Торпедо шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарын жеңіспен бастады
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл турнир Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатыр. Қазақстандық команда «Анже Дакс» (Франция) және«Хернинг Блю Фокс» (Дания) командаларымен сынға түседі.
Бүгінгі кездесу барысында бірінші кезеңде командалар бір-бір голдан соқты. Екінші кезеңде қазақстандық команда үш шайба енгізсе, оған даниялық хоккейшілер бір голмен ажуап берді. Шешуші кезеңде өскемендік команда тағы мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты.
Осылайша олар қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті.
«Хернинг Блю Фокс» (Дания) — «Торпедо» (Қазақстан) 2:6 (1:1, 1:3, 0:2)
0:1 — Рахманов (Мусоров) — 03:03
1:1 — Бау (Амороса, Поульсен) — 07:29
2:1 — Цибульскис (Максимович) — 22:26
2:2 — Колобов (Яковлев, Александров) — 28:54
2:3 — Мусоров (Боровиков, Гренц) — 29:25
2:4 — Колобов (Рунов, Алдабергенов) — 37:39
2:5 — Гренц (Алдабергенов, Боровиков) — 52:00
2:6 — Кляузов (Рифель) — 55:34
Қақпашылар: Фецерс — Пестов.
Енді қазақстандық команда топтық кезеңдегі 16 қаңтарда сағат 19:30–да тағы бір ойынын Францияның «Анже Дакс» клубына қарсы өткізеді.
Әрбір топтың жеңімпазы финалдық кезеңде алтынға таласады. Екінші орын алған клубтар қола жүлдені сарапқа салады. Топтық кезеңде үшінші орынды місе тұтқан ұжымдар турнирдің бесінші орны үшін мұзайдынға шығады.
Халықаралық турнир 18 қаңтар күні мәресіне жетеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:91
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 23:15 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















