Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Түнгі клубтар тәртіпке бағынбай тұр

Түнгі клубтар тәртіпке бағынбай тұр

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазір түнгі клубтар мен ойын-сауық орындары қауіпті болып тұр. Бұлай дейтініміз кейінгі айларда орын алған қайғылы оқиғалар осы жерлерде көптеп тіркелді. «102» жедел арнасына түскен дамылсыз қоңыраулардың легі ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтарға қатысты болған.

Жедел желіге дамыл жоқ

Былтыр қаңтар-тамыз айларында «102» жедел арнасына ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтарға қатысты 45 992 шағым түскен. Сенат депутаттары аталған мәселеге қатысты дабыл қағып, Үкіметке сұрау тастады. Бір топ сенатор қоғамдық тәртіптің осы тұсы Президенттің Жолдауында: «Заң мен тәртіп, азаматтардың қауіпсіздігі және құқықтық тәртіп жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттік саясаттың басты қағидатына айналуға тиіс. Адамның өмірі мен денсаулығы – ең қымбат құндылық, мемлекет оны сенімді қорғауға міндетті», деп ерекше атап өткен қағидатына сай келмей тұрғанын айтады. Олар түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарының қызметінде әлі де жоғары деңгейдегі қауіптің сақталып отырғанына алаңдайды. Статистикаға сүйенсек, 8 айда республика бойынша келіп түскен шағымдардың 11 569-ы Астана қаласында тіркелген. Оның ішінде клубтарда – 2 718, мейрамханаларда – 2 269, кафелерде – 6 582. Алматы қаласында да дәл осындай жағдай (11 021) орын алып отыр. Бұл көрсеткіш басқа өңірлермен салыстырғанда (Шымкенттен – 2 есе (5 626), ШҚО-нан – 4 есе (2 806), Қызылорда облысынан – 7 есе (1 557), Жамбыл облысынан – 8 есе (1 471), СҚО-нан – 12 есе (947), Маңғыстау облысынан – 14 есе (833), Түркістан облысынан 20 есе (586) айтарлықтай жоғары.

«Елорданың «Amazon» клубында орын алған резонансты оқиғаны айрықша атап өту қажет. Жексенбіге қараған түні пышақ қолданылған жанжал салдарынан 19 жастағы азамат қаза тапты. Көптеген айыппұлдар мен әкім­шілік хаттамаларға қара­мас­тан, заң бұзушылықтар жал­ғасып келеді. Әлеуметтік желі­лерде бұл саладағы «көлең­келі экономиканың» көріністері – заңсыз алкоголь сату, салықтан жалтару, жекелеген орындарды «қорғау» фактілері кеңі­нен талқыланып жатыр», делінген Үкімет басшысына жолданған депу­таттық сауалда.

Мұның себебін сенаторлар түнгі клубтардың лицензия­ла­нуы мен қызметіне жеткілікті бақылаудың болмауымен түсін­діреді. Сондай-ақ олардың мәлім­деуінше, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік жүйелі түрде бұзылып, мекеме иелеріне қолданылатын санкциялар тиімсіз болып отыр. Бұған қоса көлеңкелі экономика мен бюджетке түсетін салықтар айтарлықтай азайған.

Халықаралық тәжірибеге сүйен­сек, Германияда түнгі клуб лицен­зиясы жыл сайын жаңар­тылып отырады, қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда ол бірден қайтарып алынады. Ал Сингапурда клубтарды полиция бейнебақылау арқылы онлайн-режімде бақылай алады, шу мен тәртіпсіздікке жол берген орындар ұзақ мерзімге жабылады. БАӘ-де де (Дубай тәжірибесі) клубтар қатаң салық­тық, цифрлық бақылауға алынып, алкоголь сату тек арнайы лицензияға байланысты жүзеге асырылады.

Осы елдердегі тәжірибені ескере отырып, сенаторлар Үкіметке заңнамалық нормативтік толық­ты­рулар арқылы түнгі клубтар мен барларды лицензиялау талаптарын күшейтіп, міндетті қауіпсіздік стандарттарын (поли­цияға онлайн қолжетімді бейне­бақылау, күзет, өрт дабылы, эвакуациялық шығу жолдары) енгізуді ұсынды. Сондай-ақ мекеме иелерінің келушілер­дің өмірі мен денсаулығына жеке жа­уапкершілігін бекітіп, жұмыс уақыты мен алкоголь сатуға бақы­лау жүргізуге шақырды. Депу­таттар­дың айтуынша, түнгі клубтар мен барлардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылуға тиіс, тексерулер мен анықталған заң бұзушылықтар туралы қоғам біліп отыруы қажет. Аталған нысандардың қызметін әкімдік, ішкі істер мен төтенше жағдай министрліктері, салық органдары бақылауға алуы керек. Бұ­ған қоса цифрлық технологиялар ар­қылы мониторинг жүргізіліп, бей­небақылау деректерін заң аясын­да онлайн беру, электронды ли­цен­зиялау, салық түсімдерінің авто­мат­тандырылған есебі жасалуы шарт.

Азаматтардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мемлекеттің консти­туциялық парызын орындау ғана емес, сонымен қатар қоғам­ның билікке деген сенімінің бір шарты екенін айтады депутаттар.

Лицензиялау жемқорлықты күшейтуі мүмкін

Сенаторлардың көтерген мәсе­­­­лесіне Үкімет басшысы лез­де жа­уап берді. Олжас Бектенов­тың мәлімдемесіне сүйенсек, қазір қолданыстағы заңнамада аза­мат­тардың денсаулығына зиян кел­тіріп, қоғамдық тәртіп бұзылған жағ­дайларда ойын-сауық орындарының иелері Азаматтық кодекс (зиянды өтеу бөлігінде), Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы кодекске сәйкес жауап­кершілікке тартылады. Мәселен, былтыр антитеррор­лық қорғалу та­лаптарын орында­ма­ған 1 мыңнан аса ойын-сауық орнының басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ко­декстің 149-бабымен әкім­ші­лік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ ойын-сауық орындарына барған 2 мың жасөспірім анықталып, мекеме иелері заң алдында жауап берген. Оның ішінде құқық бұзушылыққа жол берген 880, тыныштықты бұзған 157 меншік иесіне әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал жыл ішінде қайталама құқық бұзушылық жаса­ған 11 ойын-сауық орнының қызметі сот шешімімен тоқтатылған.

«Сонымен қатар қазір­ Мәжіліс­те қара­лып жат­қан «Құқық бұзу­шылық­тардың алдын алу мәсе­лелері бойынша» заң жобасы аясында жыл ішінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шара қолданбаған тұлғаларға, соның ішін­де ойын-сауық орындарының иелеріне әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделген. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпей­тін ойын-сауық орындарының иелеріне қатысты құқықтық ық­пал ету шараларын қолдануға мүм­кіндік береді. Қаржы министр­лігі мемлекеттік бақылау және алкоголь өнімдерінің айналы­мын жетілдіру бойынша шара­ларды әзірлеу мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобын құрды», деп мәлімдеді Премьер-министр ресми жауабында.

Сонымен қатар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң­ға сәйкес ойын-сауық орын­дарының иелері қызметін баста­ғаны туралы мемлекеттік орган­дарды міндетті түрде элек­трондық үкімет порталы (egov.kz сайтында) арқылы хабардар етуге тиіс, бұдан соң олар мемлекеттік электрондық рұқсат­тар мен хабарламалар тізіліміне енгізіледі. Сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті орган ойын-сауық орындарына жүргізілетін тексерулердің бірың­ғай тізілімін жасайды. Қазір мүдделі мем­ле­кеттік органдар ойын-сауық орын­дарында жүргізілген тексеру­лер мен анықталған бұзу­шы­лықтар туралы ақпаратты ашық қолжетімді орналастыру мәселесін қарастырып жатыр.

Десе де, Үкімет басшысы «Сау­да қызметін реттеу туралы» заңға сәйкес сауда қызметін жүзеге асыратындар мекеменің жұмыс режімін, тауарлардың ассортименті мен бағасын дербес айқындайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ойын-сауық орында­рының қызметін лицензиялау институтын енгізу артық әкімшілік кедергілердің пайда болуына, сыбайлас жемқорлықтың артуына алып келуі мүмкін. Осы себепті мұндай орындардың жұмысына құзырлы органдар шектеу қоя алмайды.

Ішкі істер министрлігі был­тыр маусым айынан бастап «EgovMobile» мен екінші дең­гейдегі банктердің (Kaspi.kz, Halyk Bank) мобильді қосымшала­рын­­да «Заң және Тәртіп» жаңа сер­вис­ті іске қосты, оның көмегі­мен аза­маттар қоғамдық, жеке қауіп­сіздік, сондай-ақ құқық тәртібі мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерін жолдай алады.

ІІМ жүргізген талдауға сүйен­­сек, 15 мың ойын-сауық орны­ның ­ 193-інің құқық бұзушылық қаупі жоғары. Сол себепті қоғамдық орын­дар мен адам көп жинала­тын жер­лерде, оның ішінде ойын-сауық орындары­ның ма­ңын­да бейнебақылау камера­лары орна­тылған. Осы каме­ра­лардың көме­гімен 9,3 мың қылмыс пен 504,1 мың әкім­шілік құқық бұзушылық анық­талған. Сондай-ақ құқық бұзу­шы­лық қаупі жоғары жерлерде поли­­ция шақыруға арнал­ған дабыл түй­мелері орнатылып жа­тыр, олар бейнекамера, дина­­мик, микрофондармен жаб­дық­талған. Ал қалалардың кри­ми­но­гендік учаскелерінде 209 ста­­ционарлық полиция бекеті орна­­ластырылған. Үкімет басшы­сы­ның мәлімдеуінше, жалпы ал­ғанда, қабыл­данып жатқан шара­лардың нәти­жесінде ойын-сауық орындарын­да жасалған қылмыс­тар саны 12 пайызға (2,2 мыңнан 1,9 мыңға дейін) азайған. 

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқу полигонында сарбазға оқ тиіп, жарақат алды

Әскер • Бүгін, 00:27

40 градус аяз: Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

БҰҰ: 2026 жылы әлемде 186 млн адам жұмыссыз қалады

Әлем • Кеше

Әкесін ұрып өлтірген азаматқа прокурор 6 жыл 2 ай жаза сұрады

Қылмыс • Кеше

Балалар әдебиетіне қатысты панельдік сессия өтті

Әдебиет • Кеше

Қазақстанда биыл шамамен 2,6 ГВт жаңа электр қуат көзі іске қосылады

Үкімет • Кеше

АҚШ 75 елдің азаматына виза беруді тоқтатады

Әлем • Кеше

Атырау мектептерінде ертең сабақ онлайн форматта өтеді

Ауа райы • Кеше

Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты

Білім • Кеше

Қайтарылған қаржы аурухана құрылысына жұмсалды

Қаржы • Кеше

Атыраудағы кешенде бір жылда 375 мың тонна полипропилен шығарылды

Өндіріс • Кеше

Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды

Сауда • Кеше

Арқалық әуежайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

Жұмыс • Кеше

Алматы облысында оқушы өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды

Қылмыс • Кеше

Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 08:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see164

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see155

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see149

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see147

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see146

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see145

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see143

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see141

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see139

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see138

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see137

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see134

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see127

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see119

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see118

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see116

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see115

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see114

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see112

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары