Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Тоқаев және Путин арасындағы келіссөздер: Қазақстан Ресей арасындағы серіктестік нығая береді

Тоқаев және Путин арасындағы келіссөздер: Қазақстан Ресей арасындағы серіктестік нығая береді

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Келіссөздер барысында саяси диалогпен қатар экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, көлік-логистикалық байланыстарды дамыту, энергетика саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету және гуманитарлық бағыттағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдардың жақындығын атап өтті.

Сарапшы Бауыржан Ысқақтың пікірінше, бұл сапар Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі транзиттік және энергетикалық рөлін күшейтетін маңызды дипломатиялық оқиға болды. Оның айтуынша, қол қойылған құжаттар тек екіжақты қатынастарды нығайтып қана қоймай, Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты жағдайында халықаралық позициясын да одан әрі бекіте түседі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде ЕАЭО-ны «жаһандық экономиканың маңызды субъектісі» деп атады. Қазіргі геосаяси жағдайда Одақтың нақты ықпалы мен болашағын қалай бағалауға болады? ЕАЭО шынымен әлемдік экономикалық ойыншылар қатарына ене ала ма?

– Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың V Еуразиялық экономикалық форумда Еуразиялық экономикалық одақты жаһандық экономиканың маңызды субъектісі ретінде атауы – ең алдымен саяси әрі экономикалық маңызы зор мәлімдеме. Қазіргі жағдайда Еуразиялық экономикалық одақ посткеңестік кеңістіктегі ең ірі интеграциялық құрылымдардың бірі болып саналады. Одаққа мүше елдердің жиынтық нарығы 190 миллионнан астам халықты қамтиды. Сонымен қатар энергетика, астық, металлургия, логистика және транзит бағыттарында ЕАЭО-ның әлеуеті айтарлықтай жоғары. Алайда қазіргі геосаяси ахуал, әсіресе Ресейге қарсы санкциялар, одақтың даму қарқынына әсер етіп отыр. ЕАЭО-ның негізгі мәселелерінің бірі – экономикалардың теңгерімсіздігі. Ресей экономикасы одақ ішінде басым рөл атқарса, қалған мемлекеттер көбіне шикізаттық немесе транзиттік функциямен шектеледі. Сондықтан әзірге Еуразиялық экономикалық одақты Еуроодақ деңгейіндегі толыққанды жаһандық экономикалық ойыншы деп айту ертерек. Соған қарамастан, ЕАЭО-ның болашағына қатысты оң мүмкіндіктер бар. Қазіргі әлемде аймақтық экономикалық блоктардың рөлі күшейіп келеді. Егер одақ цифрлық интеграцияны дамытып, ортақ логистикалық инфрақұрылымды жетілдіріп, ұлттық валюталардағы есеп айырысуды арттырып, технологиялық кооперацияны күшейтсе, онда Еуразиялық экономикалық одақ Еуропа мен Азия арасындағы маңызды экономикалық көпірге айналуы мүмкін. Әсіресе Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында Орталық Азияның транзиттік маңызы артып, бұл ЕАЭО үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

– Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні ЕАЭО кеңістігіндегі «төрт еркіндік» қағидатын жүзеге асыру құралы ретінде ұсынды. Бұл бастама мүше елдердің экономикасына қандай нақты өзгеріс әкелуі мүмкін және интеграцияның қай салаларында AI ең жылдам нәтиже береді?

– Президенттің жасанды интеллектіні Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі «төрт еркіндік» қағидатын жүзеге асыру құралы ретінде ұсынуы да аса маңызды бастама. Бұл қағидаттар – тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысы. Жасанды интеллект осы бағыттардағы интеграциялық үдерістерді жеделдетуге мүмкіндік береді. Мәселен, кедендік рәсімдерді автоматтандыру, логистика мен транзитті цифрлық бақылау, ортақ еңбек нарығындағы мамандарды сәйкестендіру, банк және қаржы операцияларын жеңілдету, құжат айналымын бірыңғай цифрлық жүйеге көшіру арқылы интеграция тиімділігін арттыруға болады.

Ең жылдам нәтиже беретін салалардың бірі – логистика. Себебі ЕАЭО үшін негізгі артықшылықтардың бірі – транзиттік әлеует. Жасанды интеллект жүк ағынын болжауға, шекарадағы кідірістерді азайтуға және контрабанда тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Екінші маңызды бағыт – өнеркәсіптік кооперация. Бұл өндірістік тізбектерді оңтайландырып, кәсіпорындардың шығынын азайтуға ықпал етеді. Әсіресе машина жасау, агроөнеркәсіп және энергетика салаларында мұның маңызы зор.

Дегенмен бұл бағытта белгілі бір тәуекелдер де бар. Одаққа мүше елдердің цифрлық даму деңгейі әртүрлі. Егер технологиялық теңсіздік сақталса, жасанды интеллект интеграцияны күшейтудің орнына экономикалық алшақтықты арттыруы мүмкін. Сондықтан ортақ цифрлық стандарттар мен деректер қауіпсіздігі мәселелерін шешу аса маңызды.

– Президент Қазақстанда 2026 жыл «Жасанды интеллект және цифрлық даму жылы» болып жарияланғанын айтты. Бұл бастама ел экономикасы мен еңбек нарығына қандай өзгеріс әкелуі мүмкін? Қазақстан AI бағытында өңірлік хабқа айнала ала ма?

– Қазақстанда 2026 жылдың «Жасанды интеллект және цифрлық даму жылы» болып жариялануы – экономиканы жаңа модельге көшіруге бағытталған стратегиялық қадам. Бұл бастама бірнеше маңызды өзгеріске алып келуі ықтимал.

Біріншіден, еңбек нарығы өзгереді. Қарапайым әкімшілік жұмыстардың бір бөлігі автоматтандырылып, жасанды интеллектімен жұмыс істей алатын мамандарға сұраныс артады. Атап айтқанда, дата-аналитиктер, AI-инженерлер, киберқауіпсіздік мамандары, цифрлық менеджерлер және автоматтандыру инженерлері секілді жаңа кәсіптерге қажеттілік күшейеді.

Екіншіден, мемлекеттік басқарудың тиімділігі артуы мүмкін. Егер жасанды интеллект мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне дұрыс енгізілсе, бюрократиялық кедергілер азайып, қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығы жақсарады.

Үшіншіден, бұл бастама Қазақстанға IT-инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Қазіргі әлемде жасанды интеллект инфрақұрылымы үшін жаһандық бәсеке күшейіп келеді. Қазақстанның артықшылықтары – географиялық орналасуы, салыстырмалы түрде арзан энергия ресурстары, цифрлық мемлекеттік қызметтердің дамуы және Орталық Азиядағы ең ірі экономика болуы.

Қазақстан осы бағытта өңірлік цифрлық хабқа айнала алады. Алайда бұл үшін бірнеше маңызды шарт қажет: мықты техникалық білім беру жүйесін қалыптастыру, дата-орталықтарды дамыту, халықаралық IT-компанияларды тарту, венчурлық қаржыландыруды күшейту және ағылшын тілінде технологиялық кадрлар даярлау.

Егер бұл бағыттар жүйелі түрде жүзеге асырылса, Қазақстан Орталық Азиядағы жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың жетекші орталығына айналуы әбден мүмкін. Бірақ бұл бастамалар тек декларация деңгейінде қалып қоймай, нақты экожүйе қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды

– АЭС құрылысы жөніндегі келісім Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық тәуелсіздігіне қалай әсер етеді?

– Енді АЭС құрылысы жөніндегі келісім Қазақстан үшін, ең алдымен, ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздік мәселесімен байланысты. Елде электр энергиясына деген сұраныс өсіп келе жатқаны белгілі, ал қолданыстағы жылу электр станцияларының басым бөлігі ескірген. Осы жағдайда атом энергетикасы тұрақты базалық қуат көзі ретінде қарастырылады. Экономикалық тұрғыдан бұл өнеркәсіптің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, энергия тапшылығы тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ мұнда технологиялық тәуелділік мәселесі де бар. Егер жоба толықтай сыртқы технологияларға, отын циклына және сервистік қызметке байланысты болса, онда энергетикалық тәуелсіздік толық күшейеді деп айту қиын. Сондықтан Қазақстан үшін ең басты мәселе – АЭС салудың өзі ғана емес, оның айналасында ұлттық кадрлар, технологиялар және жергілікті өндірістерді қалыптастыру.

– Қазақстанның Ресей экономикасына салған 9 млрд доллар инвестициясы және 53 млрд долларлық ортақ жобалар пулы екі ел арасындағы экономикалық ықпалдастықтың жаңа деңгейге шыққанын көрсете ме?

– Қазақстанның Ресей экономикасына салған 9 миллиард доллар инвестициясы мен 53 миллиард долларлық бірлескен жобалар пулы екі ел арасындағы экономикалық ықпалдастықтың жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді. Бұл әсіресе өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика және агроөнеркәсіп салаларындағы өзара тәуелділіктің күшейгенін аңғартады. Сонымен қатар бұл тек сауда байланысы емес, өндірістік кооперация деңгейіне өткенін білдіреді. Алайда қазіргі геосаяси жағдайда мұндай байланыстар Қазақстан үшін әрі мүмкіндік, әрі тәуекел болып саналады, өйткені санкциялық қысым күшейген сайын Қазақстан экономикасы сыртқы әсерлерге сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан Астана Ресеймен экономикалық байланыстарды сақтай отырып, Еуропа, Қытай, Түркия және Орталық Азия бағыттарында да әртараптандыруды дамытуға ұмтылады.

– Президент Тоқаевтың «Орталық Азия – Ресей» форматын күшейту қажет деген мәлімдемесі Қазақстанның аймақтық лидерлік стратегиясымен қаншалықты байланысты?

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия – Ресей» форматын күшейту туралы мәлімдемесі Қазақстанның аймақтық лидерлік стратегиясымен тікелей байланысты. Қазақстан соңғы жылдары өзінің Орталық Азиядағы интеграциялық және дипломатиялық белсенділігін, сондай-ақ логистикалық әлеуетін көрсетуге тырысып келеді. Бұл формат арқылы Астана бірнеше мақсатты көздейді: аймақтағы тұрақтылықты сақтау, көлік дәліздерін дамыту, су-энергетикалық және экологиялық мәселелерді үйлестіру, сондай-ақ ірі державалар арасындағы теңгерімді сақтау. Қазақстан үшін ең маңыздысы − Ресеймен байланысты тек екіжақты деңгейде емес, бүкіл аймақтық архитектура аясында қарастыру. Қазіргі күрделі халықаралық жағдайда Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестікті сақтай отырып, көпвекторлы саясат жүргізуі – өте прагматикалық тәсіл.

– Қазіргі күрделі халықаралық жағдайда Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестікті сақтай отырып, көпвекторлы саясат жүргізуі қаншалықты тиімді модель болып отыр?

– Енді қай жағынан алсақ та, Қазақстан өзінің географиялық, экономикалық және қауіпсіздік факторларына байланысты Ресеймен тығыз байланысты толықтай бас тарта алмайды. Сонымен қатар ел Батыс, Қытай, Түркия, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдерімен де қарым-қатынасын күшейтіп келеді. Бұл саясат Қазақстанға халықаралық қысымдар арасындағы маневр жасауға мүмкіндік береді. Көпвекторлы бағыттың басты артықшылығы – бір орталыққа тәуелді болмау және сыртқы экономикалық тәуекелдерді теңгеру.

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сапарда экономикалық прагматизм мен тарихи-мәдени байланыстарды қатар айтуы Қазақстан сыртқы саясатының қандай ерекшелігін айқындайды?

– Президент Тоқаев бұл кездесуде экономикалық бағдарламалар тізімі мен тарихи-мәдени байланыстарды қатар атауы Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды ерекшелігін айқындайды. Яғни Астана халықаралық қатынастарда тек экономикаға ғана емес, тарихи сабақтастық пен гуманитарлық дипломатияға да мән беретінін көрсетеді. Бұл әсіресе посткеңестік кеңістікте сенімді саяси диалогты сақтауға көмектеседі. Қазақстанның ұстанымы – экономикалық мүдде мен мәдени-гуманитарлық байланысты қарсы қою емес, керісінше оларды қатар дамыту.

– Сарапшылардың пікірінше, бұл мемлекеттік сапар Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі рөлін күшейтіп, елдің транзиттік, энергетикалық және дипломатиялық ықпалын арттыра ала ма?

– Бұл мемлекеттік сапар Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі рөлін күшейтуі әбден мүмкін. Біріншіден, Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы маңызды транзиттік көпірге айналып келеді. Орта дәліз, теміржол логистикасы және Каспий бағытындағы жобалар елдің стратегиялық маңызын арттырып отыр. Екіншіден, энергетикалық жобалар Қазақстанның аймақтағы ықпалын күшейтеді. Үшіншіден, Қазақстан бүгінгі түрлі геосаяси орталықтардың арасында диалог алаңы ретінде де қабылдана бастады. Сондықтан елдің дипломатиялық беделі мен делдалдық рөлі де артып келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 14:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see144

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see141

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see134

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see129

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see127

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see119

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see117

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see116

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see115

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see114

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see113

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see113

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары