Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Таяу Шығыстағы эскалация: қауіпсіздік, мұнай және жаһандық саясат

Таяу Шығыстағы эскалация: қауіпсіздік, мұнай және жаһандық саясат

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Келіссөзден кейінгі қарулы қадам

Сенбі күні Америка Құрама Штаттары Израильмен бірігіп, Иранға жойқын соққы жасады. Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац Тегераннан төнетін қауіпті сейілту үшін превентив соққы жасадық деп мәлімдеді.

Reuters дереккөзі әскери әрекет АҚШ-пен келісілгенін жазған. Анонимді инсайдердің айтуынша, операция бірнеше ай бұрын жоспарланған, ал нақты уақыты бірнеше апта бұрын айқындалған.

The New York Times өз дерегіне сүйеніп, соққы әуеден де, теңізден де жасалып жатқанын жазды. Көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social желісінде 8 минуттық бейнеүндеу жариялап, АҚШ Иранға қарсы қимылға тікелей араласып отырғанын растады.

Фото: Видеодан кадр

Қауіп деп отырғаны – Иранның ядролық бағдарламасы мен алысқа ұшатын зымыран әзірлемесі. АҚШ президенті зымыран өндірісін жермен жексен етеміз деп айбат шекті. Әрі Ислам революциясының сақшыларын берілуге шақырды.

Бір қызығы, 26 ақпан күні, яғни әскери соққылардан екі күн бұрын Женева қаласында АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің үшінші раунды өткен еді. Оған АҚШ тарапынан Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер, Иран тарапынан Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи қатысқан. Нәтижесіне көңілі толмаған Вашингтон әскери сценарийге көшті.

Билік вакуумы мен Иранның қарымтасы

Қақтығыс басталғаннан кейін израильдік БАҚ Иранның жоғары көсемі Аятолла Әли Хаменеидің қаза болғаны туралы ақпарат таратты. Кейін мәліметті Дональд Трамп растады. Артынша Иранның ресми мемлекеттік БАҚ құралдары да жоғары көсемнің қазасы жайлы жарыса жазды.

АҚШ пен Израиль оның резиденциясына әуеден соққы жасағаны айтылды. Қаза болғандардың қатарында отбасы мүшелері де бар. Елді 37 жыл басқарған көсемнің өліміне байланысты жеті күндік демалыс пен қырық күндік аза жарияланды.

Дәл сол күні Иран бірқатар әскери басшыларынан айырылды. Атап айтқанда, Ислам революциясы сақшылары корпусының бас қолбасшысы Мұхаммед Пакпур, қорғаныс кеңесінің басшысы Әли Шамхани, қорғаныс министрі Азиз Насирзаде қаза тапты.

Көп күттірмей Иран қарымта жауап беріп, Парсы шығанағындағы Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Катар, Бахрейн аумағындағы нысандарды атқылады. Соның салдарынан Дубай, Әбу-Даби, Доха әуежайлары уақытша жабылып, көлік-логистикалық коллапс орнады.

Фото: Видеодан кадр

Мыңдаған жолаушы, оның ішінде қазақстандықтар да шетелде бөгеліп қалды.

Иран мұның себебін тарқатты.

Фото: Видеодан кадр

Ормуз бұғазы қысымның тетігіне айналды

Қақтығыс мұнай нарығына да тікелей әсер етеді. Себебі әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазы – стратегиялық маңызы зор аймақ. Иран оны ресми түрде жаппаса да, сол аумақта Ислам революциясы сақшылары әскери жаттығу өткізіп жатыр. Қаласа, бұғазды жабу мүмкіндігі – Тегеранның геосаяси қысым тетігі.

Аймақтағы шиеленіске байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парсы шығанағы елдерінің басшыларына қолдау білдіріп, барлық әскери әрекетті батыл айыптайтынын мәлімдеді.

Фото: Видеодан кадр

Кейін Мемлекет басшысы Катар әмірі Тәмим бен Хамад Әл-Тәни, БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Бахрейн королі Хамад бен Иса Аль Халифамен телефон арқылы тілдесіп, Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады.

Трамптың айтуынша, Иран мәселесі екі аптада шешілуі тиіс. Қажет болса, операция жалғасады. Осылайша, Таяу Шығыстағы ахуал тек аймақтық қақтығыс шеңберінде қалмай, жаһандық энергетика, қауіпсіздік және халықаралық құқық жүйесіне әсер ететін жаңа шындықты қалыптастырып отыр.

Қазақстанға келсек, ел көпвекторлы және бейбіт дипломатия бағытын сақтап келеді. Бұл – тұрақсыз әлемдегі стратегиялық ұстамдылықтың көрінісі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 12:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see104

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see100

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары