Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Заңға енгізілген өзгерістердің бірі "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекске қатысты.

Жаңа нормаға сәйкес, суррогат ана қызметіне тапсырыс беруші тек Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған жұптар ғана бола алады.

Сондай-ақ заңда суррогат анамен шарт жасасатын ерлі-зайыптылардың міндеттері нақтыланған. Олар:

суррогат ананың медициналық тексеруден өтуіне байланысты шығындарды өтеуге;қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану шығындарын төлеуге;репродуктивтік технологияларды қолданатын медициналық ұйымдарға өзінің дене және психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынуға;суррогат ананың жүктілік, босану кезеңіндегі және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі медициналық қызмет көрсету шығындарын төлеуге міндетті.

Егер жүктілік немесе босану кезінде асқынулар туындаса, медициналық қызмет көрсету шығындары босанғаннан кейінгі 70 күнге дейінгі кезеңге өтеледі.

Сонымен қатар қабылданған заң аясында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер деңгейіне жекелеген кіріс көздерін беру мәселесіне қатысты да өзгерістер енгізілді.

Заңға сәйкес, енді аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджетіне мынадай кіріс көздері беріледі:

заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы (кірістерді бөлу нормативтерін аудандық немесе облыстық маңызы бар қала мәслихаты белгілейді);қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым (алым төлеушінің орналасқан жері бойынша, уәкілетті мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға құжаттар тапсырылғанға дейін не рұқсат құжаттары алынғанға дейін);мұнай секторындағы ұйымдардан түсетін түсімдерді қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган салатын айыппұлдар мен өзге де өндіріп алулардан түсетін қаражат.

Сонымен қатар заңда Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат төрағасы лауазымына қатарынан екі мерзімнен артық сайлана алмайтыны белгіленді.

Сондай-ақ "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" заң жаңа "Мәслихат аппараты басшысының құзыреті" атты баппен толықтырылды.

Заңға сәйкес, мәслихат аппаратының басшысы мынадай өкілеттіктерге ие болады:

мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;өз құзыреті шегінде аппараттың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және қызметтен босатады;аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;қызметтік тәртіптің сақталуын бақылайды;іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы белгілеу мәселелерін шешеді;аппарат қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарайды;өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;мәслихат сессияларын, тұрақты және уақытша комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырады;мәслихат шешімдерінің жобаларын, депутаттарды іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды, сондай-ақ мәслихат төрағасы немесе тұрақты комиссия төрағасы болмаған кезде олардың міндеттерін жүктеу туралы құжаттарды әзірлейді;депутаттардың біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады;заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Заң аясында бұдан өзге де бірқатар түзетулер қабылданды. Атап айтқанда:

инвестициялық келісімшарт жасасқан инвесторлар мен стратегиялық кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелерін бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу немесе түзету аяқталғанын күтпей-ақ икемді тетік арқылы беру мүмкіндігі енгізілді;сот сараптамасы қызметіне мемлекеттік емес субъектілердің қатысуын жүйелеу және реттеу мақсатында "жекеше сот сарапшысы" ұғымы енгізілді. Бұл жаңа сот-сараптама субъектілерін құруды көздемейді, керісінше бұрыннан қалыптасқан тәжірибені институционалдық тұрғыдан бекітіп, құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған;EPC+F тетігін қолдану аясы кеңейтілді. Енді мемлекеттік міндеттемелерді орындау шеңберінде мемлекеттік органдармен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілері де тапсырыс беруші бола алады;"Дипломмен – ауылға" бағдарламасына қатысушылардың тізімі кеңейтілді. Бағдарламаға цифрлық технологиялар және архив ісі саласының мамандары енгізілді.

Заң 2026 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енеді. Жекелеген нормалардың қолданысқа енгізілу мерзімі өзгеше болып белгіленген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 12:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары