Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Трансшекаралық су ресурстарын басқару бойынша ортақ тәсілдер әзірленді Су министрі

Трансшекаралық су ресурстарын басқару бойынша ортақ тәсілдер әзірленді Су министрі

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысы өтті. Отырыста Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және тиімді пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды.

Келісім екі елдің тұрғындары мен ауыл шаруашылығы аймақтарын сумен қамтамасыз ететін трансшекаралық өзендер мен каналдар бойынша өзара әрекеттесу тетіктерін бекітеді. Құжат трансшекаралық су шаруашылығы нысандарының пайдалану режимін үйлестіру, тұрақты бірлескен тексерулер жүргізу, олардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қарастырады.

Сонымен қатар трансшекаралық учаскелерде су беру мен алу деректерін автоматтандырылған жүйеде бірлесіп есепке алу және ақпаратты жедел алмастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді. Жүйені енгізу су ресурстарын бақылауды күшейтіп, екі елдің су шаруашылығы органдары арасындағы сенімді арттыруға ықпал етеді.

Құжат су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту мен жөндеуді, су шығынын азайтуды, су үнемдеу технологияларын енгізуді және суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуды көздейді. Сондай-ақ тараптар тасқын, құрғақшылық және басқа да табиғи құбылыстардың алдын алу және салдарын азайту бойынша күш-жігерді үйлестіреді.

Келісімді іске асыру үшін Қазақстан мен Өзбекстанның Үкіметаралық комиссиясы құрылады. Комиссия келісімдердің орындалуын үйлестіреді, трансшекаралық нысандарды пайдалану бойынша шешімдер қабылдайды, арнайы жұмыс топтарын құрады және екі елдің құзырлы органдары арасындағы диалогты қамтамасыз етеді. Комиссияның отырыстары жылына екі рет, кезекпен Қазақстан мен Өзбекстан аумағында өткізіледі.

— Бұл құжат — 2017 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ортақ еңбектің нәтижесі. Екі мемлекеттің жүйелі қадамдарының арқасында трансшекаралық суды басқару бойынша келісілген тәсілдер әзірлеу мүмкін болды. Сондықтан бүгін қол қойылған келісім тарихи мәнге ие оқиға болып отыр. Жаңа келісім Қазақстан мен Өзбекстанның қолданыстағы халықаралық міндеттемелеріне негізделеді. Соның ішінде 1992 жылғы 18 ақпандағы Орталық Азия елдері арасындағы трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі БҰҰ конвенциясы және Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны қамтиды. Бұл келісім Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сенімді нығайтып, шекаралас аймақтардың су қауіпсіздігін арттырады, ауыл шаруашылығының дамуына жәрдемдеседі және экологиялық тұрақтылық негізін күшейтеді. Құжат Орталық Азиядағы су дипломатиясын дамытуға елеулі үлес қосады, — деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. 

Айта кетелік Тоқаев екі ел үкіметіне су шаруашылығы саясатындағы тәсілдерді үйлестіру үшін жүйелі шаралар әзірлеуді ұсынған еді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 15:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары