Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Телефонға тыйымның шешімі айыппұл ма?

Телефонға тыйымның шешімі айыппұл ма?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Енді бала сабақта телефон қолданса, ата-анасына айыппұл салады екен. Осындай ақпарат қоғамда қызу талқыға түсті. Әркім сан-саққа жүгіртіп әлек. Бұған Оқу-ағарту министрлігінің өз уәжі бар. Жаңа талап түйткілдің түпкілікті әрі тиімді шешімі бола ала ма? Тарқатып көрелік.

Суретті түсірген – Владислав Воднев

Даудың басы – министрліктің хабарламасы

Мектептерге енгізілген жаңа тәртіп бойынша бұдан былай оқушы сабақта смартфон ұстаса, ата-анасы жауап береді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова: «Қолданыстағы «Білім туралы» заңына сай сабақ үстінде телефонды қолдануға болмайды. Осы талаптың орындалуына ата-аналар жауапты. Егер бала сабақта смартфонмен ұсталса, алдымен ата-анасына ескерту жасалады. Ал бұл жағдай қайталанса, олар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 409-бабына сәйкес 5 АЕК көлемінде, яғни 19 660 теңге айыппұл төлейді. Заң қазірдің өзінде күшіне енген, бірақ әзірге еліміздегі білім беру ұйымдарында ешқандай талап бұзу фактісі тіркелген жоқ», деді. Оның сөзіне сүйенсек, мектептер оқушылардың ережені бұзу фактілерін тіркеп, уәкілетті органдарға хабарлай алады.

Осы тұста түсініктеме бере кетсек, аталған кодекстің 409-бабы 2-тармағында: «Ата-ана­лард­ың немесе заңды өкіл­дері­нің Қазақстан Респуб­ликасы­ның білім беру саласын­дағы заңнамасында көзделген міндет­терді орындамауы яки тиісінше орындамауы –  ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсет­кіш мөлшерiн­де айыппұл салуға әкеліп соғады», делінген.

Еске салсақ, сабақ үстінде телефонды қолдануға былтырдан бастап тыйым салынған. Бұл шара оқушылардың денсау­лығын сақтау, сыныптастарымен тікелей қарым-қатынас орна­ту, сабаққа зейінін арттыру мақ­сатында қабылданған еді. Де­генмен қоңырау кезінде бала­лардың телефонды қолдануына ешқандай шектеу жоқ.

Сенат депутаттары телефонға тыйымды бұдан да күшейту керек екенін айтады. Соның бірі – сенатор Бибігүл Жексенбай. Оның ойынша, телефонды сабақ кезінде ғана емес, мектепте мүл­дем қолданбаған дұрыс. «Қа­зір­гі таңда бізде енгізілген талап бойынша телефонды сабақ үс­тінде ғана пайдалануға тыйым салынған. Қоңырауда бала қай­­тадан қолына ала алады. Ал меніңше, бүгінгі уақытта оқу­шы­лар телефонды мектептің табал­дырығын аттаған сәттен-ақ тапсырғаны жөн. Менің екі ұлым да мектепке барады. Кішісінен бірнеше рет сұрадым, әзірге мұғалімдері сабақ кезінде телефондарын алып қоймайды екен. Үлкен ұлым 7-сыныпта оқиды. Олардың смартфондарын сабақ басталардан бұрын жинап алады», деді депутат Б.Жексенбай.

Ата-аналар неге алаңдайды?

Жаңа талапқа ата-аналардың көбі келіспейтінін байқадық. Мақаланы жазу барысында журналистік сауалдама жүргізіп көрдік. Басым бөлігінің ойы бір жерден шыққандай әсер қалдырады. Мысалы, олардың (сауалдамаға қатысқандар аты-жө­нін ашық көрсетпеуді өтінді) бәрінің айтатыны – «Бір ескертуден кейін қайталаса, бір­ден екіншісінде ата-анасына айып­пұл салу тиімді шешім бола алмайды. Бала біріншісінде біл­мей, бұл талапты автоматты түр­де ұмытып кетіп, яғни ада­­ми фактордан орындамай қалуы мүмкін. Ал екіншісінде мәж­­бүрліктен, бір жағдайдан амал­сыз қолданса ше? Себебі анық­талмай айыппұл салына бере ме? Мұндай норма тек ата-ана­лар­ға салмақ салады», деген пікір.

Әлеуметтік желілердегі ата-ана­лардың осы нормаға қатыс­ты ашық пікірлеріне көз са­лып көрдік. «Aisha_ui» парақша­сының иесі: «Не деген бітпейтін айыппұл! Бұл жерде ата-ананың да, мұғалімнің де кінәсі жоқ. Ата-ана балаға жетіскеннен телефон бермейді. Өміріне алаңдағандықтан, әсіресе бас­тауыш сынып оқушылары сабақ­тан қараңғыда қайтқанда аман­дығын білу үшін беріп жібе­реді. Ал мұғалім сабақта 30 оқу­шының қайсысын қа­да­ға­лап отырады? Телефон қол­да­ну­ға айыппұл салу педагог пен ата-ана арасында түсін­беу­шілік тудырады», депті. Ал «Aselaidarkhanova» деген әлеу­мет­тік желі қолданушысы «Он­дай болса, неге кітаптардан беріл­ген тапсырмаларды интернеттен қарап орындау керегін жазады?», деп сұрақты төтесінен қойыпты.

Екінші тарап керісінше талапты қолай көріп отыр. Мы­салы, Лаура есімді замандасымыз желідегі жаңа норма туралы ақпаратқа «Оқушылар не үшін телефон ұстауы керек? Олар сабақта ойын ойнап отырады», десе, осы ойға саятын Ардақ есімді желі қолданушы: «Дұрыс, келісемін. Оқушы сабақ үстінде оқуға зейін қоюы керек», деп жазады.

Ал 4 баланың анасы, түр­кістандық Есенгүл Құтты­баева­ның пікіріне қарағанда, талап толықтыруды, нақтылауды қажет етеді. Өйткені қабылданған шешім біржақты. «Меніңше, дәл осы талаптың орындалуы тағы да мұғалімді жеккөрінішті етудің жолы сияқты. Одан қал­ды педагогтің жұмысын кө­бей­теді. Екіншіден, баланың тәр­тібіне деген жауапкершілікті толығымен ата-анаға ысыра салу деп қабылдаймын. Шын мә­нінде, осы күні мұғалім мәр­тебесі деген көп айтылады ғой. Мұғалімнің мәртебесі 90-жылдары өте жоғары еді. Неге? Себебі мұғалімдер мектептегі, тіпті мектептен тыс тәртібімізге де өзін жауапты сезінетін, бізді оқушысы емес, баласындай қабылдайтын. Бүгінде педагогтерде де, мектеп қауымдастықтарында да алдындағы оқушылардың айнал­дырған 45 минуттық тәртібіне жауап беруден бас тарту қа­лып­ты дүниеге алып барады. Оқу­шылардың сабақ үстінде телефон ұстауы мұғалімнің 45 минутында болатын дүние ғой, оған мұғалім, мектеп жауап берсін. Бұған неге ата-ана айыпты болып, айыппұл төлеуге тиіс? Әкесі мен анасы балаға сабақта телефонмен ойнап отыр деп айтпайды», дейді Е.Құттыбаева.

«Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей...»

Астана қаласындағы №104 «Келешек мектебінің» қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжазира Бекболатқызы бұл мәселеге екіжақты қарау керегін, шешімді де жағдайға қарай қабылдау қажет екенін айтады. Оның ойынша, цифрлық сауатқа баулитын кезеңде түбегейлі ты­йып тастаудан гөрі телефонды тиімді, мәдениетті, пайдалы қолдануға үйреткен жөн.

«Бұл талап оқулықтардағы кейбір тапсырмаларды орын­дауға кедергі болады. Мысалы, бізде интернеттен қарап, бол­ма­са бір сайттарға кіріп, платфор­маларға қосылып орындайтын, «QR кодты бас, пікіріңді біл­дір» дей­тін тапсырмалар бар. Да­мыған елдердегідей әр оқу­шыға ноутбук яки планшет беріп барып норманы енгізсе, құба-құп. Өз басым егер оқушы телефонды қажетіне пайдаланса, қарсы емеспін. Осы күні цифрландыру, ақпараттандыру дейміз де, екінші жағынан оған тыйым салған секілді әрекет болып тұр. Ал мұндайда телефонды білім беру құралы ретінде пайдалануымыз керек. Қазіргі смартфондар жай ғана байланыс құралы емес, кәдімгі платфор­ма. Қоғамда болып жатқан дүние­лерді тым ауыр, эмоцияға бері­ліп қабылдайтынымыз бар. Ал­дағы уақытта ғарышта қонақ­үй ашылуы мүмкін. Әлем соған келе жатыр. Біздің талап бұған қайшы көрінеді. Талаптың енгі­зілу себебін де дұрыс түсінемін. Қоңырауда қарасаңыз, балалар­дың бәрі телефонға телміріп тұрады. Осындайда бір-бірімен бетпе-бет, емен-жарқын сөйлес­се дейсің. Екіншіден, кей бала­ның ата-анасы дәл сабақта теле­фон соғады. Үшіншіден, акаде­миялық адалдық болмайды, оқушылар кейбір тапсырмаларды мұғалімнің рұқсатынсыз телефоннан көшіре салады. Сондықтан біз бақылауларда жинап аламыз. Төртінші, баланы тәуелділікке алып келеді, тыйым салған сайын соған ұм­тылады. Сол себепті шектеу қойсын, бірақ педагогтің рұқса­тымен оқу мақсатында қол­да­нуға мүмкіндік берілсін. Мұнда әр нәрсенің шекарасын білуі­міз, белгілеуіміз керек», дейді Г.Бекболатқызы.

Мұғалімнің пікірінше, әлем­дік тәжірибе дейміз, теле­фон­ға түбегейлі тыйым салған Фран­ция (2018 жылдан бері), Қытай (2021 жылдан бастап), Нидерланд (2024 жылы) секілді ел­дер бар. Бірақ телефонға шектеу қоймайтын Финляндия – қазір білім жүйесі ең озық елдердің қатарында. Осыған қарап біз телефон білім сапасын төмендетеді деп біржақты қабылдай алмаймыз. Бұл жерде рөл ойнайтыны – санаға сәуле түсіру арқылы балада телефонды мәдениетті қолдану дағдысын қалыптастыру.

P.S. Сарапшылардың салмақты, сан түрлі пікірінен түсінгеніміз, телефон түйткілі ата-анаға айыппұл арқалатумен түбегейлі шешілмейді. Бұған кешенді көзқараспен қарап, жан-жақты зерделеп, тиімді тұсын тауып, талапты жағдайға қарай бейімдеген абзал. Қысқасы, талап қайта қарауды қажет ететіндей. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары