас мөлшері заңмен белгіленген. Көбіне 38 жасқа дейінгі әйелдер жүгінеді. Бірқатар елдерде 39 жасқа дейін рұқсат болғандықтан, оларды шетелдік бағдарламаларға қабылдайды. Міндетті түрде психологиялық тестілеуден өтеді.

«Орталықта орта есеппен айына 10-15 бағдарлама өтеді. Бірақ олардың барлығы бала тууға дейін жетпейтінін түсіну керек. Әртүрлі себептерге байланысты жүктілік мүлде болмауы мүмкін. Барлық жағдай келісімшартта егжей-тегжейлі жазылған. Асқынулар болған жағдайда алдымен медициналық көмек көрсетіледі. Әр қыздың психолог көмегіне жүгіну мүмкіндігі бар. Біз барлық суррогат аналармен босанғаннан кейін де байланыста болып, олардың психологиялық жағдайын бақылап отырамыз. Кейін талдаулар негізінде суррогат ананың кінәсі анықталса, айыппұл салынады. Менің тәжірибемде мұндай 2-3 ғана жағдай болды, оның өзі елеусіз», дейді орталық жетекшісі.

Қоғам бұл қызметті қалай қабылдайды?

Өкінішке қарай, қоғам бұл мәселеге әлі де бірбеткей әрі тосырқай қарайды. 

«Бұл қиындық өз басына түспейінше, адамдар суррогат ананың еңбегін бағаламайды. Көпшілік бұл бағдарламаның мәнін түсінбейді, кейде қыздар жүктілікті жыныстық қатынас арқылы көтереді деп ойлайды және 9 ай бойы «біреудің есебінен өмір сүреді» деп қате түсінеді. Ал суррогат ана болу – ауыр еңбек әрі үлкен аманат. Діни тұрғыдан қарсы адамдарға айтарым: алдымен 15-16 жастағы қыздармен неке қию арқылы олардың тағдырын қиындатуды тоқтату керек. Ерте тұрмыс құрып, кейін ажырасып, ауыр өмірлік жағдайға түскен жас аналар амалсыздан ооцит донорлығы мен суррогат ана болуға барады. Елімізде басқа да күрделі мәселелер бар: шамадан тыс несие алу, отбасылық зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық, жас отбасыларға әлеуметтік тұрғын үй көмегінің жоқтығы. Осылармен күресу қажет. Сонда ғана суррогат ана бағдарламасына әлеуметтік тығырықтан емес, шынайы ниетпен келеді», дейді ол.

Шетел азаматтарына қызмет қалай көрсетіледі?

Шетел азаматтары үшін бала рәсімдеу тәртібі ДНҚ сараптамасының міндетті жүргізілуімен ерекшеленеді, ал қалғаны стандартты.

«Қазақстан аумағында даулы жағдайлар болмаған. Грузияда біздің агенттік ұсынған суррогат аналармен бағдарламалар болды. Ерте босану болған жағдайда, агенттіктер сыйақы төлеуден бас тартқан. Алайда сотқа дейінгі талап-арыздардан кейін бейбіт келісімге келдік», дейді Дамира ханым.

Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, суррогат ана қызметіне Қазақстан азаматтарымен қатар шетелдіктер де жүгіне алады. Алайда халықаралық тәжірибеде мұндай келісімдерге байланысты құқықтық даулар мен сот процестерінің жиілеп кетуіне орай, аталған саланы қосымша реттеу қажеттілігі туындады.Осыған байланысты суррогат ана болу қызметін тек ел азаматтарына ғана көрсету нормасын заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрлігі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске тиісті түзетулер әзірлегенін және қазіргі таңда оларды мүдделі мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Барлық келісу рәсімдері аяқталғаннан кейін заң жобасы белгіленген тәртіппен Парламент қарауына енгізіледі. Сонымен қатар суррогат анамен жасалатын нотариалдық келісімшарттарды цифрландыру және міндетті түрде есепке алу мәселесі де қарастырылып жатыр. Әділет министрлігі мұндай келісімдерді бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеде тіркеуді көздейді. Бұл мемлекеттік бақылауды күшейтіп, келісімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

«Менің оқиғам көп қыздарға мотивация берді»

Мақаланы дайындау барысында «Болашақ» суррогат аналар орталығының қатысушысы Татьянамен тілдесудің сәті түсті.

«Мен негізі өзіме қатысты мәселені өзім шешетін адаммын. Бастапқыда бағдарламаға қатысып жатқанымды туған әпкем ғана білді, қалған туыстарыма 30 аптадан кейін айттым. Бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан соң инстаграмдағы парақшамда бұл тақырыпты ашық жазуға кірістім. Аудиториям да дұрыс қабылдады, себебі менің ортам – әртүрлі денсаулық сақтау саласындағы медицина қызметкерлері, олар суррогат ана рөлін жақсы түсінеді. Осыдан кейін көп адам жекеме шығып өздерінің ауыр тәжірибелерімен бөлісті, менің оқиғам көптеген қыздарға бағдарламаға қатысуға мотивация берді», дейді суррогат ана.

Оның айтуынша тек босану уақыты жақындаған сәтте нәрестенің дұрыс дамуына қатысты аздап қобалжу болған.

«Жүктілік асқынусыз өтті, мен бұл кезеңде мүмкіндігінше демалып өмір сүрдім, өйткені бала тәрбиесі туралы ой мазалаған жоқ – ол енді менің міндетім емес еді. Психологиялық қолдау қажет болмады. Өйткені, менің психикам тұрақты болды. Биологиялық ата-аналармен «Болашақ» орталығы арқылы таныстық. Барлық қарым-қатынас агенттік арқылы болды, жүктілік кезінде тікелей сөйлеспедік. Екінші рет оларды мен босанған соң ауруханада кездестірдім, бірнеше күннен кейін палаталарына барып құттықтадым. Қазір араласпаймыз», дейді Татьяна.

Татьянаның бағдарламаға қатысудағы басты мақсаты – қаржылық өтем емес, ұзақ мерзімді демалыс болыпты. Ол жұмысынан тынығуды қалаған.

«Мен дипломды косметолог, фармаколог және биотехнология бойынша жоғары білімі бар адаммын. Бағдарламадан бұрын менің тіс ағартатын жеке студиям болды. Мен әрдайым көп жұмыс істеймін және аз демаламын. Сондықтан негізгі мақсатым – жұмыстағы күйзелістен тынығу болды. Қазіргі уақытта студиям премиум деңгейдегі косметологиялық қызметтерді көрсететін орынға айналды», дейді ол.

Оның айтуынша суррогат ана болудан қорқудың қажеті жоқ. Ең бастысы – алданып қалмау үшін агенттікті дұрыс таңдау керек.  

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі 15 жаңа жобаны жүзеге асырады

Үкімет • Бүгін, 17:52

Астана маңындағы ауыл тұрғыны туыстарының денесін бөлшектеп тастаған

Оқиға • Бүгін, 17:42

Қазақстанда инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Инфляция • Бүгін, 17:30

Porschist журналының Қазақстанға арналған арнайы саны жарық көрді

Туризм • Бүгін, 17:28

Айбек Дәдебай: Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямыздың басты авторы

Ата заң • Бүгін, 17:20

Kaspi.kz Таяу Шығыста қалған отандастарымызға қаржылай көмек көрсетеді

Саясат • Бүгін, 17:11

Референдум кезінде шалғайда жүрген азаматтар қалай дауыс береді?

Ата заң • Бүгін, 16:53

Иран Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады

Саясат • Бүгін, 16:50

Мемлекет басшысы Азия даму банкі президенті Масато Канданы қабылдады

Президент • Бүгін, 16:39

Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?

Қоғам • Бүгін, 16:39

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған балаларды шығарып алды

Төтенше жағдай • Бүгін, 16:30

Қазақстан ЭЫДҰ-ның қоғамдық адалдық жөніндегі ұсынымына қосылды

Қоғам • Бүгін, 16:21

Президент Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 16:15

«Қазцинк» ұжымы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 16:13

Оқу-ағарту министрі: Балалар саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс

Оқиға • Бүгін, 16:10

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 18:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Qyran тұрғын үй кешені пәтерлерді екі адамға қатар сатқан

02 Наурыз 2026 13:30see112

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

01 Наурыз 2026 10:48see111

Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ мұнай өндірісі бойынша шешім қабылдады

02 Наурыз 2026 12:07see110

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

01 Наурыз 2026 09:55see110

Субсидияланатын жұмыс орындарына қойылған талаптар уақытша тоқтатылды

01 Наурыз 2026 22:09see110

Аятолла Арафи Иранның уақытша жоғары жетекшісі болып тағайындалды

01 Наурыз 2026 21:57see109

Иран Сауд Арабиясының мұнай нысандарын атқылады

02 Наурыз 2026 13:20see109

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

01 Наурыз 2026 11:58see109

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

01 Наурыз 2026 08:37see108

Әкімдіктерге қоғамдық орындарды ластағаны үшін айыппұл салу құқығы берілді

02 Наурыз 2026 10:31see108

Аңсайды жаным жабығып : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

01 Наурыз 2026 20:29see107

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

28 Ақпан 2026 20:45see107

Kazinform мамандары MNU студенттеріне төте жазу әліпбиін үйретеді

02 Наурыз 2026 14:33see106

Сәбилер қосымша екпе алады: Елде қызылшаға қарсы вакцинация күшейтілді

02 Наурыз 2026 14:34see106

Қазақстаннан БАӘ, Қатар, Сауд Арабиясына барған 4 мыңнан астам турист бар

02 Наурыз 2026 13:22see104

Лондон, Париж және Берлин одақтастарын қорғап, Иранды тоқтатуға ниетті

02 Наурыз 2026 14:22see104

Жапанда жалғыз дерлік қыстайтын шопанның бір күні фоторепортаж

28 Ақпан 2026 22:59see103

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

02 Наурыз 2026 16:02see103

Қазақконцертте Astana sazy ансамблінің жеке концерті өтті

02 Наурыз 2026 04:08see102

Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетілді

02 Наурыз 2026 15:50see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары