Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

“Таза Қазақстан“: Шымкентте тұрғындар мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

“Таза Қазақстан“: Шымкентте тұрғындар мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатысты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шымкент қаласында республикалық "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Қаланың барлық ауданын қамтыған сенбілікке қала тұрғындары, жастар, еріктілер, коммуналдық қызмет өкілдері мен білім беру мекемелерінің оқушылары белсене атсалысты.

Абай ауданы: Қызылжар аумағы мен Сарыкөл көшесі тазартылды

Тұрғыны тығыз шоғырланған Қызылжар шағын ауданында "Таза мекен" акциясы ұйымдастырылып, көшелердің бойы, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер күл-қоқыстан тазартылды. Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Сарыкөл көшесінің бойы инертті қалдықтардан тазартылып, ретке келтірілді.

Акцияға "Amanat" партиясының Шымкент қалалық филиалынан 50 адам, 100-ден астам тұрғын және 40 коммуналдық қызметкер жұмылдырылып, нәтижесінде 5 жүк көлігімен 12 тонна қоқыс шығарылды.

"Таза Қазақстан" бағдарламасы тек сенбілікпен шектелмейді. Бұл бастама қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға, сондай-ақ жас ұрпаққа үлгі көрсетуге бағытталған кешенді шара болып табылады", - дейді қоғам белсендісі Бастархан Байжанов.

Әл-Фараби ауданы: №16 шағын аудан мен тұрғын үй аулалары тазартылды

№16 шағын аудандағы №3 және №4 көп қабатты үйлердің ауласында сенбілік жұмыстары өтті. Қураған бұталар кесіліп, ирригациялық жүйелер тазартылды. Бұл шараға Әл-Фараби ауданының тұрғындары қатысып, арнайы 4 техника көмегімен 30 тоннадай қоқыс шығарылды.

Еңбекші ауданы: Қалмырзаев көшесі тазартылып, көше сумен жуылды

Қалмырзаев көшесінде өткен тазалық жұмыстары барысында жол жиегі шөптен, қоқыстан тазартылып, асфальт беті сумен жуылды. Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырады. Сенбілікке 100-ге жуық адам қатысып, 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды. 4 арнайы техника жұмылдырылды.

Қаратау ауданы: Мирас шағынауданы мен Шым Сая шатқалында сенбілік

Мирас шағын ауданындағы Ғұн елі, Кеме қалған, Алтын адам көшелері мен Шым Сая шатқалында сенбілік өтіп, қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер жолы қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника мен шағын аудан тұрғындары және түрлі мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Тұран ауданы: Жаңаталапта ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді

Қаланың шетінде орналасқан Жаңаталап шағын ауданындағы іс-шараға тұрғындар, ардагерлер және коммуналдық мекеме қызметкерлері белсенді қатысты. Көшелер мен арықтар тазаланып, қураған ағаштар кесілді. Жұмысқа бір тиегіш техника, екі жүк көлігі және үш ағаш кесу құрылғысы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам азамат атсалысты.

Қала жастары: "Таза Шым" акциясы Абай саябағында өтті

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы мен Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Абай саябағында "Таза Шым" атты тазалық акциясы өтті. Оған 50-ге жуық ерікті жас қатысып, саябақ аумағын қоқыстан тазалап, 112 кг қалдық жиналды. Бұл шара жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған қаланың тазалығына үлес қосуға бағытталды.

Мектептерде экологиялық тәрбие күшейтілді

Қаланың барлық білім беру ұйымдарында "Таза қала" тақырыбында экологиялық сынып сағаттары мен дәрістер өтті. Мысалы, №5, №15 және №45 мектептерде ашық сабақтар ұйымдастырылып, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Жүйелі жұмыс, нақты нәтиже

"Таза Қазақстан" акциясы – бұл тек бір реттік сенбілік емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерге жанашырлық танытуға бағытталған тұрақты жоба. Қала тұрғындары бұл бастаманың елдің экологиялық қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттырудағы маңызын жақсы түсіне бастады.

Мұндай кең ауқымды тазалық шаралары қала аумағын таза ұстау ғана емес, тұрғындар арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға да өз үлесін қосып отыр. "Таза қала – таза қоғамның айнасы" қағидасын ұстанған шымкенттіктер бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті.

Шымкент ІСБ ұсынған материал

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 19:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары