Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Тобыл бойындағы тазалық акциясы

Тобыл бойындағы тазалық акциясы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көктемгі жаппай сенбіліктер маусымы басталды. Қостанайдағы «Триатлон» саябағында өткен алғашқы сенбілікке облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

100-ге жуық саябақ пайда болды

Осыдан екі жыл бұрын алапат су тасқыны кезінде Тобыл жағасындағы бұл алапты топан сумен бірге ағып келген жұлынған тал-терек, қираған ағаш, қамыс, шөп-шалам басып қалған еді. Қысқа уақыт ішінде жағалау тау болып үйіліп қалған қоқыс пен қайраңнан аршылып, қала тұрғындары демалатын ғажайып саябаққа айналды.

Жаппай сенбілікке қала тұр­ғындары, мемлекеттік қыз­мет­шілер, ерікті жастар ұйым­дарының жасақтары шыққан. Облыс әкімі бас болып көпші­лік жұмысқа жұмыла кірісіп, саябақ аумағын күзгі жапырақ­тан, қураған ағаштан тазар­тып, ­әп-сәтте айнадай қылып тазартып тастады. Қыз-келіншектер ағаш әктеп, ер азаматтар қап-қап қоқысты көлікке тиеп жатқанда бір сәттік үзіліс жарияланып, жұмыс басында жүрген қала, басқарма басшылары қала тұрғындарына «Таза Қазақтан» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралардың жай-жапсарын баяндап, алда атқарылатын жұмыстардың жөн-жосығын айтып берді.

Аталған бағдарлама аясында өңірде кейінгі үш жыл ішінде 94 саябақ, 400-ден астам балалар мен спортсүйер көпшілікке арналған алаң салынған. Алда атқарылар шаруа бұдан да ауқымды. Биыл облыста 77 мың көшет егу, 37 көп­қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Облыстық энергетика бас­қар­масы басшысының орынбасары Азамат Сабыржанның айтуынша, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыруға, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға 54 млрд теңге қаржы жұмсалған.

«Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде 200-ден аса көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті. Мыңнан астам ескі ғимараттар сүріліп, 39 мыңнан астам жарық шамдары орнатылды. 2023 жылдан бастап көшелерді жарықтандыру деңгейі 82%-дан 94%-ға дейін өсті. Елді мекендерді көгалдандыру дәстүрге айналды. Өңірді көгалдандыру жоспарына сәйкес, 374 мың жасыл желек отырғызылды. 2025 жылы 143,9 мың көшет отырғызылды», деді басқарма басшысы.

Қала әкімі Марат Жүндібаев­тың айтуынша, өткен жылы Қостанайдағы КЖБИ шағын ауданы мен орталық саябақта 4 гектар аумақ толықтай абаттандырыл­ған. Қала тұрғындары демалатын саябақтарда көптеген велоси­пед жолдары, жаяу жүргінші­лер­ге арналған серуен жолдары салынған.

«Саябақтардың аумағына тар­тан жабындысының көп­теп төселуі, әсіресе, қарт кісілер­дің демалуына қолайлы жағдай туғы­­зып отыр. Қаладағы демалыс алаңдарында дене шынықтыру­мен айналысып жүрген тұрғын­дар көбейді. Ал «Триатлон» саяба­ғы су тасқынынан кейін толық жа­рықтандырылып, суару жүйесі тартылды. Санитарлық тораптар, тренажерлар орнатылып, бала­лардың ойын алаңдары, автотұрақ салынды. Ең бастысы, Қайырбе­ков көшесі мен Абай көшелері­нің арасы жаяу жүргіншілерге ыңғайлы етіп байланыстырылды. Темірбаев көшесіндегі 0,7 гектар алаң да абаттандырылып, теміржол вокзалы маңындағы тұрғындар игілігін көріп жатыр. Арыстанбеков көшесіндегі ашық аумақта да балалар ойнайтын, тұрғындар спортпен шұғылданатын алаң пайда болды. Айналасына ағаш отырғызы­лып, зейнеткерлер отырып демалатын шағын саябақ салынды», деді қала әкімі. 

Орман алқабындағы экопарк

Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиев Тобыл қала­сын­дағы «Астана» шағын ауданы­ның маңындағы орман алқабында бұрын-соңды болмаған ғажайып экопарк салынатынын айтты. Экологиялық саябақтың аумағы 43 гектар болады.

«Жобаға сәйкес, қазір авто­тұрақ салынып жатыр. Келушілер арнайы сәнді арка арқылы өтіп, ересектер мен балаларға арналған ойын-сауық аймағына кіреді. Мұнда балаларға арналған шағын сәулет нысандары, тренажерлар, демалыс орындықтары болады. Орман ішінде ұзындығы 2,5 шақырымнан асатын жа­рық­тандырылған велосипед және жүгіру жолдары салына­ды. Тұрғындарға арналған спорт алаңдары пайда болады. Көп­функционалды футбол алаңы, бас­кетбол және волейбол алаңдары қарастырылған. Бұл парктің бас-ты ерекшелігі – қалың орманның арасында, тұмса табиғат аясында орналасқан. Саябақтың қақпасына кірген соң, небәрі 5 минут жаяу жүрген адам өзін қала сыртында жүргендей сезінеді», деді Тобыл қаласының әкімі.

Тобыл өзенінің арғы бетіндегі «Астана» шағын ауданына тиіп тұрған экопарк Қостанай қала­сының тұрғындары үшін де қолайлы. Қостанайдан көлікпен шыққан адам бұл жерге 10-ақ минутта жетіп барады. Парк аумағында жерүсті, жерасты өткелдерін салу қарастырылған.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аталған саябақ Мемлекет басшы­сының тапсырмасы бойынша салынып жатқанын айтты.

«Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс ор­та­лықтарының маңында экопарк болу керек деген тапсырма берген болатын. Бұл жоба Мичурин ауылының маңындағы орман алқа­бында жүзеге асырылады. Жер­­гілікті бюджеттен арнайы қар­жы қарастырылып отыр. Жоба ая­сында велоси­пед жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы, жа­рық­тандыру, суару жүйесі, спорт алаң­дары салынады. Яғни табиғи орман атмосферасы сақтала отырып, заманауи демалыс орны пайда болады. Бұл экопарк облыс тұр­­ғын­дарының сүйікті демалыс орын­дарының біріне айналады деп сенемін. Ерекше жоба екені рас, сон­дықтан жоспарланған ша­руа­ны өз мерзімінде сапалы атқа­рып шығу қажет», деді Құмар Ақсақалов.

Биыл өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында көпшілік орындарды халыққа қолайлы етуге, саябақтар мен демалыс алаңдарын абаттандыруға, тұрғын үйлерді жөндеуге, спорт алаңдарын салуға 16 млрд теңге­ден аса қаражат қарастырылған. Сонымен қатар елді мекендерді көгалдандыру жұмысы да ауқы­мын кеңейте түспек. Жыл со­ңы­на дейін ауылдық, қалалық мекендерде 77,3 мың ағаш егу жоспарланып отыр.

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Саясат • Бүгін, 08:05

Ертіс ластанбасын деңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:00

Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады

Саясат • Бүгін, 07:55

Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі

Саясат • Бүгін, 07:50

Іргелі инфрақұрылыммен жан-жақты танысты

Саясат • Бүгін, 07:45

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды

Заң мен Тәртіп • Кеше

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

Бокс • Кеше

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан • Кеше

Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Банк • Кеше

ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады

Президент • Кеше

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды

Спорт • Кеше

Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді

Шаруашылық • Кеше

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті

Үкімет • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:239
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see129

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары