Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Тоқаев: Қазақстан мен Қытай қарым қатынасы жаңа алтын отызжылдыққа қадам басты

Тоқаев: Қазақстан мен Қытай қарым қатынасы жаңа алтын отызжылдыққа қадам басты

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен өткен кездесуде қытайлық серіктестерге Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестік бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгенін атап өтті.

"Екіжақты байланыстарымыз бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Біз Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жаңа "алтын отыз жылдығына" бірге қадам бастық. Елдеріміздің ықпалдастығы мүлде жаңа сапалық деңгейге шықты деп айтуға болады. Халықтарымыздың арасында өзара сенім, шынайы достық және болашаққа деген ортақ ұстаным бар. Орайлы сәтті пайдалана отырып, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін қадірлі досым, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаға зор алғыс айтқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, жоғары деңгейде қалыптасқан саяси сенім сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге берік негіз болып отыр.

Президент соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстардың айтарлықтай нығайғанына тоқталды.

"Былтыр екіжақты сауда көлемі 49 миллиард долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Қазір Қазақстанда қытай капиталы бар 8500-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде CNPC, CITIC және Huawei сияқты ірі компанияларды атап өту қажет. Біз Қытай бизнес өкілдерінің Қазақстан экономикасын жаңғыртуға сүбелі үлес қосып жатқанын жоғары бағалаймыз", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан мен Қытай өткен жылдары көптеген маңызды инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асырды. Бұл жобалардың нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылып, өндірістерге заманауи технологиялар енгізіліп, өнеркәсіптік кооперация нығая түсті.

" Өткен жылдары елдеріміз көптеген маңызды жобаны бірге табысты жүзеге асырды. Соның нәтижесінде жұмыс орындарын аштық, озық технологияларды енгіздік және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығымызды нығайта түстік. Бүгін де жаңа стратегиялық жобаларды бірлесе іске асырып жатырмыз", – деді Мемлекет басшысы.

Президент қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобаларға да тоқталды.

Оның айтуынша, Sinopec компаниясымен ірі газ-химия кешені салынуда. Fufeng Group компаниясымен жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы қолға алынған. Ал Lihua Group компаниясымен заманауи мақта-тоқыма кластері құрылып жатыр.

Сонымен қатар Қытайдың автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындары Қазақстанда өндіріс орындарын кезең-кезеңімен іске қосуда.

"Қытайдың автокөлік кәсіпорындары Қазақстанда өндіріс орындарын аша бастады. Мысалы, елімізде HOWO, Yutong және JAC брендтері шығарылады. Былтыр Changan, Great Wall Motor, сондай-ақ Chery мультибрендті автомобиль өндірісі іске қосылды. Бұл жобалар біздің екіжақты әріптестігіміз инновацияға, озық технология мен өнеркәсіпті жаңғырту ісіне негізделіп отырғанын көрсетеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның шетелдік инвесторлар үшін ашық әрі сенімді серіктес болып қала беретінін атап өтті. Президенттің айтуынша, еліміз инвестициялық ахуалды жақсартуға, өндірісті дамытуға және жоғары технологиялы жобаларды іске асыруға басымдық береді. Қазақстан алдағы уақытта да Қытай бизнесімен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 14:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары